Билер 2:1—23
2 Бұдан кейін Ехобаның періштесі+ Ғылғалдан+ Бохимге келіп, былай деді: “Мен сендерді Мысырдан алып шығып, ата-бабаларыңа беремін деп ант еткен жерге әкелдім+. Оның үстіне, мен: —Сендермен жасасқан келісімімді ешқашан бұзбаймын+.
2 Ал сендер осы жердің тұрғындарымен келісім жасаспаңдар+. Олардың құрбандық орындарын бұзып тастаңдар+,— деген едім. Бірақ сендер сөздеріме құлақ аспадыңдар+. Неге бұлай еттіңдер?
3 Сондықтан мен: —Бұл халықтарды араларыңнан аластатпаймын+. Олардың өздері сендер үшін тор+, ал құдайлары тұзақ болады,— дедім+”.
4 Ехобаның періштесі осы сөздерді айтқанда, күллі исраилдіктер айқайлап жылай бастады.
5 Сондықтан сол жерді Бохим* деп атады. Сөйтіп, сол жерде Ехобаға арнап құрбандық шалды.
6 Ешуа халықты таратқан соң, өз үлесіне тиген жерді иемдену үшін исраилдіктердің әрқайсысы мұралы иелігіне кетті+.
7 Жұрт Ешуаның, сондай-ақ одан ұзағырақ жасаған әрі Ехобаның Исраилдің игілігі үшін істеген барлық ұлы істерін көрген ақсақалдардың көзі тірісінде Ехобаға қызмет етіп жүрді+.
8 Ехобаның қызметшісі Нұн ұлы Ешуа 110 жасқа келіп қайтыс болды+.
9 Оның сүйегі Гағаш тауының солтүстігіндегі Ефремнің таулы өңірінде орналасқан Тимнат-Хереске*+, өзінің мұралы иелігіне қойылды+.
10 Сондай-ақ оның замандастарының бәрі дүние салды, ал олардың орнына Ехобаны да, оның Исраилге жасаған істерін де білмейтін ұрпақ келді.
11 Содан исраилдіктер Ехобаға ұнамсыз істер жасап, Бағалдарға табынатын болды+.
12 Олар әкелерін Мысырдан алып шыққан Құдайлары Ехобадан бас тартып+, бөтен құдайлардың, айналасындағы халықтардың құдайларының, жетегінде кетті+ және соларға табынып, Ехобаның жүрегін ауыртты+.
13 Осылайша Ехобадан бас тартып, Бағал мен Аштар мүсіндеріне қызмет ететін болды+.
14 Сондықтан исраилдіктерге Ехобаның қаһары лаулап, оларды талан-тараж ететін тонаушылардың қолына берді+. Құдай өз халқын айналасындағы жауларының қолына берді+, сөйтіп, олар бұдан былай жауларына қарсы тұра алмайтын болды+.
15 Қайда барса да, Ехоба оларға қарсы болып, пәлеге ұшыратып отырды+. Бұлай істейтінін Ехобаның өзі айтып, Ехобаның өзі ант еткен еді+. Осылайша исраилдіктер аса мүшкіл жағдайға түсті+.
16 Сонда Ехоба халқын тонаушылардан құтқару үшін билер тағайындай бастады+.
17 Алайда олар билерге де құлақ аспай, бөтен құдайларға табынып, солармен азғындық жасауларын қоймады. Олар ата-бабаларының жолынан лезде тайып кетті. Ата-бабалары Ехобаның бұйрықтарына мойынсұнған еді+, ал бұлар олай етпеді.
18 Ехоба би тағайындаған сайын+, оны Ехобаның өзі қолдайтын, әрі ол төрелік етіп отырған кездің бәрінде халқын жау қолынан құтқаратын. Себебі халқы қанаушыларынан жапа шегіп+, жәбірлеушілерінің кесірінен күңіренгенде, Ехобаның оларға жаны ашитын+.
19 Бірақ би дүниеден өткенде, халық қайтадан өз жолдарына түсетін де, бөтен құдайларға құлшылық етіп, соларға табынып, әкелерінікінен де сорақы істер істейтін+. Олар жасап жатқан қылықтарын доғармады, қиқарлықтарын да қоймады.
20 Ақыр соңында Исраилге Ехобаның қаһары лаулап+, былай деді: “Бұл халық ата-бабаларымен жасасқан келісімімді бұзды+, маған мойынсұнбады+.
21 Сондықтан мен де Ешуаның көзі тірісінде жойылмай, осы жерде қалып қойған халықтардың бірде-біреуін араларынан аластатпаймын+.
22 Бұны әкелері іспетті Ехобаның жолдарымен жүре ме, жоқ па — соны тексеру үшін істеймін+”.
23 Сөйтіп, Ехоба басқа халықтарды араларынан бірден аластатпай, сол жерде қалдырды. Кезінде оларды Ешуаның аяғына жығып бермеген еді.