Езра 1:1—11

  • Кирдің ғибадатхананы қайта соғу туралы жарлығы (1—4)

  • Жер аударылғандардың Бабылдан қайтуға дайындалуы (5—11)

1  Персия патшасы Кирдің+ билік құруының бірінші жылы, Ехобаның* Еремия пайғамбар арқылы айтқан сөзі+ орындалу үшін, Ехоба Персия патшасы Кирдің жүрегіне қозғау салды. Сонда ол келесі жарлықты бүкіл патшалығына жариялауды бұйырды, сондай-ақ оны жазғызып қойды+:  “Персияның патшасы Кир былай деп бұйырады: —Көктің Құдайы Ехоба маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды берді+ және Яһуда жеріндегі Иерусалимде өзіне арнап үй тұрғызуды тапсырды+.  Араларыңдағы оның халқына жататындар Яһуда жеріндегі Иерусалимге барсын да, тұрағы Иерусалимде болған* Исраил Құдайы Ехобаның — ол шынайы Құдай — үйін қайта соқсын. Сол жаққа баратын әркімге Құдайы жар болсын!  Еліне оралмақ болған+ әрбір адамға көршілері алтын-күміс және мал-мүлік беріп көмектессін. Сонымен қатар Иерусалимдегі шынайы Құдайдың үйіне арнап ерікті сый-тартулар берсін+”.  Сонда яһуда мен бениямин руының әулетбасылары, діни қызметкерлер мен леуіліктер, яғни Құдай жүректеріне қозғау салғандардың бәрі, Иерусалимдегі Ехобаның үйін қайта соғуға бару үшін жолға дайындалды.  Көрші-қолаңның барлығы оларға ерікті сый-тартулармен қоса, күміс бұйымдар, алтын, мал-мүлік, құнды заттар берді.  Кир патша болса кезінде Навуходоносор Иерусалимдегі Ехобаның үйінен алып кетіп, өз құдайының үйіне қойған бұйымдарды алдыртты+.  Бұл істі Персияның патшасы Кир қазынашысы Митредатқа тапсырып еді. Ол бұйымдарды санап, Яһуданың басшысы Шешбасарға* табыстады+.  Бұйымдардың саны мынау: себет пішінді 30 алтын ыдыс және 1000 күміс ыдыс, тағы басқа 29 ыдыс, 10  30 шағын алтын табақ, 410 шағын күміс табақ, тағы басқа 1000 бұйым. 11  Алтын мен күміс бұйымдардың барлығы 5400 болды. Жер аударылғандар+ Бабылдан Иерусалимге көшкенде, Шешбасар осының бәрін алып шықты.

Сілтемелер

Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Мүмкін: “Иерусалимдегі”.
Езр 2:2; 3:8-дегі Зоробабел болса керек.