Билер 21:1—25

  • Бениямин руы сақталып қалды (1—25)

21  Исраилдіктер Миспада+: “Ешқайсысымыз бенияминдіктерге қыз бермейміз”,— деп ант еткен еді+.  Енді олар Бетелге келіп+, Құдайдың алдында дауыстап, кешке дейін қатты жылады.  Олар: “Уа, Исраил Құдайы Ехоба, неге біз осындай жағдайға ұшырадық? Неге бүгін Исраилдің бір руы құрып кетуі тиіс?”— деумен болды.  Келесі күні олар ерте тұрып, сол жерде құрбандық орнын жасады да, түгел өртелетін және татулық құрбандықтарын+ ұсынды.  Бұдан кейін исраилдіктер: “Күллі жамағат жиналғанда, Ехобаның алдына Исраилдің қай руы келмеді?”— деді. Өйткені олар Миспаға Ехобаның алдына келмеген әркімді міндетті түрде өлімге кесу туралы берік ант берген еді.  Енді бауырлары Бенияминге исраилдіктердің жандары аши бастады. Олар былай деді: “Бүгін Исраилдің бір руы шорт кесілді.  Оларға қыз бермейміз деп+ Ехобаның алдында ант бердік қой+. Енді аман қалғандары әйелсіз қалмау үшін не істеуіміз керек?”  Бұдан кейін олар: “Исраилдің қай руы Ехобаның алдына Миспаға келмеді?”— деді+. Сөйтсе, бүкіл қауым жиналған қосқа Ябес-Ғалақаттан ешкім келмеген екен.  Жұртты санап шығып еді, Ябес-Ғалақат тұрғындарынан бірде-бір адам жоқ болып шықты. 10  Сонда бүкіл қауым оларға 12 000 ең мықты сарбазды аттандырып, былай деп бұйырды: “Барып, Ябес-Ғалақаттың тұрғындарын, тіпті әйелдер мен балаларды да семсермен қырыңдар+! 11  Сендер былай етіңдер: еркек демей, әйел демей — бәрін өлтіріңдер, тек еркекпен жақындаспаған қыздарды аман қалдырыңдар!” 12  Сарбаздар Ябес-Ғалақаттан еркекпен жақындаспаған 400 пәк қыз тауып, Қанахан жеріндегі Шилода тігілген қосқа әкелді+. 13  Бұдан кейін күллі жамағат Римон шатқалындағы бенияминдіктерге хабаршылар жіберіп+, оларға бейбіт бітім ұсынды. 14  Сонда бенияминдіктер өз жерлеріне оралды. Исраилдіктер болса оларға Ябес-Ғалақат тұрғындарының арасынан аман қалдырған қыздарды әйелдікке берді+. Бірақ қыздар бәріне жетпеді. 15  Бенияминнің басына түскен жағдай үшін жұрттың оған жаны ашыды+. Себебі Ехоба оны Исраил руларынан бөліп тастаған еді. 16  Сонда Исраил ақсақалдары: “Бениямин руындағы әйел атаулыны қырып тастадық қой, енді қалғандары әйелсіз қалмау үшін не істеуіміз керек?— деді. 17  Сосын былай деп қосты: —Исраилден бениямин руы мүлдем құрып кетпес үшін, аман қалғандарының мұралы иеліктері болу керек. 18  Бірақ біз оларға қыздарымызды әйелдікке бере алмаймыз, өйткені исраилдіктер “Бенияминге қызын берген адамды қарғыс атсын!” деп ант еткен+”. 19  Сонда олар: “Шилода жыл сайын Ехобаға арналған мейрам болады ғой+! Ол Бетелдің солтүстігінде, Бетелден Сихемге апаратын үлкен жолдың шығысында, Лебонаның оңтүстігінде өткізіледі”,— деді. 20  Сосын бенияминдіктерге былай деп тапсырды: “Сол жерге барып, жүзімдіктің арасында жасырынып жатыңдар. 21  Шилоның қыздары би билеуге шыққанда, жүзімдік арасынан шыға келіп, өздеріңе бір-бір қыздан ұстап алыңдар да, Бениямин жеріне алып кетіңдер. 22  Ал олардың әкелері мен бауырлары біздің төрелігімізге жүгінсе, біз оларға: —Солардың игілігі үшін бізге түсінікпен қараңдаршы. Өйткені біз соғысып, тұтқын етіп әкелген қыздар оларға жетпей қалды+. Кінәлі болмау үшін сендер де оларға қыздарыңды бере алмадыңдар+,— деп жауап береміз”. 23  Бенияминдіктер солай етті: билеп жүрген қыздардан өздеріне бір-бір қыздан алып, мұралы иеліктеріне әкетті. Содан олар қалаларын қайта соғып+, сол жерде тұра бастады. 24  Бұдан кейін исраилдіктер тарап, әрқайсысы өз руына, өз отбасына қайтты. Осылайша барлығы мұралы иеліктеріне оралды. 25  Сол заманда Исраилде әлі патша жоқ еді+. Әркім өзі дұрыс деп есептегенді істейтін.

Сілтемелер