Билер 11:1—40

  • Ефта бидің жұртынан қуылып, кейіннен басшы болуы (1—11)

  • Ефтаның Аммон патшасымен келіссөздер жүргізуі (12—28)

  • Ефтаның анты және оның қызы (29—40)

    • Қызының салтбасты күйі қалуы (38—40)

11  Ғалақаттық Ефта+ жаужүрек адам болатын. Оның шешесі жезөкше әйел, ал әкесі Ғалақат еді.  Бірақ Ғалақаттың өз әйелі де оған бірнеше ұл туып берді. Олар ержеткенде Ефтаға: “Сен басқа әйелдің баласысың, сондықтан әкеміздің үйінен мұра алмайсың”,— деп, оны қуып жіберді.  Сондықтан ол бауырларынан қашып, Тоб жеріне барып қоныс тепті. Оның қасына еріккен адамдар жиналып, олар жаудың жеріне шапқыншылық жасап жүрді.  Біраз уақыт өткенде аммондықтар исраилдіктерге қарсы соғыс бастады+.  Аммондықтар жорыққа аттанғанда, Ғалақат ақсақалдары Ефтаны қайтару үшін дереу Тоб жеріне келді.  Олар Ефтаға: “Бізбен жүріп, қолбасшымыз бол, аммондықтармен шайқасайық”,— деді.  Бірақ ол Ғалақат ақсақалдарына: “Мені жек көріп, әкемнің үйінен қуып жіберген өздерің емес пе едіңдер+? Бастарыңа күн туғанда, неменеге маған келдіңдер?”— деді.  Олардың жауабы мынау болды: “Бұның рас, бірақ қазір бізбен бірге барып, аммондықтармен шайқассаң, күллі Ғалақат тұрғындарының басшысы боласың+”.  Сонда Ефта: “Аммондықтармен шайқасу үшін мені қайтарсаңдар, әрі Ехоба оларды аяғыма жығып берсе, мен басшыларың боламын!”— деді. 10  Ғалақат ақсақалдары: “Айтқаныңды орындамасақ, куәміз бен төрешіміз Ехоба болсын”,— деп жауап берді. 11  Содан Ефта Ғалақат ақсақалдарына еріп барды да, жұрт оны өздеріне басшы әрі қолбасшы етіп қойды. Ефта болса әлгі сөздерінің бәрін Миспада+ Ехобаның алдында қайталады. 12  Сосын ол аммондықтардың+ патшасына хабаршылар жіберіп: “Жеріме баса-көктеп кіріп, соғысатындай менде нең бар?”— деді. 13  Аммондықтардың патшасы оның хабаршыларына: “Мысырдан шыққан соң, исраилдіктер менің Арноннан+ Ябок пен Иорданға дейінгі+ жерімді тартып алған+. Соны тыныштықпен өзіме қайтар”,— дегенді айтты. 14  Бірақ Ефта тағы да хабаршыларын жіберіп, 15  мынаны айтқызды: “Ефта мынаны айт деп жіберді: —Исраилдіктер моабтықтардың да, аммондықтардың да жерін тартып алған емес+. 16  Олар Мысырдан шыққан соң, Қызыл теңізге дейін шөл даланы кезіп жүрді де+, Қадешке келді+. 17  Бұдан кейін Едом+ патшасына хабаршылар жіберіп: “Сіздің жеріңіз арқылы өтейікші”,— деп өтінді, бірақ ол бұған құлақ аспады. Моаб+ патшасына да хабаршылар жіберген еді, ол да келіспеді, сондықтан олар Қадеште+ тұрақтап қалды. 18  Сосын шөл арқылы Едом+ мен Моаб жерін айналып өтті. Олар Моабтың шығысына қарай беттеді де+, Арнон аймағына келіп, сонда қос тікті. Олар Моаб жеріне аяқ баспады, өйткені Арнон Моабтың шегарасы болатын+. 19  Бұдан кейін исраилдіктер Хешбонда билік еткен аморлықтардың патшасы Сихонға хабаршылар жіберіп: “Өз жерімізге жету үшін, сіздің жеріңіз арқылы өтуге рұқсат етіңізші”,— деп өтінді+. 20  Сихон оларға сенбегендіктен жерінен өткізбеді. Қайта, күллі халқын жинап, Яхаста қос тікті де, олармен соғысты+. 