Езекиел 15:1—8

  • Иерусалим — пайдасыз жүзім бұтасы (1—8)

15  Ехоба маған тағы да сөзін арнап былай деді:  “Адам ұлы, жүзім діңгегі мен оның сабақтарының ормандағы ағаштардан қандай айырмашылығы бар?  Оның діңі бірдеңе жасауға жарай ма? Одан, тым құрыса, қандай да бір зат ілетін шеге жасауға бола ма?  Ол отқа тасталып, екі шеті жанып, ортасы да күйіп кетеді. Бұдан кейін ол пайдаға аса ма?  Бүтін күйінде еш пайдаға аспағанда, өртеніп, күйіп кеткен соң оның қандай пайдасы болмақ?!  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Орман ағаштарының ішінде жүзім бұтасын отын болсын деп бердім, Иерусалим тұрғындарын да солай етемін+.  Мен оларға қарсы шығамын. Оттан аман шықса да, оларды бәрібір от жалмайды. Осылай жазалаған кезімде, сендер менің Ехоба екенімді білетін боласыңдар+.  Жасаған опасыздықтары үшін+, мен бұл елді қаңыратып бос қалдырамын+. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба”.

Сілтемелер