Езра 2:1—70
2 Мыналар бағынышты аймақтың* тұрғындары. Кезінде оларды Бабыл патшасы Навуходоносор тұтқындап, Бабылға жер аударған+. Кейіннен босатылып, Иерусалим мен Яһудаға, әрқайсысы өз қаласына оралған+.
2 Олардың жетекшілері: Зоробабел+, Ешуа+, Нехемия, Сераях, Регелай, Мардохай, Білшан, Миспар, Бигуай, Рехум, Бағанах.
Исраилдік ер кісілердің жалпы саны+:
3 Пароштың ұрпағы — 2172,
4 Шафатияхтың ұрпағы — 372,
5 Арахтың+ ұрпағы — 775,
6 Пахат-Моабтың+ ұлдары Ешуа мен Жоғабтан тараған ұрпағы — 2812,
7 Еламның ұрпағы+ — 1254,
8 Затудың ұрпағы+ — 945,
9 Зақайдың ұрпағы — 760,
10 Банидің ұрпағы — 642,
11 Бебайдың ұрпағы — 623,
12 Азғаттың ұрпағы — 1222,
13 Адониқамның ұрпағы — 666,
14 Бигуайдың ұрпағы — 2056,
15 Әденнің ұрпағы — 454,
16 Езекияның әулетінен шыққан Атердің ұрпағы — 98,
17 Бесайдың ұрпағы — 323,
18 Жорахтың ұрпағы — 112,
19 Хашумның ұрпағы+ — 223,
20 Гибардың ұрпағы — 95,
21 Бетлехемнің адамдары — 123,
22 Нетопаның адамдары — 56,
23 Анатоттың+ адамдары — 128,
24 Азмауеттің адамдары — 42,
25 Кирият-Еғаримнің, Кефира мен Бероттың адамдары — 743,
26 Рамақ+ пен Гебаның+ адамдары — 621,
27 Миқмастың адамдары — 122,
28 Бетел мен Гайдың+ адамдары — 223,
29 Небоның+ адамдары — 52,
30 Мағбиштің ұрпағы — 156,
31 Басқа Еламның ұрпағы — 1254,
32 Харимнің ұрпағы — 320,
33 Лод, Хадид пен Ононың адамдары — 725,
34 Иерихонның адамдары — 345,
35 Сенахтың ұрпағы — 3630.
36 Діни қызметкерлер+: Едаяхтың+ Ешуадан+ тараған ұрпағы — 973,
37 Имердің ұрпағы+ — 1052,
38 Пашхурдың ұрпағы+ — 1247,
39 Харимнің ұрпағы+ — 1017.
40 Леуіліктер+: Ходабиахтан тараған Ешуа мен Кадмиелдің ұрпағы+ — 74;
41 әншілер+: Асаптың+ ұрпағы — 128;
42 қақпа күзетшілері+: Шалум, Атер, Талмон+, Ақұп+, Хатита мен Шобайдың ұрпақтарының барлығы — 139 адам.
43 Ғибадатхана қызметшілері*+: Зиханың үрім-бұтағы, Хасупаның үрім-бұтағы, Табаоттың үрім-бұтағы,
44 Керостың үрім-бұтағы, Сияхтың үрім-бұтағы, Падонның үрім-бұтағы,
45 Лебанақтың үрім-бұтағы, Қағабақтың үрім-бұтағы, Ақұптың үрім-бұтағы,
46 Хагаптың үрім-бұтағы, Салмайдың үрім-бұтағы, Хананның үрім-бұтағы,
47 Гиделдің үрім-бұтағы, Ғахардың үрім-бұтағы, Реяхтың үрім-бұтағы,
48 Ресиннің үрім-бұтағы, Некоданың үрім-бұтағы, Ғазамның үрім-бұтағы,
49 Ұзаның үрім-бұтағы, Пасеахтың үрім-бұтағы, Бесайдың үрім-бұтағы,
50 Аснаның үрім-бұтағы, Меунимнің үрім-бұтағы, Нефисимнің үрім-бұтағы,
51 Бақбұқтың үрім-бұтағы, Хакупаның үрім-бұтағы, Хархурдың үрім-бұтағы,
52 Базлұттың үрім-бұтағы, Мехиданың үрім-бұтағы, Харшаның үрім-бұтағы,
53 Баркостың үрім-бұтағы, Сисараның үрім-бұтағы, Темақтың үрім-бұтағы,
54 Незияхтың үрім-бұтағы, Хатипаның үрім-бұтағы.
55 Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпағы: Сотайдың үрім-бұтағы, Софереттің үрім-бұтағы, Перуданың үрім-бұтағы+,
56 Ялахтың үрім-бұтағы, Дарқонның үрім-бұтағы, Гиделдің үрім-бұтағы,
57 Шафатияхтың үрім-бұтағы, Хатилдің үрім-бұтағы, Похерет-Хазебайымның үрім-бұтағы, Әмидің үрім-бұтағы.
58 Ғибадатхана қызметшілері мен Сүлейменнің қызметшілерінің үрім-бұтағының жалпы саны — 392 адам.
59 Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддон және Имерден келген, бірақ өздерінің қай әулеттен шыққанын, Исраил халқына жататын-жатпайтынын дәлелдей алмағандар мыналар+:
60 Делаяхтың, Тобияның, Некоданың ұрпақтары. Барлығы — 652 адам.
61 Діни қызметкерлердің ұрпақтарынан: Хабаях, Хакоз+ және Барзилайдың ұрпақтары. Соңғысы ғалақаттық Барзилайдың+ бір қызына үйленіп, солардың атымен аталып кеткен.
62 Осылар шежіреден ататектерін іздеп көріп еді, таба алмады. Сондықтан діни қызметке жарамсыз деп, одан шеттетілді+.
63 Содан әмірші* оларға осы мәселені урим мен туммим+ арқылы шешіп бере алатын діни қызметкер шықпайынша, аса киелі нәрселерден жемеу керектігін айтты+.
64 Бүкіл қауымның жалпы саны 42 360 болды+.
65 Бұлардан басқа құл-күңдердің саны — 7337, әнші еркектер мен әйелдердің саны — 200.
66 Оларда 736 жылқы, 245 қашыр,
67 сондай-ақ 435 түйе және 6720 есек болды.
68 Олар Иерусалимдегі Ехобаның үйіне келгенде, кейбір әулетбасылары Құдайдың үйін бұрынғы орнында қайта соғу үшін+ ерікті сый-тартулар жасады+.
69 Шама-шарқына қарай олар бұл істің қазынасына 61 000 алтын драхма*, 5000 күміс мина*+, діни қызметкерлерге арналған 100 ұзын жеңді көйлек берді.
70 Діни қызметкерлер, леуіліктер, халықтың арасынан біраз адам, әншілер, қақпа күзетшілері мен ғибадатхана қызметшілері өз қалаларына, ал қалған исраилдіктер өз қалаларына қоныстанды+.
Сілтемелер
^ Немесе “провинция”.
^ Немесе “нетиндер”. Сөзбе-сөз “берілгендер”.
^ Немесе “тиршата”. Бұл — парсылардың аймақ әміршісіне берген лауазымы.
^ Жалпы алғанда, 1 драхма 1 дарикке тең. Дарик — 8,4 г-ға тең парсылардың алтын тиыны. Бұл Грек жазбаларындағы драхмадан бөлек. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ Еврей жазбаларында 1 мина 570 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.