21  Сонда Исраилдің Құдайы Ехоба Сихон мен оның күллі халқын исраилдіктердің аяғына жығып берді. Олар жауларын қырып салып, аморлықтар тұратын сол жерді түгел жаулап алды+. 22  Осылайша Арноннан Ябокке, сондай-ақ шөл даладан Иорданға дейінгі аморлықтардың күллі жерін иеленді+. 23  Исраилдің Құдайы Ехобаның өзі аморлықтарды халқының алдында қуып тастады+, енді сол исраилдіктерді сен қуып тастамақсың ба? 24  Сен құдайың Хамос+ кімнің жерін берсе, сол жерді иемденесің ғой. Біз де Құдайымыз Ехоба кімнің жерін берсе, сол жерді иемденеміз+. 25  Моаб патшасы Сипор ұлы Балақтан+ сенің қай жерің артық?! Ол Исраилмен таласқан да, соғысқан да жоқ еді. 26  Исраил 300 жыл бойы Хешбон мен Арогерді және олардың қарамағындағы қалаларды+, сондай-ақ Арнонның жағалауындағы қалалардың бәрін мекен етті. Сол кезде осы жерлерді неге тартып алмадың+? 27  Мен саған қарсы еш күнә жасаған жоқпын. Маған соғыс ашқаның дұрыс емес. Ехоба — Төреші+, исраилдіктер мен аммондықтарға бүгін оның өзі төрелік етсін”. 28  Аммондықтардың патшасы Ефта айтып жіберген сөздерге құлақ аспады. 29  Сонда Ефтаға Ехобаның рухы қонып+, ол Ғалақат пен Манаса жері арқылы өтіп, Ғалақаттағы Миспаға келді+. Сол жерден аммондықтарға қарай аттанды. 30  Сосын ол Ехобаға былай деп ант берді+: “Егер аммондықтарды аяғыма жығып берсең, 31  үйіме жеңіспен оралғанымда, мені қарсы алу үшін есігімнен бірінші болып кім шықса, сол Ехобанікі болмақ+. Соны түгел өртелетін құрбандық ретінде беремін+”. 32  Сонымен, Ефта аммондықтармен соғысты, ал Ехоба оларды аяғына жығып берді. 33  Ефта аммондықтарды Арогерден Миннитке дейін жамсатып, 20 қаласын басып алды. Содан оларды Әбел-Керамимге дейін қырып, өте көп адам жер құшты. Осылай аммондықтар исраилдіктерге бағынышты болды. 34  Ақырында Ефта Миспадағы+ үйіне келгенде, алдынан даңғыра қағып, би билеп қызы шықты! Ол Ефтаның жалғыз перзенті еді: одан басқа ұлы да, қызы да жоқ болатын. 35  Мұны көргенде, Ефта киімінің өңірін жыртып: “Әттеген-ай, қызым! Жүрегімді жараладың-ау! Мен үйден аластататын адам сен болдың ғой! Ехобаға берген антым бар еді, енді сөзімді қайтып ала алмаймын+”,— деді. 36  Бірақ қызы оған: “Әке, Ехобаға берген антыңыз болса, сөзіңізден таймаңыз+. Өйткені Ехоба сіз үшін жауыңыз аммондықтардан өш алды ғой”,— деп жауап берді. 37  Сосын былай деп сөзін жалғады: “Сізден сұранарым — мені екі айға құрбыларыммен тауға жіберсеңіз екен. Пәк күйімде қалатыным үшін*, құрбыларыммен бірге сол жерге барып жылайын”. 38  Әкесі: “Бара ғой,”— деп, оны екі айға жіберді. Содан ол құрбыларымен тауға барып, пәк күйінде қалатыны үшін сол жерде жылады. 39  Екі айдан кейін үйіне оралғанда, әкесі қызы жайлы берген антын орындады+. Сөйтіп, ол ешқашан еркекпен жақындасқан жоқ. Ал Исраил елінде мынадай дәстүр қалыптасты: 40  жыл сайын Исраил қыздары ғалақаттық Ефтаның қызын мақтауға барып, жылына төрт күн оның қасында болатын.

Сілтемелер

Немесе “Ешқашан тұрмыс құрмайтыным үшін”.