Езра 8:1—36
8 Артаксеркс патшаның билігінің тұсында+ Бабылдан менімен бірге шыққан әулетбасылары және әулеттері бойынша тізімге алынғандар мыналар:
2 Пінехестің+ ұрпағынан Гершом, Итамардың+ ұрпағынан Даниял, Дәуіттің ұрпағынан Хатуш,
3 Пароштан тараған Шеханияның ұрпағынан Зәкәрия және онымен бірге тізімге енген 150 ер адам,
4 Пахат-Моабтың ұрпағынан+ Елихо-Хенай ұлы Зарақия және онымен бірге 200 ер адам,
5 Затудың ұрпағынан+ Жахазиел ұлы Шехания және онымен бірге 300 ер адам,
6 Әденнің ұрпағынан+ Жонатан ұлы Ебед және онымен бірге 50 ер адам,
7 Еламның ұрпағынан+ Аталияның ұлы Ешаях және онымен бірге 70 ер адам,
8 Шафатияхтың ұрпағынан+ Микайл ұлы Забадия және онымен бірге 80 ер адам,
9 Жоғабтың ұрпағынан Ехиел ұлы Абадия және онымен бірге 218 ер адам,
10 Банидің ұрпағынан Жосыпиях ұлы Шеломит және онымен бірге 160 ер адам,
11 Бебайдың ұрпағынан+ Бебай ұлы Зәкәрия және онымен бірге 28 ер адам,
12 Азғаттың ұрпағынан+ Хакатан ұлы Жоханан және онымен бірге 110 ер адам,
13 Адониқамның ұрпағынан+ соңғы болып оралғандар Елипелет, Жейел, Шемаях және олармен бірге 60 ер адам,
14 Бигуайдың ұрпағынан+ Ұтай мен Забут және олармен бірге 70 ер адам.
15 Мен оларды Ахауаға+ қарай ағатын өзеннің маңына жинадым. Сол жерге қос тігіп, үш күн болдық. Халық пен діни қызметкерлерді қарап шыққанымда, араларынан бірде-бір леуілікті таппадым.
16 Сонда мен кісі жіберіп, Елиезер, Ариел, Шемаях, Елнатан, Яриб, Елнатан, Натан, Зәкәрия, Мешулам деген басшыларды және Жохариб пен Елнатан деген тәлімгерлерді шақырттым.
17 Сосын оларға Касифия деп аталатын жердің басшысы Иддоға баруды бұйырдым. Сөйтіп, Иддо және Касифиядағы оның бауырларына (бұлар ғибадатхана қызметшілерінің* әулетінен шыққан) бізге Құдайымыздың үйінде қызмет ететін адамдар жіберсін дедім.
18 Құдайымыз жар болғандықтан, олар Исраилдің ұлы Леуінің немересі Махлидің+ ұрпағынан шыққан Шеребиях+ атты бір ақылды кісіні, оның ұлдары мен бауырларын, барлығы 18 ер адамды ертіп келді.
19 Сондай-ақ Хашабияхты және онымен бірге Мераридің+ ұрпағынан шыққан Ешаяхты, оның бауырларын және олардың ұлдарын, барлығы 20 ер адамды ертіп келді.
20 Ғибадатхана қызметшілерінің арасынан есімі бойынша тіркелген 220 қызметші де келді. Бұларды кезінде Дәуіт пен басшылар леуіліктерге қызмет етуге берген болатын.
21 Содан кейін мен Ахауа өзенінің бойында халыққа ораза ұстауды жарияладым. Осылайша Құдайымыздың алдында кішіпейілділік танытып, жолымыз қауіпсіз болып, бала-шағамызбен, мал-мүлкімізбен аман-есен жетуімізді сұрамақ болдық.
22 Патшадан бізді жол-жөнекей жаулардан қорғайтын жасақшылар мен атты әскер сұрауға ұялдым, өйткені мұның алдында оған: “Құдайымыз өзін іздегендердің бәріне жар болады+, ал өзінен бас тартқандардың бәріне құдіретін көрсетіп, қаһарын төгеді+”,— деп айтқан едік.
23 Сондықтан ораза ұстап, Құдайымыздан осы жайлы сұрадық. Ол біздің өтінішімізге құлақ асты+.
24 Содан мен діни қызметкерлердің басшыларынан он екісін, атап айтқанда: Шеребияхты, Хашабияхты+ және олардың он бауырын — таңдап алдым.
25 Сөйтіп, патша мен оның уәзірлері және әміршілері, сондай-ақ сол өңірдегі күллі исраилдіктер Құдайымыздың үйіне арнап тарту еткен алтын-күміс пен бұйымдарды таразыға өлшеп, оларға табыс еттім+.
26 Осылайша олардың қолына 650 талант* күміс, жалпы салмағы 2 талант болатын 100 күміс бұйым, 100 талант алтын,
27 жалпы құны 1000 дарик* болатын 20 кішкентай алтын табақ, құны алтынға тең келетін әрі сапалы жылтыраған қызыл мыстан жасалған 2 бұйым бердім.
28 Сосын оларға былай дедім: “Сендер Ехоба үшін қасиеттісіңдер+, бұйымдар да қасиетті, ал алтын мен күміс — ата-бабаларыңның Құдайы Ехобаға арналған ерікті сый-тарту.
29 Осы заттарға мұқият болыңдар. Өйткені оларды Иерусалимде — Ехобаның үйіндегі қойма бөлмелерде — діни қызметкерлер мен леуіліктердің басшыларының және Исраил әулетбасыларының алдында таразыға тартып өткізесіңдер+”.
30 Сонда діни қызметкерлер мен леуіліктер Иерусалимдегі Құдайымыздың үйіне жеткізу үшін, өздеріне өлшеніп берілген алтын-күмісті және бұйымдарды қабылдап алды.
31 Сөйтіп, бірінші айдың+ он екінші күні біз Ахауа+ өзенінен Иерусалимге жол тарттық. Құдайымыз жар болып, бізді жол бойы жаулардан және торуылдап жатқан қарақшылардан аман сақтады.
32 Біз Иерусалимге жетіп+, сол жерде үш күн болдық.
33 Төртінші күні Құдайымыздың үйінде алтын-күміс пен бұйымдарды таразыға тартып+, Ұрияхтың діни қызметкер ұлы Меремотқа+ табыстадық. Оның қасында Пінехес ұлы Елазар тұрды. Олармен бірге Ешуа ұлы Жозабад+ пен Бинуй+ ұлы Ноғадия атты леуіліктер де болды.
34 Әкелінген заттардың бәрі саналып, таразыға тартылды да, жалпы салмағы жазып қойылды.
35 Тұтқыннан босап келгендер, яғни жер аударылудан оралғандар, Исраил Құдайына арнап түгел өртелетін құрбандықтар әкелді: бүкіл Исраил үшін 12 бұқа+, 96 қошқар+, 77 еркек тоқты және күнә үшін құрбандыққа 12 теке+. Бұның бәрі Ехобаға түгел өртеліп ұсынылды+.
36 Содан кейін біз патшаның жарлықтарын+ оның сатраптарына* және Евфраттың+ батыс өлкесіндегі әміршілерге табыстадық. Олар халыққа және Құдай үйіне қолдау көрсетті+.
Сілтемелер
^ Немесе “нетиндер”. Сөзбе-сөз “берілгендер”.
^ 1 талант 34,2 кг-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ Дарик — парсылардың алтын тиыны. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ Мағынасы “патшалықты қорғаушылар”. Түсіндірмені қараңыз.