Аян 8:1—13
8 Тоқты+ жетінші мөрді ашқанда+, көкте жарты сағаттай тыныштық орнады.
2 Сосын Құдай алдында тұрған жеті періштені көрдім+, оларға жеті керней берілді.
3 Бұдан кейін қолында хош иісті зат түтететін алтын табасы бар басқа бір періште құрбандық үстелінің+ қасына келіп тұрды. Оған қасиеттілердің дұғалары естілгенде тақ алдындағы алтын құрбандық үстелінде+ түтету үшін көп хош иісті зат+ берілді.
4 Хош иісті заттардың түтіні періштенің қолынан қасиеттілердің дұғаларымен+ бірге Құдайға көтерілді.
5 Кейін періште хош иісті зат түтететін табаға дереу құрбандық үстеліндегі оттан толтырып салды да, отты жерге лақтырып жіберді. Сонда күн күркіреп, дауыстар шығып, найзағай ойнады+ және жер сілкінісі болды.
6 Сол кезде жеті керней ұстаған жеті періште+ кернейлетуге даярланды.
7 Бірінші періште кернейлеткенде, қан аралас бұршақ пен от пайда болып, жерге жауды+. Жер беті мен ағаштардың үштен бір бөлігі және жасыл өсімдіктің бәрі жанып кетті+.
8 Екінші періште кернейлеткенде, жалындап жатқан зәулім таудай бір нәрсе теңізге+ лақтырылды. Теңіздің үштен бірі қанға айналып+,
9 ондағы бойында жаны бар тіршілік иелерінің үштен бірі қырылып қалды+, кемелердің де үштен бірі апатқа ұшырады.
10 Үшінші періште кернейлеткенде, көктен шырақ іспетті жарқыраған бір үлкен жұлдыз ағып түсті, ол өзендердің үштен бір бөлігіне және су көздеріне құлады+.
11 Бұл жұлдыздың аты — Жусан. Сонда судың үштен бір бөлігі жусандай ащы болып кетіп+, одан ішкен көп адам өліп қалды.
12 Төртінші періште кернейлеткенде, күннің+, айдың және жұлдыздардың үштен бір бөлігі зақымдалды. Бұл олардың үштен бір бөлігін қараңғылық басып+, күннің және түннің үштен бір бөлігі жарықсыз қалу үшін жасалды.
13 Сонда мен әуеде ұшып жүрген бүркітті көрдім және оның қатты дауыстап: “Қалған үш періште тартқалы жатқан кернейлердің+ үнінен жер бетіндегілер қасіретке, қасіретке, қасіретке қалады+!”— дегенін естідім.