Еврейлерге 2:1—18
2 Сол себепті сенім жолынан ешқашан ауытқып кетпес үшін+, естігендерімізге+ бұрынғыдан да мұқият ден қоюымыз керек.
2 Өйткені періштелер арқылы берілген сөз*+ бұлжымайтын болған, ал оны бұзған не мойынсұнбаған адам әділ жазаға тартылған+.
3 Олай болса, қазір Құдай ұсынып отырған өте керемет құтқарылуды елемесек, қалайша жазадан құтылмақпыз+? Құтқарылу туралы бұл хабарды айтуды Иеміз бастаған+, ал естігендер оны бізге айтып берді.
4 Олармен бірге белгілер, кереметтер, әртүрлі құдіретті істер+ арқылы және өз еркіне сай киелі рух үлестіру+ арқылы Құдай да куәлік етті.
5 Өйткені ол біз айтып отырған болашақ дүниені+ періштелерге бағындырып берген жоқ қой.
6 Қайта, бір жерде әлдекім былай куәлік еткен: “Өзің ұмытпайтындай адам кім сонша? Сен қамын ойлайтындай адам баласы кім+?
7 Оны періштелерден сәл төмен қойдың, ұлылық пен құрметті тәж етіп кигіздің және қолыңнан шыққан күллі жаратылыстың үстінен билік бердің.
8 Бәрін оның аяғының астына салып, бағындырдың+”. Құдай оған бәрін бағындырды+, бағындырмаған ештеңе қалған жоқ+. Сөйтсе де біз оған бәрінің бағындырылғанын+ әлі көрген жоқпыз.
9 Бірақ кезінде періштелерден сәл төмен қойылған+, ал қазір болса азапталып өлгені үшін ұлылық пен құрметті тәж етіп киген Исаны+ көрудеміз. Құдайдың рақымының арқасында ол күллі адамдар үшін өлді+.
10 Барлығын өзі жаратқан, әрі өзі үшін жаратқан Құдай көп ұлдарын даңққа бөлеу үшін+, оларды құтқарылуға жеткізетін Бас жетекшінің+ азап шегу арқылы кемелділікке жеткенін дұрыс деп тапты+.
11 Қасиетті етіп жатқан да, қасиетті болып жатқандар+ да бір әкеден+ тарайтындықтан, ол оларды бауырым деп атаудан ұялмайды+.
12 Ол: “Атыңды бауырларыма жариялаймын. Қауымда сені әнмен мадақтаймын”+,— дейді.
13 Бұған қоса: “Мен оған сенім артамын”+,— дейді, сондай-ақ: “Міне, мен және Ехоба* маған сыйлаған балалар мұндамыз”+,— дейді.
14 “Балалар” ет пен сүйектен болғандықтан, ол да ет пен сүйектен тұратын адам болды+. Ол өзінің өлімі арқылы өлімге ұшырата алатын+ Ібілісті құрту үшін+
15 және өлімнен қорқып өмір бойы құл болғандардың бәрін босату үшін адам болып келді+.
16 Ол періштелерге емес, Ыбырайымның ұрпағына көмектесуге келді+.
17 Сондықтан ол адамдардың күнәсі үшін татуластыратын+ құрбандық беріп+, Құдайға деген қызметінде мейірімді де адал бас діни қызметкер бола алу үшін, барлық жағынан “бауырларына” ұқсас болуы тиіс еді+.
18 Сыналғанда өзі де азап шеккендіктен+, ол сыналып жатқандарға көмекке келе алады+.