Езекиел 26:1—21

  • Тир туралы пайғамбарлық (1—21)

    • “Балықшылар ауларын кептіретін алаң” (5, 14)

    • Тастар мен топырақ суға лақтырылады (12)

26  Он бірінші жылы айдың бірінші күні Ехоба маған сөзін арнап былай деді:  “Адам ұлы, Иерусалим жайында Тир+ “Сауап, оған сол керек! Халықтардың кіріп-шығар есіктері болған ол қирады+. Енді бәрі мен арқылы өтетін болады. Оның құлдырағанының арқасында мен байимын!” дегені үшін,  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Ей, Тир, біліп қой! Теңіз толқындарды қалай көтерсе, мен де көптеген халықтарды саған қарсы көтеремін.  Олар Тирдің қабырғаларын да, мұнараларын да тас-талқан етеді+. Мен оның топырағын сыпырып тастап, өзін жалаң жартасқа,  балықшылар ауларын кептіретін теңіз ортасындағы алаңға айналдырамын+. Иә, өзім айтқандай, ол өзге халықтарға олжа болады. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба.  Оның қарамағындағы елді мекендерді семсер жалмайды. Сонда жұрт менің Ехоба екенімді білетін болады.  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Мен солтүстіктен патшалардың ең қуаттысы+ әрі жылқылары+, соғыс арбалары+, атты әскері мен қалың қолы бар Бабыл патшасы Навуходоносорды Тирге қарсы аттандырамын+.  Ол қарамағыңдағы елді мекендердің тұрғындарын семсермен қырады. Ал сені қоршауға алып, бекініс тұрғызады, қамалыңның түбіне үйінді жасап, саған қарсы үлкен қалқанын көтереді.  Дуалыңды қамал бұзатын қаруымен соққылайды, мұнараларыңды балталарымен құлатады. 10  Жылқыларының көптігінен, сен шаңның астында қаласың. Ол дуалды талқандап қалаға лап қойған кісілердей қақпаларыңнан кіріп келгенде, атты әскерінің дүбірі мен арба дөңгелектерінің сатыры дуалдарыңды шайқалтып жібереді. 11  Жылқысының тұяқтарымен барлық көшелеріңді таптайды+. Ол халқыңды семсермен қырып, еңселі бағаналарыңды жермен-жексен етеді. 12  Жау бар байлығыңды тонап, тауарларыңды олжалайды+. Қабырғаларыңды құлатып, сәулетті үйлеріңді де талқандайды. Бұдан кейін сендегі тас пен ағашты, тіпті топырағыңды алып, суға лақтырады. 13  Мен сенің сазды әндеріңді тыямын, арфаларыңның да үні естілмейтін болады+. 14  Сені жалаң жартасқа, балықшылар ауларын кептіретін алаңға айналдырамын+. Мен, Ехоба, былай деймін: —Сен ешқашан қайта тұрғызылмайсың! Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба. 15  Әлемнің Әміршісі Ехоба Тирге былай дейді: —Сен құлағанда, өлімші болып жараланғандар ыңыранып жатады. Қақ ортаңда кескілескен шайқас болады. Сол кезде шыққан шудан аралдар шайқалып кетпей ме+?! 16  Теңіз басшыларының бәрі тақтарынан түсіп, шапандарын шешеді, кестелі киімдерін де сыпырып тастайды. Олар бойларын үрей билеп, қалтырайды. Қалшылдаған күйі жерге отыра кетіп, саған аңтарыла қарайтын болады+. 17  Олар сені жоқтап+ былай дейді: “Теңіздерден келгендер мекендеген әйгілі қала, қалайша жоқ болып кеттің+! Өзің де, халқың да жержүзі тұрғындарының зәре-құтын алатын теңіздің мықтылары едіңдер+. 18  Сен құлаған күні аралдар шайқалады. Ғайып болғаныңда, теңіз аралдарының мазасы қашады+”. 19  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Сені ешкім тұрмайтын қала сияқты қаңыратып бос қалдырамын, саған қарсы ырғалған суларды көтеріп, алып толқындардың астында қалдырамын+. 20  Өзгелерді түсіргенімдей, сені де орға түсіріп, бұрыннан сол жерде жатқандардың қасына жіберемін. Мен сені ежелден қаңырап бос қалған жерлермен және орға* түсетін басқалармен бірге+ тұңғиықта мекендейтіндей етемін. Ал тірілердің жерін көркейтемін. 21  Аяқастынан зәре-құтыңды алып, біржола құртып жіберемін+. Олар сені іздейді, бірақ ешқашан таппайды. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба”.

Сілтемелер

Немесе “көрге”.