Билер 10:1—18

  • Тола би мен Жайыр би (1—5)

  • Исраилдің жолдан таюы мен өкінуі (6—16)

  • Аммондықтардың Исраилге қауіп төндіруі (17, 18)

10  Әбумәліктен кейін Исраилді құтқару үшін исахар руынан Ефрем таулы өңіріндегі Шамирде тұратын Тола шықты+. Ол Пуаның ұлы, Додоның немересі еді.  Тола 23 жыл Исраилдің биі болған соң дүние салып, сүйегі Шамирге қойылды.  Одан кейін ғалақаттық Жайыр шығып, Исраилде 22 жыл би болды.  Оның 30 есекке мініп жүретін 30 ұлы болатын. Олардың Ғалақатта 30 қаласы бар еді. Бұл қалалар әлі күнге дейін Хауот-Жайыр+ деп аталады.  Жайыр қайтыс болып, денесі Камонда жерленді.  Исраилдіктер қайтадан Ехобаға ұнамсыз істер жасап+, Бағалдарға+, Аштар мүсіндеріне, сондай-ақ Арам*, Сидон, Моаб құдайларына+ және аммондықтар+ мен філістірлердің құдайларына+ табына бастады. Олар Ехобадан безіп, оған қызмет етпейтін болды.  Бұған Ехобаның қаһары лаулап, исраилдіктерді філістірлер мен аммондықтардың қолына берді+.  Олар сол жылы исраилдіктерді езіп-жаншып, қатты қанады. Осылай Иорданның арғы бетінде, Ғалақаттағы аморлықтардың жерінде, тұратын исраилдіктердің бәрі 18 жыл бойы солардың езгісінде болды.  Аммондықтар Иорданнан өтіп, тіпті яһуда, бениямин, ефрем руларымен де соғысуға келетін. Исраилдің басына өте ауыр күндер туды. 10  Сонда олар Ехобадан көмек сұрап+: “Құдайымыз, біз саған қарсы күнә жасадық, өйткені сенен безіп, Бағалдарға қызмет еттік+”,— деді. 11  Бірақ Ехоба исраилдіктерге былай деді: “Сендер мысырлықтар+, аморлықтар+, аммондықтар, філістірлер+, 12  сидондықтар, амалектіктер мен мадияндықтардың қысымына түсіп, жалбарынған сайын мен сендерді құтқарып отырмап па едім? 13  Сендер болсаңдар менен безіп, басқа құдайларға табынып кеттіңдер+. Сондықтан енді мен сендерді құтқармаймын+. 14  Барып, өздерің таңдаған құдайларыңа жалбарынып көмек сұраңдар+. Бастарыңа күн туғанда, сендерді солар құтқарсын+”. 15  Бірақ исраилдіктер Ехобадан: “Біз күнәға баттық. Енді бізге не істесең де, өз еркің. Тек бүгін бізді құтқара көр”,— деп өтінді. 16  Олар бөтен құдайлардан арылып, Ехобаға қызмет ететін болды+. Сонда Исраилдің қиналып жатқанына оның жаны шыдап тұра алмады+. 17  Біраз уақыттан соң аммондықтар+ жиналып, Ғалақатта қос тікті. Исраилдіктер де бас қосып, Миспада қос тікті. 18  Ғалақат халқы мен бекзадалары: “Аммондықтармен соғысуға жұртты кім бастап алып барса+, сол адам бүкіл Ғалақат тұрғындарының басы болсын”,— десті.

Сілтемелер

Немесе “Сирия”.