Билер 1:1—36

  • Яһуда мен Шимонның жеңістері (1—20)

  • Ебустіктердің Иерусалимде қалып қоюы (21)

  • Жүсіптің Бетелді басып алуы (22—26)

  • Қанахандықтардың түгел қуылмауы (27—36)

1  Ешуа қайтыс болған соң+, исраилдіктер Ехобадан*: “Қанахандықтармен соғысуға бірінші болып кім барсын?”— деп сұрады+.  Ехоба: “Яһуда барсын+. Мен оны жеңіске жеткіземін”,— деп жауап берді.  Сонда Яһуда бауыры Шимонға былай деді: “Үлесіме тиген жерді+ жаулап алу үшін қанахандықтармен соғысуға көмектесші, кейін мен де саған үлесіңе тиген жерді жаулап алуға көмектесемін”. Шимон бұған келісті.  Сөйтіп, Яһуда соғысқа аттанды. Ехоба қанахандықтар мен перездіктерді оның аяғына жығып беріп+, олар Безекте 10 000 адамды қырып салды.  Сол жерде олар Адони-Безекпен ұшырасты да, онымен шайқасып, қанахандықтар+ мен перездіктерді+ тас-талқан етіп жеңді.  Адони-Безек қаша жөнелгенде, исраилдіктер оның соңына түсіп, ұстап алды. Олар оның қол-аяғының бас бармақтарын кесіп тастады.  Сонда ол: “Қол-аяқтарының бас бармақтары кесілген 70 патша менің дастарқанымнан түскен нанды теріп жеп жүретін еді. Соларға істегенімді Құдай енді өз басыма келтірді”,— деді. Олар Адони-Безекті Иерусалимге+ әкеліп, ол сол жерде өлді.  Яһудалықтар Иерусалимге аттанып+, оны жаулап алды да, ондағыларды семсермен қырып салып, қаланы өртеп жіберді.  Бұдан кейін олар таулы өңірде және Негев пен Шефелада тұратын қанахандықтармен шайқасты+. 10  Осылай Яһуда Хебронда (Хеброн бұрын Кирият-Арба деп аталатын) тұратын қанахандықтармен соғысқанда, Шешайды, Ахиман мен Талмайды өлтірді+. 11  Сол жерден олар Дебирге (Дебир бұрын Кирият-Сефер деп аталатын+) қарай аттанғанда+, 12  Халеп+: “Кімде-кім Кирият-Сеферді басып алса, мен оған қызым Ахсаны әйелдікке беремін”,— деді+. 13  Сонда Халептің інісі Кеназдың+ ұлы Отниел+ қаланы басып алды. Халеп болса оған қызын берді. 14  Ахса қайын жұртына кетіп бара жатқанда, күйеуін қайын атасы Халептен танап сұрауға көндірді. Ахса есегінен түскенде*, әкесі одан: “Не қалайсың?”— деп сұрады. 15  Ол: “Батаңызды бере көріңіз. Сіз маған оңтүстіктен жер* берген едіңіз, енді Ғылот-Маимді* де берсеңіз екен”,— деді. Әкесі оған Жоғарғы Ғылот пен Төменгі Ғылотты берді. 16  Мұсаның кендік+ қайын атасының+ ұрпақтары яһудалықтармен бірге пальма ағаштары өсетін қаладан+ шығып, Араттың+ оңтүстігіндегі Яһуда шөліне келді. Олар сол жердегі халықтың арасына қоныс тепті+. 17  Бірақ Яһуда мен бауыры Шимон Сепатта тұратын қанахандықтарға қарсы аттанып, оларды тас-талқан етті де, қаланы жойып жіберді+. Сондықтан бұл қаланы Хорма*+ деп атады. 18  Бұдан кейін яһуда руы Газа+, Ашкелон+, Екрон+ қалаларын айналасындағы жерлерімен қоса жаулап алды. 19  Ехоба Яһудаға жар болып, ол таулы өңірді иемденді. Бірақ жазықта тұратындардың жерін тартып ала алмады, себебі олардың орақты соғыс арбалары бар еді+. 20  Халеп Мұсаның уәдесіне сай+, Хебронды алып, сол жерден Енактың үш ұлын қуып жіберді+. 21  Бенияминдіктер болса Иерусалимде тұратын ебустіктерді қуып жібере алмады. Олар әлі де бенияминдіктермен бірге Иерусалимде өмір сүруде+. 22  Сол уақытта Жүсіптің ұрпақтары+ Бетелге қарсы соғысқа шықты. Ехоба оларға жар болды+. 23  Олар Бетелді (бұл қала бұрын Лұз деп аталатын+) сырттай бақылай бастады. 24  Тыңшылар қаладан шығып келе жатқан бір кісіні көріп, оған: “Қалаға қалай кіруге болатынын көрсетші, сонда саған мейірім* танытамыз”,— деді. 25  Ол Жүсіптің ұрпақтарына кіретін жолды көрсетті. Содан олар қаладағылардың бәрін семсермен қырып салды, ал әлгі кісіні бүкіл отбасымен бірге босатып жіберді+. 26  Ол хеттіктердің жеріне барып, сонда қала соғып, оны Лұз деп атады. Қала әлі күнге дейін осылай аталады. 27  Ал Манаса Бет-Шеған мен Танақты+ және олардың қарамағындағы қалашықтарды, сондай-ақ Дор, Иблеғам, Мегиддо тұрғындарын және олардың қарамағындағы қалашықтарды жаулап ала алмады+. Қанахандықтар осы жерлерде тұра берді. 28  Исраил күшейіп алғанда, қанахандықтарды өздеріне басыбайлы қызметші етті+. Бірақ оларды түгелімен қуып шыға алмады+. 29  Ефрем де Гезерде тұратын қанахандықтарды қуып шыға алмады. Олар ефремдіктердің арасында өмір сүре берді+. 30  Забулон да Китрон мен Нахалолдың+ тұрғындарын қуып шықпады. Қанахандықтар олардың арасында өмір сүріп, басыбайлы қызметшілерге айналды+. 31  Ашир де Аққо, Сидон+, Ақлаб, Ақзип+, Хелба, Афик+ және Рехоб+ тұрғындарын қуып шыққан жоқ. 32  Сөйтіп, аширліктер сол жердегі қанахандықтардың арасында өмір сүре берді, өйткені оларды қуып шықпады. 33  Нафталим де Бет-Шамиш пен Бет-Анат+ тұрғындарын қуып шықпағандықтан, қанахандықтардың арасында өмір сүре берді+. Бет-Шамиш пен Бет-Анат тұрғындары олардың басыбайлы қызметшісіне айналды. 34  Ал дандықтарды аморлықтар таулы өңірге қарай ығыстырып, жазыққа түсірмеді+. 35  Өздері болса Харкерес тауында, Аялонда+ және Шағалбимде+ өмір сүре берді. Алайда Жүсіптің ұрпақтары күшейіп алған соң, оларды ауыр жұмысқа салып қойды. 36  Аморлықтардың жері Акраб асуынан+, Селадан жоғары қарай созылып жатты.

Сілтемелер

Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Мүмкін: “есегінде отырып шапалақ қаққанда”.
Немесе “Негевті”.
Мағынасы “су айдыны”.
Мағынасы “жойылған жер”.
Сөзбе-сөз “айнымас сүйіспеншілік”.