Аян 21:1—27

  • Жаңа аспан мен жаңа жер (1—8)

    • Енді қайтып өлім болмайды (4)

    • “Бәрін де жаңадан жаратып жатырмын” (5)

  • Жаңа Иерусалимнің сипаттамасы (9—27)

21  Мен жаңа аспан мен жаңа жерді+ көрдім, себебі бұрынғы аспан мен бұрынғы жер құрып кетіп+, теңіз+ де жоқ болды.  Көктен, яғни Құдайдан, түсіп келе жатқан, күйеуіне арнап сәнденген қалыңдықтай даярланған+ киелі қаланы, жаңа Иерусалимді+ де көрдім.  Сонан соң көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: “Міне, Құдайдың тұрағы* адамдар арасында! Ол солармен бірге тұрып, олар оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың өзі солармен бірге болады+.  Сонда Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды+, енді қайтып өлім+, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды+. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды”.  Тақта отырған+: “Міне, бәрін де жаңадан жаратып жатырмын”+,— деді. Артынан: “Жазып қой, өйткені бұл сөздер сенуге тұрарлық әрі шынайы”,— деп қосты.  Сосын маған былай деді: “Бұлар орындалды! Мен Альфа және Омегамын*, басы және аяғы менмін+. Шөлдеген әркімге өмір бұлағынан суды тегін беремін+.  Кім жеңіп шықса, сол осыларды мұра етеді, әрі мен оның Құдайы, ал ол менің ұлым болады.  Қорқақтар мен сенімі жоқтардың+, арам да жеркенішті істермен айналысатындардың, кісі өлтірушілердің+, азғындар*+ мен бақсы-балгерлікпен* айналысатындардың, пұтқа табынушылар мен барлық өтірікшілердің+ үлесі от пен күкірт жанып жатқан көл болмақ+. Бұл екінші өлімді білдіреді+”.  Бұдан кейін соңғы жеті апатқа толы жеті тостаған ұстаған жеті періштенің біреуі+ келіп, маған: “Жүр, мен саған қалыңдықты, Тоқтының болашақ әйелін+, көрсетейін”,— деді. 10  Сосын киелі рух арқылы мені үлкен әрі биік тауға апарып, көктен, яғни Құдайдан, түсіп келе жатқан киелі қала Иерусалимді көрсетті+. 11  Ол Құдайдың даңқына бөленіпті+. Оның нұры аса құнды асыл тасқа, мөлдір кристалл іспетті жалтыраған яшма тасына ұқсас екен+. 12  Еңселі әрі биік қабырғасында 12 қақпа бар екен, ал қақпалардың алдында 12 періште тұрды. Сондай-ақ қақпаларға Исраил ұлдарының 12 руының аттары жазылыпты. 13  Шығысында үш қақпа, солтүстігінде үш қақпа, оңтүстігінде үш қақпа және батысында үш қақпа бар екен+. 14  Қала қабырғасының 12 іргетасы бар, әрі оларға Тоқтының 12 елшісінің 12 есімі+ жазылыпты. 15  Маған тіл қатқан періште қаланы, оның қақпалары мен қабырғасын өлшеу үшін қолына алтын қамыс ұстап тұр екен+. 16  Қала ұзындығы мен ені бірдей төрт бұрышты етіп салыныпты. Періште таяғымен қаланы өлшегенде, барлық жағы шамамен 2220 шақырым* болды. Оның ұзындығы, ені мен биіктігі бірдей еді. 17  Періште қабырғаны да өлшеп шықты, ол 64 метрдей* екен. Ол адамдар да, періштелер де қолданатын өлшемді қолданды. 18  Қабырға яшмадан+, қаланың өзі таза шыныға ұқсас саф алтыннан екен. 19  Қабырғаның іргетасы сан алуан тастармен безендіріліпті: біріншісі яшмамен, екіншісі жақұтпен, үшіншісі ақықпен, төртіншісі зүбәржатпен, 20  бесіншісі сардоникспен, алтыншысы сердоликпен, жетіншісі хризолитпен, сегізіншісі берилмен, тоғызыншысы топазбен, оныншысы хризопразбен, он біріншісі гиацинтпен, он екіншісі аметиспен. 21  12 қақпасы — 12 меруерт. Әр қақпа бір меруерттен жасалған. Қаланың басты көшесі мөлдір шыныдай саф алтыннан салынған екен. 22  Қаладан ғибадатхананы көрмедім. Себебі оның ғибадатханасы — Құдіреті шексіз+ Ехоба Құдай және Тоқты. 23  Қалаға жарық түсіру үшін күн мен айдың да қажеті жоқ, өйткені Құдайдың даңқты нұры оны жарқыратып тұрды+, ал Тоқты — оның шырағы+. 24  Халықтар оның жарығында жүріп+, жер бетінің патшалары қалаға өз даңқын әкелетін болады. 25  Қала қақпалары күн ұзаққа жабылмайды, онда ешқашан түн болмайды+. 26  Патшалар халықтардың даңқы мен сый-құрметін сонда әкеледі+. 27  Ал ешқандай арамдалған нәрсе, сондай-ақ жеркенішті де қулық-сұмдық істер жасайтын ешкім қалаға кірмейді+. Оған тек Тоқтының өмір кітабына жазылғандар ғана кіреді+.

Сілтемелер

Немесе “шатыры”.
Бұлар грек әліпбиінің бірінші және соңғы әріптері. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “спиритизм”. Түсіндірмені қараңыз.
Түсіндірмедегі “Азғындық” сөзін қараңыз.
Сөзбе-сөз “12 000 стадий”. 1 стадий 185 м-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Сөзбе-сөз “144 шынтақ”. Ә14 қосымшасын қараңыз.