Билер 7:1—25

  • Гедеон мен оның 300 адамы (1—8)

  • Гедеон әскерінің мадияндықтарды жеңуі (9—25)

    • “Ехоба мен Гедеонның семсері!” (20)

    • Мадиян қосындағы дүрбелең (21, 22)

7  Сонда Ерубағал, яғни Гедеон+, қасындағы барлық адамдарымен бірге ерте тұрып, Харод бұлағының маңына қос тікті. Ал мадияндықтар Гедеон қосының солтүстік жағына, Море төбесінің маңындағы аңғарға тікті.  Ехоба Гедеонға былай деді: “Адамдарың тым көп. Мадияндықтарды аяқтарыңа жығып берсем+, Исраил “мен оларды өз күшіммен жеңдім” деп мақтанып жүрер+.  Жұртты шақырып, оларға “кім қорқып қалтырап тұрса, қайта берсін” деп айтшы+”. Гедеон оларды осылай сынап көргенде, 22 000 адам үйлеріне қайтып кетіп, 10 000 адам қалды.  Бірақ Ехоба Гедеонға: “Адамдарың бәрібір тым көп. Барлығы судың жағасына қарай түссін, сол жерде мен саған оларды сынап, іріктеп беремін. Кім жайлы “мынау сенімен барады” десем, сол барсын. Ал “мынау сенімен бармайды” десем, сол бармасын”,— деді.  Содан Гедеон жұртты судың жағасына түсірді. Ехоба оған мынаны айтты: “Суды қолымен көсіп алып ішкендерді бір бөлек, тізерлеп ішкендерді бір бөлек қой”.  Сонда 300 адам суды қолымен көсіп алып ішті, ал қалғандары тізерлеп ішті.  Ехоба Гедеонға: “Мен халқымды суды көсіп алып ішкен осы 300 адаммен құтқарып, мадияндықтарды аяғыңа жығып беремін+. Ал қалғандары үйлеріне қайта берсін”,— деді.  Әлгі 300 адам олардан азық-түлік пен кернейлерін алды. Сосын Гедеон жұртты үйлеріне қайтарды да, 300 адамды өзімен бірге қалдырды. Бұл кезде мадияндықтардың қосы аңғарда болатын+.  Сол күні түнде Ехоба Гедеонға былай деді: “Тұр да, төмен қарай түсіп, қосқа шабуыл жаса, өйткені мен оларды аяғыңа жығып бердім+. 10  Ал шабуылдауға қорықсаң, алдымен қызметшің Пурах екеуің қосқа барыңдар да, 11  мадияндықтардың не айтатынын тыңдаңдар. Сонда батылданып, оларға шабуыл жасай аласың”. Содан Гедеон Пурахты ертіп, мадиян қосының шетіне таяды. 12  Мадияндықтар, амалектіктер мен шығыс тұрғындары+ қисапсыз шегірткелер іспетті, аңғарға жапырыла орналасыпты+. Түйелері де теңіз жағасындағы құм қиыршықтарындай көп екен. 13  Гедеон таяп келгенде, бір кісі қасындағы серігіне түсін айтып жатты: “Мен мынадай түс көрдім: арпадан пісірілген бір күлше мадиян қосына қарай домалап келе жатты да, шатырға келіп қатты соғылып, құлатып жіберді+. Шатыр аударылып кетіп, жерге жалп ете қалды”. 14  Қасындағы серігі оған: “Бұл исраилдік Жоғаш ұлы Гедеонның семсерінен басқа нені білдіреді дейсің+?! Құдай мадияндықтар мен бүкіл қосты оның аяғына жығып берді+”,— деді. 15  Гедеон түс пен оның мәнін ести сала+, бас иіп, Құдайға мінажат қылды. Сосын Исраил қосына келіп: “Тұрыңдар, себебі Ехоба мадиян қосын аяқтарыңа жығып берді!”— деді. 16  Бұдан кейін 300 адамды үш топқа бөліп, қолдарына бір-бір кернейден+ және ішіне алау салынған үлкен құмырадан берді. 17  Гедеон оларға былай деді: “Маған қарап, не істесем, соны істеңдер. Қостың шетіне таяғанда, мен не істесем, сендер де соны істеңдер. 18  Мен де, қасымдағылар да кернейлеткенде, қосты айналдыра тұрған барлығың да кернейлетіп, “Ехоба мен Гедеонның семсері!” деп айғайлаңдар”,— деді. 19  Гедеон түнде қасына 100 адам ертіп, екінші күзет* жаңа басталып, сақшылар енді ғана ауысқанда, қостың шетіне келді. Олар кернейлетті де+, қолдарындағы үлкен құмыраларын тас-талқан етіп сындырды+. 20  Осылайша үш топ та кернейлетті, құмыраларын да сындырды. Олар сол қолдарына алау алып, оң қолдарындағы кернейлерін тартты да: “Ехоба мен Гедеонның семсері!”— деп айғайлады. 21  Әрқайсысы қосты айналдыра өз орындарында тұрды. Ал қостағылар айқайлап, бәрі жапа-тармағай қаша жөнелді+. 22  Әлгі 300 адам болса кернейлетіп тұрды. Сонда Ехоба қостағыларды бір-біріне қарсы қойып, олар өзара шайқаса бастады+. Мадиян қолы Серераға қарай Бет-Шиттаға дейін, Табаттың тұсындағы Әбел-Мехола+ аймағына дейін қашты. 23  Сонда Нафталим, Ашир және бүкіл Манаса+ жеріндегі исраилдіктер шақырылып, мадияндықтардың соңына түсті. 24  Гедеон Ефремнің күллі таулы аймағына шабармандар жіберіп: “Мадияндықтардың алдын орап, оларды Бет-Бара мен Иордан өзенінің өткелдерінде күтіңдер”,— деді. Сөйтіп, бүкіл ефрем руы бас қосып, Бет-Бара мен Иордан өзенінің өткелдерін басып алды. 25  Бұған қоса, олар Мадиянның екі бекзадасы Ориб пен Зипті қолға түсірді. Орибті кейіннен Ориб+ деп аталып кеткен жартаста, Зипті болса Зиптің жүзім сығатын астауының маңында өлтірді. Исраилдіктер жауды өкшелей қуды+. Ал Ориб пен Зиптің бастарын Иордан өңіріне, Гедеонға әкелді.

Сілтемелер

Шамамен түнгі 22:00 мен 2:00 аралығы. Түсіндірмені қараңыз.