Еврейлерге 11:1—40

  • Сенімнің анықтамасы (1, 2)

  • Сенімі берік адамдардың үлгілері (3—40)

    • Сенім болмаса, Құдайға ұнау мүмкін емес (6)

11  Сенім дегеніміз — негіз бар болғандықтан, үміттенгеннің жүзеге асатынына берік сену+ және көрінбейтін нәрселердің шын мәнінде бар екенінің айқын дәлелін көру.  Ежелде өмір сүрген кісілер сенімдерінің арқасында Құдайдың ықыласына ие болғандарына куәлік алды.  Сеніміміз болғандықтан біз Құдай сөзімен әлемнің жаратылғанын* түсінеміз, демек, көрінетін нәрсе көрінбейтін нәрседен пайда болған.  Сенімі болғандықтан Әбіл Құдайға Қабылдікінен әлдеқайда бағалы құрбандық ұсынды+. Осы сенімі арқылы өзінің әділ екеніне Құдайдан куәлік алды, өйткені ол оның тартуын қабыл алған еді+. Әбіл өлгенмен, сенімінің арқасында әлі де сөйлеуде+.  Сенімі болғандықтан Енох+ азапты өліммен өлмеу үшін әкетілді. Құдай әкеткендіктен, ол еш жерден табылмады+. Себебі әкетілмес бұрын, Құдайға ұнамды болғаны жөнінде куәлік алған еді.  Сенім болмаса, Құдайға ұнау мүмкін емес. Өйткені Құдайға жақындайтын әркім оның бар екеніне және өзін шын жүректен іздейтіндерге сый беретініне сену керек+.  Құдай әлі көзге көрінбеген нәрселер туралы ескерткеннен кейін+, Нұх сенімі болғандықтан+ Құдайдан қорқатынын көрсетіп, үй ішін құтқару үшін кеме* салды+. Осы сенімі арқылы дүниені айыптады+, әрі әділдіктің мұрагері болды.  Сенімі болғандықтан Ыбырайым+ өзін Құдай шақырғанда, мойынсұнып, оның уәде еткен жеріне барды. Қайда бара жатқанын білмесе де, жолға шықты+.  Сенімі болғандықтан ол уәде етілген жерде жатжерлік сияқты өмір сүріп+, Құдайдан дәл сондай уәде алған Ысқақ және Жақыппен бірге+ шатырларда тұрды+. 10  Себебі ол сәулетшісі де, құрылысшысы да Құдайдың өзі болған, іргетасы берік қаланған қаланы күтті+. 11  Сенімі болғандықтан Сара да жасы келіп қалса да, құрсақ көтеріп, ұрпақ әкелу үшін күш алды+. Себебі уәде берушіні өз сөзіне адал деп санады. 12  Сондықтан да өлі саналған Ыбырайымнан+, яғни бір адамнан, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағасындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп+ ұрпақ тарады+. 13  Бұлардың бәрі Құдайдың уәде еткендеріне ие болмаса да, сенімдерін жоғалтпай дүниеден өтті+. Бірақ соларды алыстан көріп қуанды+, сондай-ақ өздерінің сол жерде жатжерлік әрі уақытша тұрғындар екендерін ашық айтты. 14  Осылай айтатындар бар ықыласымен өз мекендерін іздеп жүргенін көрсетеді. 15  Олар тастап кеткен жерлерін+ еске ала берсе, кері қайтудың амалын табар еді. 16  Бірақ олар әлдеқайда жақсы, яғни көкке тиесілі, мекенге ұмтылатындықтан, Құдай олардың Құдайы деп аталудан ұялмайды+, тіпті оларға қала да дайындап қойды+. 17  Сенімі болғандықтан Ыбырайым сыналғанда+, Ысқақты құрбандыққа шалды деуге болады. Иә, уәделерді қуанышпен қабылдаған сол кісі жалғыз ұлын құрбандыққа бермек болды+. 18  Ал оған болса: “Уәде етілген “ұрпақ” Ысқақтан шығады”+,— делінген еді. 19  Ыбырайым ұлын өлімнен қайта тірілтуге Құдайдың құдіреті жетеді деп есептеді, әрі оны өлімнен қайтарып алды да. Ал мұның астарлы мағынасы бар еді+. 