Езекиел 24:1—27

  • Иерусалим тот басқан қазанға ұқсайды (1—14)

  • Езекиелдің әйелінің өлімі — белгі (15—27)

24  Тоғызыншы жылдың оныншы айының оныншы күні Ехоба тағы да маған сөзін арнап былай деді:  “Адам ұлы, бүгін қандай күн екенін жазып қой. Себебі дәл осы күні Бабыл патшасы Иерусалимге аттанды+.  Бүлікшіл халық жөнінде астарлы әңгіме айтып, оларға мына хабарымды жеткіз: —Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Қазан ас! Қазанды отқа қойып, су құй+.   Ішіне ет сал+, ең жақсысын сал,Жамбас, жауырын, іріктеліп алынған сүйектерді толтырып сал.   Отардағы қойдың ең жақсысын таңдап ал+,Қазанның астына үйіп отын сал. Етті қайнатып, сүйектерімен қоса пісір.  Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді: —Қанішер қала қасіретке қалады+! Ол тот басып, тазартылмаған қазанға ұқсайды. Етті жеребе салмай-ақ біртіндеп түсіріп, қазанды бос қалдыр+.   Себебі қала тұрғындарының төккен қаны әлі де өз ортасында+. Олар топырақпен көміп тастау үшін оны жерге емес, жалаң жартас үстіне төкті+.   Қаһарымды төгіп, кек алу үшін, көмілмеген күйі жатсын деп,Сол қанды жалаң жартастың үстінде қалдырдым+.  Сондықтан Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді: —Қанішер қала қасіретке қалады+! Мен оның астына отынды көп қылып үйемін. 10  Көбірек отын салып, жақ,Ет әбден қайнаған соң, сорпасын төгіп таста. Сүйектері күйіп кетсін. 11  Сосын бос қазанды шоққа қой. Мыс әбден қызсын,Ішіндегі лас нәрсенің бәрі балқып+, тоты жоқ болып кетсін. 12  Қаншама еңбек зая болды ғой,Оның бес батпан тоты бәрібір кетпеді+! Сол үшін ол тотымен бірге отқа тасталсын! 13  Сен сорақы қылықтар жасағандықтан арамдалдың+. Тазартуға қанша тырыссам да, сен арам күйі қала бердің. Енді қаһарым басылмайынша, тазармайсың+. 14  Бұны мен, Ехоба, айтып отырмын. Бұл сөздер міндетті түрде орындалады. Мен кешеуілдетпей іске кірісемін. Сені еш аямаймын, шығарған үкіміме де өкінбеймін+. Жүрген жолдарың мен істеген істеріңе қарай жазаланасың. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба”. 15  Ехоба маған тағы да сөзін арнап былай деді: 16  “Адам ұлы, мен қас қағым сәтте көзіңнің қуанышын алып қоймақпын+. Бірақ сен оны жоқтама да, жылап-еңіреме де. 17  Үндемей ғана күрсініп отыр. Азалы салт-жоралар жасама+, басыңа шалмаңды орап+, аяғыңа сандалыңды киіп ал+. Мұртыңды бүркеме+, өзгелер әкелген нанды да жеме+”. 18  Мен бұл хабарды таңертең жеткіздім, ал кешкісін әйелім қайтыс болды. Ертеңгісін мен өзіме бұйырылған нәрселерді орындадым. 19  Жұрт менен: “Бұл істеп жатқандарыңның бізге қандай қатысы бар?”— деп сұрады. 20  Мен оларға мынаны айттым: “Ехоба маған сөзін арнап былай деді: 21  —Исраил үйіне хабарымды жеткіз. Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Мен сендердің мақтаныштарың, көздеріңе қуаныш, жандарыңа жұбаныш болып жүрген ғибадатханамды арамдағалы жатырмын+. Елдеріңде қалдырған ұл-қыздарың семсерден қаза болады+. 22  Сонда Езекиелдің істегенін сендер де істеп, мұрттарыңды бүркемейсіңдер, өзгелер әкелген нанды жемейсіңдер+, 23  бастарыңдағы шалмаларыңды, аяқтарыңдағы сандалдарыңды шешпейсіңдер. Жоқтамайсыңдар да, жыламайсыңдар да. Қайта, күнәларыңның кесірінен шіріп жоқ боласыңдар+. Сендер бір-біріңе қарап күрсінесіңдер. 24  Езекиел сендер үшін белгі болып отыр+. Оның істегенін сендер де істейсіңдер. Бұның бәрі орындалғанда, менің Әлемнің Әміршісі Ехоба екенімді білетін боласыңдар”. 25  “Адам ұлы, мен олардың көздеріне қуаныш, көңілдеріне медет әрі жандарының аңсары болған әсем қамалдарын, сондай-ақ ұл-қыздарын алып қойған кезімде+, 26  араларынан аман қалған біреу саған осы жайлы хабар әкеледі+. 27  Сол күні саған қайтадан тіл бітіп, аман қалған кісіге сөйлейсің, әрі бұдан былай үнсіз болмайсың+. Сен олар үшін белгі боласың. Осылайша олар менің Ехоба екенімді білетін болады”.

Сілтемелер