Еврейлерге 8:1—13
8 Айтып жатқандарымыздың мәні мынада: біздің осындай бас діни қызметкеріміз бар+. Ол көктегі Құдай тағының оң жағына отырды+,
2 әрі адам баласы емес, Ехоба тұрғызған шынайы шатырдың ең қасиетті бөлмесінде қызмет етеді+.
3 Әрбір бас діни қызметкер сый-тартулар ұсыну, құрбандықтар шалу үшін тағайындалады. Сондықтан оның да ұсынатын құрбандығы болуы керек еді+.
4 Егер ол жер бетінде қалса, діни қызметкер бола алмас еді+. Себебі Заңға сай сый-тартулар ұсынатын басқалар бар.
5 Олардың атқарып жатқан қасиетті қызметі көктегінің көшірмесі+ әрі көлеңкесі ғана+. Мұса да шатырды тұрғызар кезде Құдайдан “Бәрін тауда көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол”+ деген бұйрық алған.
6 Бірақ қазір Исаға анағұрлым жақсы қызмет берілді. Өйткені ол — анағұрлым жақсы келісімнің келістірушісі+. Бұл келісім әлдеқайда жақсы уәделерге негізделіп+ заңды түрде бекітілген+.
7 Егер алғашқы келісім кемшіліксіз болса, екіншісінің керегі болмас еді+.
8 Бірақ Құдай халықты айыптап былай дейді: “Міне, мен Исраил үйі және Яһуда үйімен жаңа келісім жасасатын күндер келе жатыр,— дейді Ехоба.
9 Бұл келісім Мысыр жерінен қолдарынан жетелеп алып шыққан+ күні олардың ата-бабаларымен жасасқан келісімім сияқты болмайды. Олар менің сол келісіміме адал болмағандықтан, мен де оларға қамқорлық көрсетпейтін болдым,— дейді Ехоба”.
10 “Сол күндерден кейін Исраил үйімен келісім жасасамын. Заңдарымды олардың саналарына саламын және жүректеріне жазып қоямын+. Мен олардың Құдайы, ал олар менің халқым болады+,— дейді Ехоба”.
11 “Бұдан былай ешкім елдесіне не бауырына: —Ехобаны танып-біл!— деп үйретпейді. Себебі үлкенінен кішісіне дейін — бәрі мені білетін болады.
12 Мен олардың әділетсіз істерін кешіремін, енді қайтып күнәларын есіме алмаймын+”.
13 Ол “жаңа келісім” деуімен бұрынғы келісімнің ескіргенін көрсетті+. Ал ескіріп, көнерген нәрсе көп ұзамай жойылады+.