Аян 20:1—15

  • Шайтанның 1000 жылға бұғаулануы (1—3)

  • Мәсіхтің мыңжылдық билігі (4—6)

  • Шайтан босатылып, кейін жойылады (7—10)

  • Өлгендер ақ тақтың алдында сотталады (11—15)

20  Бұдан соң мен қолында тұңғиықтың кілті+ және үлкен шынжыры бар көктен түсіп келе жатқан періштені көрдім.  Ол айдаһарды+ — ежелгі жылан+, яғни Ібіліс+ Шайтанды+ — ұстап алып, 1000 жылға бұғаулап тастады.  1000 жыл өткенше енді қайтып халықтарды алдай алмауы үшін періште оны түпсіз тұңғиыққа+ лақтырып жіберіп, аузын жауып, мөрмен бекітті. Осыдан кейін ол аз уақытқа босатылуы тиіс+.  Мен тақтарды көрдім, оларда отырғандарға соттау билігі берілді. Иса туралы куәлік еткендері және Құдай туралы уағыздағандары үшін өлтірілген жандарды көрдім. Бұлар жыртқыш аңға да, оның мүсініне де табынбады және маңдайлары мен қолдарына оның белгісін қабылдамады+. Олар тіріліп, Мәсіхпен бірге 1000 жыл патшалық етті+.  (Өлгендердің қалғандары+ 1000 жыл өтпейінше тірілген жоқ.) Бұл — алғашқы қайта тірілу+.  Алғашқы қайта тірілуге қатысқандар бақытты+ әрі қасиетті. Оларға екінші өлімнің+ билігі жүрмейді+, қайта, Құдай мен Мәсіхтің діни қызметкерлері болып+, Мәсіхпен бірге 1000 жыл бойы патшалық етеді+.  Ал Шайтан 1000 жыл өте сала, түрмеден босатылды.  Содан жердің төрт бұрышындағы халықтарды, яғни Гог пен Магогты, адастырып, соғысқа жинап әкелуге шықты. Олардың саны теңіз құмының қиыршығындай көп.  Олар күллі жержүзінен шығып, қасиеттілердің қосын және Құдайдың сүйікті қаласын қоршап алды. Бірақ көктен от түсіп, оларды жалмап қойды+. 10  Ал оларды адастырған Ібіліс өзінен бұрын жыртқыш аң+ мен жалған пайғамбар тасталған от пен күкірт жанып жатқан көлге лақтырылды+. Олар сол жерде мәңгілік бойы азап шегетін* болады. 11  Сонан соң мен үлкен ақ тақты және оның үстінде отырғанды көрдім+. Жер мен аспан оның алдынан қашып кетті де+, бұдан былай оларға орын табылмады. 12  Сондай-ақ тақ алдында өлген адамдардың — ұлығы бар, кішігі бар — тұрғанын көрдім. Шиыршықтар ашылды. Сосын тағы бір шиыршық ашылды, бұл — өмір шиыршығы+. Сол шиыршықтарда жазылғандарға сай, өлгендер істеріне қарай сотталды+. 13  Сонда теңіз өзіндегі өлілерді берді, өлім мен көр* де өздеріндегі өлілерді берді, сөйтіп, олардың әрқайсысы істеріне қарай сотталды+. 14  Мұнан кейін өлім мен көр* отты көлге тасталды+. Отты көл екінші өлімді+ білдіреді+. 15  Кім өмір кітабына жазылмаған болса+, ол да отты көлге тасталды+.

Сілтемелер

Немесе “шектелетін, тұтқындалатын”.
Грекше “гадес”. Түсіндірмені қараңыз.
Грекше “гадес”. Түсіндірмені қараңыз.