Езекиел 36:1—38

  • Исраил таулары туралы пайғамбарлық (1—15)

  • Исраилді қайта жинап әкелу (16—38)

    • “Ұлы есімімді киелі етемін” (23)

    • Едем бағындай болады (35)

36  Адам ұлы, Исраил тауларына мына пайғамбарлықты жеткіз: —Ей, Исраил таулары, Ехобаның сөзін тыңдап алыңдар!  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Жау сендерге: “Сауап, өзіңе де сол керек! Енді ежелгі тау-төбелер біздің иелігімізге тиеді+!”— дейді.  Сондықтан пайғамбарлық етіп, оларға хабарымды жеткіз! Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Жау сендерді өзге халықтардың меншігіне айналдырғысы келіп, қаңыратып бос қалдырды, жан-жақтан шабуылдады. Жұрт сендерді сөз етіп, жала жапты+.  Сол үшін, ей, Исраил таулары, Әлемнің Әміршісі Ехобаның сөзіне құлақ салыңдар! Әлемнің Әміршісі Ехобаның тау-төбелерге, өзендер мен аңғарларға, қаңырап бос қалған үйінділер+ мен айналасындағы халықтар талан-тараж еткен әрі мазақ қылған+ елсіз қалаларға айтқан сөздерін тыңдаңдар.  Бұларға Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді: —Мен өзге халықтар мен күллі Едом еліне қатты қаһарлана сөйлеймін+. Себебі олар менің жерімнің жайлауларын меншіктеп, тонау үшін, оны жүректері жарыла қуанып, табалап+, иемденіп алды+.  Сондықтан Исраил еліне қатысты пайғамбарлық етіп, тау-төбелерге, өзендер мен аңғарларға сөзімді жеткіз. Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Сендерді өзге халықтар қорлағаны үшін+ мен ызалана, қаһарым лаулап сөйлеймін.  Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді: —Мен қолымды көтеріп тұрып, айналаларыңдағы халықтардың өздері масқара болады деп ант етемін+.  Ал сендер, Исраил таулары, ағаштарыңның бұтақтары жайқалып, халқыма жеміс бересіңдер+, себебі олар көп ұзамай қайта оралады.  Мен сендермен біргемін, мен сендерге оң көзіммен қараймын. Сонда топырақтарың өңделіп, оған тұқым себіледі. 10  Сендерге қалың елді, бүкіл Исраил үйін, мекендетемін. Қалаларға тұрғындар қоныстанып+, үйінділер қайта тұрғызылады+. 11  Иә, сендердегі халықтың да, малдың да санын көбейтемін+. Олар өсіп-өніп көбейеді. Осылай сендерде бұрынғы кездегідей адамдар қоныстанып+, бұрынғыдан да өркендей түсесіңдер+. Сонда менің Ехоба екенімді білетін боласыңдар+. 12  Халқым Исраил үстеріңмен жүріп, сендерді өз иелігіне алады+. Сендер солардың мұралық меншігіне айналасыңдар, әрі оларды бұдан былай балаларынан айырмайтын боласыңдар+. 13  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Олар: “Сен халықты жалмап, өзіңдегі ұлттарды балаларынан айыратын жерсің”,— деген еді. 14  Сондықтан сен бұдан былай халықтарды жалмап, өзіңдегі ұлттарды балаларынан айырмайтын боласың. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба. 15  Сені ұлттарға қорлатып, халықтарға мазақтатып қоймаймын+. Ал сен ендігәрі өзіңдегі ұлттардың сүрінуіне түрткі болмайсың. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба”. 16  Ехоба тағы да маған сөзін арнап былай деді: 17  “Адам ұлы, Исраил үйі өз жерінде тұрғанда, істеген істері, жасаған қылықтарымен оны арамдады+. Олардың істері мен үшін әйелдің етеккірі сияқты лас еді+. 18  Осы жерде қан төккендері және жеркенішті пұттарымен+ оны арамдағандары үшін мен оларға қаһарымды төктім+. 