Билер 17:1—13

  • Миханың пұттары және діни қызметкері (1—13)

17  Ефремнің таулы өңірінде+ Миха деген кісі тұратын.  Бірде ол анасына келіп: “Есіңізде ме, 1100 күміс ақшаңыз ұрланып, сіз ұрыны қарғаған едіңіз ғой? Сол ақша менде, оны мен алған едім”,— деді. Анасы мұны естігенде: “Ұлымды Ехоба жарылқасын”,— деді.  Миха 1100 күміс ақшаны анасына қайтарды. Бірақ анасы мынаны айтты: “Мен бұны баламның игілігі үшін Ехобаға бағыштап, пұт және темір мүсін жасатамын+. Осылай оны өзіңе қайтарамын”.  Содан анасы Миха қайтарған ақшаның 200 күміс ақшасын алып, зергерге апарды. Зергер болса пұт және темір мүсін жасап берді. Сосын олар Миханың үйіне қойылды.  Миханың құдайларға арнаған үйі бар еді. Ол өзіне ефод+ және терафим мүсіндерін*+ жасап алды да, ұлдарының бірін өзіне діни қызметкер етіп тағайындады+.  Сол заманда Исраилде әлі патша жоқ еді+. Әркім өзі дұрыс деп есептегенді істейтін+.  Яһуда жеріндегі Бетлехемде+ бір леуілік+ жігіт бар еді. Ол Яһуда әулетінің арасында тұрып жатты.  Әлгі жігіт тұратын басқа жер іздеп, Яһудадағы Бетлехемнен жолға шықты. Ефремнің таулы өңіріне жеткенде, Миханың үйіне тап болды+.  Миха одан: “Қайдан келесің?”— деп сұрағанда, ол: “Мен леуілікпін. Тұратын жер іздеп, Яһудадағы Бетлехемнен келе жатырмын”,— деді. 10  Сонда Миха оған: “Менімен бірге тұрып, маған әке* әрі діни қызметкер бол. Мен саған жылына он күміс ақша, киер киім мен ішер ас беремін”,— деп ұсынды. Ол бұған келісті. 11  Осылайша әлгі жігіт Миханың үйінде қалып, балаларының біріндей болып кетті. 12  Миха леуілік жігітті өзіне діни қызметкер етіп тағайындады да+, жігіт соның үйінде тұрып жатты. 13  Миха: “Енді маған Ехоба жар болады, өйткені леуілік менің діни қызметкерім болды”,— деді.

Сілтемелер

Немесе “отбасы тәңірлері; пұттар”.
Немесе “кеңесші”.