Езра 6:1—22

  • Дарийдің мұрағатты тексертуі және жарлық шығаруы (1—12)

  • Ғибадатхананың салынып бітуі мен бағышталуы (13—18)

  • Құтқарылу мейрамының атап өтілуі (19—22)

6  Дарий патша бұйрық беріп, Бабылдағы қазына қоймаларында сақталған мұрағаттарды тексертті.  Сонда Мидия аймағында орналасқан Экбатанадағы қамалдан шиыршық табылды. Онда келесідей мәлімет жазылған екен:  “Кир патша өзінің билік құрған бірінші жылында Иерусалимдегі Құдай үйіне қатысты мынадай жарлық шығарды+: “Құрбандық ұсына алулары үшін, яһудилер үйді қайта соғып, іргетасын бұрынғы орнына қаласын. Оның биіктігі 60 шынтақ*, ені 60 шынтақ болсын+.  Қабырғасы үлкен-үлкен тастардан үш қатар етіп, ал үстіне бір қатар бөренелер қойылып соғылсын+. Ал кететін шығын патшаның қазынасынан төленсін+.  Сондай-ақ кезінде Навуходоносор Иерусалимдегі ғибадатханадан алып, Бабылға әкеткен Құдай үйінің алтын-күміс ыдыстары+ қайтарылып, Иерусалимдегі ғибадатханадағы, Құдай үйіндегі, өз орындарына қойылсын+”.  Содан Дарий патша мынадай бұйрық берді: “Евфраттың батыс өлкесінің әміршісі Татенай, Шетар-Бозенай мен олардың әріптестері, яғни Евфраттың батыс өлкесіндегі кіші әміршілер+, сендер бұл мәселеге араласпаңдар.  Құдай үйінің құрылысына бөгет жасамаңдар. Яһудилердің әміршісі мен ақсақалдары Құдай үйін бұрынғы орнына тұрғыза берсін.  Бұған қоса, яһуди ақсақалдары Құдай үйін қайта соға алулары үшін, сендерге мынаны бұйырамын: жұмыс тоқтап қалмас үшін, патша қазынасынан+, Евфраттың батыс өлкесінен жиналатын салықтан, тез арада қаражат бөлінсін+.  Сонымен қатар қажеттінің бәрі оларға күн сайын үздіксіз беріліп тұрсын. Атап айтқанда, Иерусалимдегі діни қызметкерлердің сұрағандарына сай, көктегі Құдайға түгел өртелетін құрбандықтар үшін жас бұқалар+, қошқарлар+ мен тоқтылар+, бидай+, тұз+, шарап+, май+ берілсін. 10  Осылайша олар көктегі Құдайға ұнамды құрбандықтарды әрдайым ұсынып, патша мен оның ұлдарының саулығы үшін дұға ете алады+. 11  Кімде-кім осы жарлықты бұзатын болса, оның үйінен бір бөрене суырып алынып, ол соған ілініп қойылсын, ал үйі көпшілік баратын әжетханаға* айналсын. 12  Осы жарлықты бұзып, Құдайдың өз есімі үшін таңдап алған Иерусалимдегі үйін+ қиратпақ болған кез келген патшаны не халықты ол жазаласын. Мен, Дарий, осы жарлықты шығардым. Бұл жарлық бірден жүзеге асырылсын”. 13  Сонда Евфраттың батыс өлкесінің әміршісі Татенай және Шетар-Бозенай+ мен олардың әріптестері Дарий патшаның барлық бұйрығын дереу орындады. 14  Хагей пайғамбар мен Иддоның немересі Зәкәрияның пайғамбарлығынан жігер алған+ яһуди ақсақалдары құрылысты жалғастырып, істері алға басты+. Сөйтіп, олар Исраил Құдайының бұйыруымен+ және Кирдің+, Дарий+ мен Персия патшасы Артаксеркстің жарлығымен+ үйді салып бітірді. 15  Оны адар* айының үшінші күні, Дарий патшаның билік етуінің алтыншы жылы аяқтады. 16  Исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер+ мен жер аударылудан оралғандардың бәрі зор қуанышпен Құдай үйінің бағышталу рәсімін өткізді. 17  Олар Құдай үйін бағыштау рәсіміне арнап 100 бұқа, 200 қошқар, 400 тоқты шалды, ал күнә үшін құрбандыққа Исраил руларының санына сәйкес 12 теке ұсынды+. 18  Сондай-ақ Мұсаның кітабында жазылғанға сай, діни қызметкерлер мен леуіліктерді топ-топқа бөліп, Иерусалимдегі Құдай үйінде қызмет ету кезектеріне тағайындады+. 19  Еліне оралғандар бірінші айдың он төртінші күні Құтқарылу мейрамын атап өтті+. 20  Діни қызметкерлер мен леуіліктер бірі қалмай тазару рәсімінен өтті+, сөйтіп, бәрі таза болды. Олар еліне оралғандар үшін, діни қызметкер бауырлары және өздері үшін Құтқарылу мейрамының құрбандығын шалды. 21  Құрбандықтың етінен елге оралған исраилдіктер де, Құдай халқына қосылғандар да жеді. Бұлар Исраилдің Құдайы Ехобаға ғибадат ету үшін басқа ұлттардың арам нәрселерінен тазарғандар еді+. 22  Сонымен қатар олар жеті күн бойы Ашымаған нан мейрамын* тойлап+, шат-шадыман болды. Өйткені Ехоба оларды қуанышқа кенелткен еді, сондай-ақ Исраил Құдайының үйін соғуға қолдау көрсетуі үшін, Ассирия патшасының жүрегін жібіткен болатын+.

Сілтемелер

Шамамен 26,7 м. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Мүмкін: “күл-қоқыс не тезек тастайтын жерге”.