19  Оларды ел-елге, жер-жерге бытыратып жібердім+. Мен оларға істеген істері мен жасаған қылықтарына сай үкім шығардым. 20  Бірақ сол елдерге келгендерінде, жұрт: “Мыналар Ехобаның халқы, бірақ өз жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды”,— деп, менің киелі есімімді қорлады+. 21  Сондықтан мен Исраил үйі өздері барған халықтардың арасында қор қылған киелі есімімді қорғаймын+. 22  Исраил үйіне хабарымды жеткіз! Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Ей, Исраил үйі, мен сендер үшін емес, өзімнің киелі есімім үшін әрекет етіп жатырмын. Оны сендер өздерің барған халықтардың арасында қор қылған едіңдер+. 23  Ал мен сендер халықтардың арасында қор қылған ұлы есімімді міндетті түрде киелі етемін+. Солардың көзінше сендердің араларыңда киелілігімді паш еткенімде, олар менің Ехоба екенімді білетін болады+. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба. 24  Сендерді халықтар арасынан алып шығып, ел-елден жинап аламын да, өз жерлеріңе әкелемін+. 25  Үстеріңе таза су бүркіп, таза қыламын+. Сендерді барлық арамдықтарың мен жеркенішті пұттарыңнан+ тазартамын+. 26  Мен сендерге жаңа жүрек беремін+, жаңа рух та дарытамын+. Тастай қатты жүректеріңнің+ орнына еттей жұмсақ жүрек* беремін. 27  Бойларыңа өз рухымды дарытамын. Осылай жарлықтарымды орындап+, шешімдерімді ұстанатындай етемін. 28  Сонда сендер өзім ата-бабаларыңа берген жерде мекендеп, менің халқым боласыңдар, ал мен сендердің Құдайларың боламын+. 29  Мен сендерді барлық арамдықтарыңнан құтқарамын. Дәнді дақылдарға мол болып өсіп шығуды бұйырып, сендерді аштыққа ұшыратпаймын+. 30  Енді қайтып ашаршылыққа ұшырап, басқа халықтардың арасында масқара болмауларың үшін, ағаштардың жемістері мен егістіктердің өнімін мол қыламын+. 31  Сонда зұлым істерің мен жаман қылықтарыңды естеріңе алып, кінәларың мен жеркенішті істерің үшін өз-өздеріңнен жиренетін боласыңдар+. 32  Бірақ мынаны біліп қойыңдар: мен мұны сендер үшін істеп жатқан жоқпын+. Ей, Исраил үйі, сендер жасаған қылықтарыңа ұялып, жер боласыңдар. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба. 33  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Сендерді бар кінәларыңнан тазартқан күні қалаларыңды қайтадан қоныстандырып+, үйінділеріңді қайта тұрғызамын+. 34  Сол жолмен жүргендердің бәрі қарап өтетін елсіз қалған жер қайта өңделеді. 35  Сонда жұрт: “Қаңырап қалған жер Едем+ бағындай болып кетіпті, үйіндіге айналып, бос қалып, қирап жатқан қалалар енді ел мекендейтін бекіністі қалаларға айналыпты”+,— дейтін болады. 36  Сол кезде айналаларыңда қалған халықтар мен, Ехоба, қирап қалғанды қайта тұрғызып, қаңырап қалған жерді гүлдендіргенімді білетін болады. Мұны айтқан да, жүзеге асырған да, мен, Ехоба+. 37  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Исраил үйінің өтінішіне құлақ асып, халқын отардағы қойлар сияқты көбейтемін. 38  Иерусалим мейрам кезінде+ көптеген қасиеттілерге, отарларға* толатындай, қирап жатқан қалалар да адамдарға толады+. Сонда олар менің Ехоба екенімді білетін болады”.

Сілтемелер

Яғни Құдайдың басшылығына мойынсұнуға дайын жүрек.
Мүмкін: “құрбандыққа шалынатын отарларға”.