Билер 14:1—20

  • Самсон бидің філістірлер арасынан өзіне әйел іздеуі (1—4)

  • Самсонның Ехобаның рухымен арыстанды өлтіруі (5—9)

  • Самсонның үйлену тойында жұмбақ жасыруы (10—19)

  • Самсонның әйелі басқа кісіге ұзатылды (20)

14  Самсон Тимнаға барып, сонда бір філістір қызды көрді.  Ол әке-шешесіне келіп: “Тимнада бір філістір қызға көзім түсті. Соны маған әйелдікке алып беріңіздер”,— деді.  Бірақ олар: “Сүндеттелмеген філістірлердің қызын алатындай, туыстарымыз бен бүкіл халқымыздың арасынан қыз табылмай қалды ма+?”— деп жауап берді. Самсон болса: “Ол маған ұнап қалды, сол қызды алып беріңіздер”,— деді.  Әке-шешесі бұның Ехобаның басшылығымен болып жатқанын түсінбеді. Өйткені Самсон Исраилді билеп-төстеп отырған філістірлерден өш алудың амалын іздеп жүрген еді+.  Содан Самсон әке-шешесін ертіп, Тимнаға бет алды. Тимнадағы жүзімдіктерге жеткенде, оның алдынан бір арыстан ақырып шыға келді.  Сонда Самсонға Ехобаның рухы қонып+, арыстанды лақ құрлы көрмей, жалаң қолымен екіге бөліп тастады. Бірақ бұны әкесіне де, шешесіне де айтпады.  Сосын әлгі қызға барып, онымен сөйлесті. Қыз оған әлі де ұнайтын+.  Біраз уақыт өткен соң Самсон қызды үйіне әкелмек болып+ жолға шықты. Жол-жөнекей өзі өлтірген арыстанның өлексесін көруге бұрылды. Келіп қараса, онда аралар ұя салып, бал жиналып қалыпты.  Самсон балды қолымен көсіп алып, жолшыбай жеп кете берді. Әке-шешесіне қайта келген соң, балдан оларға да берді. Бірақ оны арыстанның қаңқасына салынған ара ұясынан алғанын айтпады. 10  Содан кейін әкесі екеуі қыздың үйіне барып, сол жерде той жасады, әдетте күйеужігіттер солай ететін. 11  Самсонды көргенде, жұрт оған қасында жүретін 30 күйеужолдас таңдап берді. 12  Самсон оларға былай деді: “Сендерге бір жұмбақ жасырайын, егер той өтіп жатқан жеті күн ішінде жауабын тапсаңдар, мен сендерге 30 бәтес көйлек пен 30 ауысым киім беремін. 13  Ал таппасаңдар, сендер маған 30 бәтес көйлек пен 30 ауысым киім бересіңдер”. Бұған олар: “Жұмбағыңды айт, тыңдап көрейік”,— деді. 14  Самсон оларға мынаны айтты: “Жегіштен жейтін нәрсе,Күштіден тәтті нәрсе шықты+”. Олар жұмбақтың жауабын үш күн бойы таба алмады. 15  Төртінші күні олар Самсонның әйеліне: “Күйеуіңді алдап+, жұмбақтың жауабын біліп бер. Әйтпесе өзіңді де, әкеңнің үйін де өртеп жібереміз. Сендер, немене, мұнда бізді тонау үшін шақырдыңдар ма?”— деді. 16  Сонда әйелі Самсонға: “Сен мені жек көресің, мүлдем сүймейсің+. Халқыма жасырған жұмбағыңның жауабын маған айтпадың”,— деп жылай бастады. Самсон: “Туған әке-шешеме айтпағанды саған айтуым керек пе?”— деді. 17  Сөйтсе де әйел жеті күндік тойдың қалған күндері жылаумен болды. Әбден мезі қылған соң, Самсон оған жетінші күні жұмбақтың жауабын айтты. Ал ол бұны халқына жеткізді+. 18  Жетінші күні күн ұясына кірмей тұрғанда*, қаланың адамдары Самсонға: “Балдан тәтті,Арыстаннан күшті не бар дейсің+?!”— деді. Самсон болса мынаны айтты: “Менің қашарыммен жер жыртпағандарыңда+,Жұмбағымның жауабын таппас едіңдер!” 19  Содан Самсонға Ехобаның рухы қонды+. Ол Ашкелонға+ барып, сол жерде 30 адамды өлтірді де, киімдерін шешіп алып, жұмбақтың жауабын тапқандарға әкеліп берді+. Өзі болса ашуланған күйі әкесінің үйіне кетіп қалды. 20  Ал әйелі+ Самсонның қасында болған күйеужолдастардың біріне берілді+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Жетінші күні Самсон түпкі бөлмеге кірмей тұрғанда”.