20  Сенімі болғандықтан Ысқақ Жақып пен Есауға+ келешекте болатын жайттарға қатысты батасын берді+. 21  Сенімі болғандықтан Жақып өлер алдында+ Жүсіптің ұлдарына батасын берді+, сондай-ақ таяғына сүйеніп, Құдайға тағзым етті+. 22  Сенімі болғандықтан Жүсіп көзін жұмарда Исраил ұлдарының Мысырдан шығатыны жайлы айтып, өзінің сүйегін бірге ала кетуді аманаттады+. 23  Сенімі болғандықтан Мұсаның ата-анасы жаңа туылған нәрестесінің әдемі екенін көріп+, патшаның жарлығынан қаймықпай+, оны үш ай бойы жасырды+. 24  Сенімі болғандықтан Мұса ержеткенде+ перғауын қызының ұлы деп аталудан бас тартты+. 25  Ол күнәдан уақытша рақат алудан гөрі Құдай халқымен бірге жәбірленуді таңдады. 26  Өйткені бар назарын алатын сыйына тіккендіктен, майланған* ретінде қорлық көруді Мысырдың қазыналарынан артық байлыққа санады. 27  Сенімі болғандықтан Мұса Мысырды тастап кетті+. Патшаның қаһарынан қорыққаннан емес+, көзге көрінбейтін Тұлғаны көріп тұрғандай берік болғандықтан солай етті+. 28  Сенімі болғандықтан ол Құтқарылу мейрамын* тойлап, Құдай періштесі исраилдіктердің тұңғыштарына тиіспесін деп есік жақтауларына қан жақты+. 29  Сенімі болғандықтан исраилдіктер Қызыл теңізден құрғақ жермен өткендей өтті+. Ал солай істемек болған мысырлықтар суға кетті+. 30  Сенімі болғандықтан исраилдіктер Иерихонды жеті күн айналғаннан кейін, қала қабырғалары құлап түсті+. 31  Сенімі болғандықтан жезөкше Рахаб мойынсұнбағандармен бірге жойылған жоқ, өйткені келген тыңшыларды жылы қабылдаған еді+. 32  Тағы кімдер жайында айтайын? Гедеон+, Барақ+, Самсон+, Ефта+, Дәуіт+, Самуил+ және басқа да пайғамбарлар жайында айтуға уақытым жетпес еді. 33  Олар сенімдерінің арқасында патшалықтарды жеңді+, әділ әрекет етті, Құдайдан уәделер алды+, арыстандардың аузын жапты+, 34  өрт жалынынан зақым көрмеді+, семсер жүзінен аман қалды+, әлсіз кезінде құдіретке ие болды+, батыл шайқасты+, басқыншылардың жасақтарын жайратты+. 35  Әйелдер өлгендері тіріліп, олармен қауышты+. Ал басқалар болса азапталып өлтірілді, өйткені анағұрлым жақсы қайта тірілуге жету үшін сенімдерінен бас тартқан жоқ. 36  Тағы басқалары келеке-мазаққа ұшырап, дүре соғылып, тіпті кісенделіп+, түрмеге жабылды+. 37  Олар таспен атқыланды+, сенімдері сыналды, араланып екіге бөлінді, семсермен шабылды+, қой-ешкі терілерін жамылып жүрді+, жоқшылық, азап+, жәбір көрді+. 38  Бұл дүние мұндай адамдарға лайық емес еді. Олар шөл далада, таулы-тасты жерлерде қаңғып жүріп, үңгірлер+ мен апандарды паналады. 39  Олардың барлығы сенімдері арқылы Құдайдың ықыласына ие болғанына куәлік алса да, оның уәде еткенін иемденбеді. 40  Себебі олар бізсіз кемелділікке жетпеу үшін, Құдай бізге арнап әлдеқайда жақсы нәрсе ойластырып қойған+.

Сілтемелер

Немесе “қоғамдық құрылымдардың орнатылғанын”. Түсіндірмедегі “Заман” сөзін қараңыз.
Бұл кеме жәшік пішінді болған.
Сөзбе-сөз “Мәсіх”.