Езекиел 45:1—25

  • Киелі аудан мен қала (1—6)

  • Басшыға арналған жер (7, 8)

  • Басшылар әділ әрекет етулері керек (9—12)

  • Халықтың садақасы және басшы (13—25)

45  Жерді мұралы үлестерге бөлгенде+, ұзындығы 25 000, ені 10 000 шынтақ* болатын жер телімін+ киелі аудан ретінде Ехобаға тарту етіңдер+. Осы жер телімі шегараларымен қоса, киелі аудан болып саналады.  Оның ішінен ұзындығы мен ені 500 шынтақтан+ болатын төрт бұрышты жер ғибадатханаға арналсын. Айналасынан тағы 50 шынтақ жер телімі жайылымға қалдырылсын+.  Сосын ұзындығы 25 000, ені 10 000 шынтақ болатын жер телімі бөлінсін. Онда ғибадатхана, яғни ең қасиетті жай болады.  Бұл — Ехобаның алдында қызмет ететін діни қызметкерлерге+, ғибадатхана қызметшілеріне+, арналған киелі аудан. Олардың тұратын үйлері мен ғибадатханаға арналған киелі орын сол жерде болады.  Сондай-ақ ұзындығы 25 000, ені 10 000 шынтақ болатын жер телімі ғибадатхана қызметшілері — леуіліктердің үлесіне тиеді+. Тағы оларға 20 ас бөлме беріледі+.  Қалаға арнап ұзындығы киелі тартудың ұзындығындай, 25 000 шынтақ, ал ені 5000 шынтақ болатын жер телімі бөлінсін+. Бұл бүкіл Исраил үйінің меншігі болмақ.  Киелі тартудың және қала үшін бөлінген жер телімінің екі жағында басшыға арналған жер болады. Ол киелі тарту мен қаланың иелігіне берілген жер теліміне іргелес, батысы мен шығысында жатады. Оның батыс шегарасынан шығыс шегарасына дейінгі ұзындығы рулардың мұралы үлестерінің біріне тең+.  Бұл жер басшының Исраилдегі иелігіне айналады. Мен қойған басшылар бұдан былай халқымды жәбірлемейді+. Олар қалған жерді Исраил үйіне рулары бойынша бөліп береді+.  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Жетер енді, Исраил басшылары! Зұлымдық пен қысым жасауды доғарып, заңды да әділ әрекет етіңдер+. Халқымның иелігін тартып алуды қойыңдар+! Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба. 10  Таразыларың тура, ефа* мен бат* өлшемдерің де дұрыс болсын+. 11  Ефа мен баттың көлемі бір өлшеммен өлшенсін: екеуі де хомердің* оннан бір бөлігін құрасын. Осылайша олардың көлемі хомермен өлшенсін. 12  Бір шекел*+ 20 герахқа* тең болсын. Сендер үшін 20 шекел мен 25 шекелдің және 15 шекелдің қосындысы бір манені* құрасын. 13  Әр хомер бидайдың алтыдан бір ефасын, әр хомер арпаның да алтыдан бір ефасын садақа етіп отырыңдар. 14  Майдың тұрақты өлшем бірлігі бат болсын: бір бат кордың* оннан бір бөлігін құрайды. Ал 10 бат бір хомерді құрайды, өйткені 10 бат бір хомерге тең. 15  Сонымен қатар Исраилдің жайылымындағы әр 200 қойдың біреуі берілсін. Осының барлығы халықтың күнәсін өтеу үшін+ астық тартуы+, түгел өртелетін+ және татулық құрбандықтары+ ретінде қолданылады. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба. 16  Осы садақаларды Исраил басшысына беруге күллі халық атсалыссын+. 17  Ал басшының міндетіне мейрамдар кезінде+, Жаңа туған ай, Демалыс күні+ және Исраил үйінің барлық белгіленген мерекелерінің+ кезінде түгел өртелетін құрбандық+, астық+ және сұйық тартулар беру жатады. Ол Исраил үйінің күнәсі өтелу үшін астық тартуын, күнә үшін әкелінетін, түгел өртелетін және татулық құрбандықтарын береді. 18  Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Бірінші айдың бірінші күні табыннан еш кемістігі жоқ бір бұқа ал да, ғибадатхананы күнәдан тазарту үшін құрбандыққа шал+. 19  Діни қызметкер күнә үшін әкелінген құрбандықтың қанынан алып, ғибадатхана есігінің жақтауына+, құрбандық ошағының үшінші бөлігінің төрт бұрышына және ішкі аулаға апаратын қақпа ғимаратының жақтауына жақсын. 20  Сол айдың жетінші күні де білместіктен не байқамай күнә жасаған әрбір адам үшін солай ет+. Ғибадатхананы күнәдан осылай тазартыңдар+. 21  Бірінші айдың он төртінші күні Құтқарылу мейрамын+ тойлайсыңдар. Жеті күн бойы ашымаған нан жеңдер+. 22  Сол күні басшы күнә үшін әкелетін құрбандық ретінде бір бұқа береді. Ол бұқаны өзі үшін және елдің бүкіл халқы үшін шалады+. 23  Басшы жеті күн мейрамның әр күнінде+ Ехобаға арнап түгел өртелетін құрбандыққа еш кемістігі жоқ жеті бұқа, жеті қошқар, күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір текеден беріп отырады. 24  Сонымен қатар әр бұқа мен әр қошқарға қоса астық тартуы ретінде бір-бір ефа ұннан, ал әр ефа ұнға қоса бір хин* майдан ұсынады. 25  Жетінші айдың он бесінші күні басталатын жеті күндік мейрам+ кезінде де басшы дәл осылай күнә үшін және түгел өртелетін құрбандықтар, сондай-ақ астық тартуы мен май ұсынсын.

Сілтемелер

Мұнда ұзын шынтақ жайлы айтылып тұр. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Немесе “мина”. Ә14 қосымшасын қараңыз.