Еремияның зары 2:1—22
א [Aleph]
2 Ехоба Сион қызына ашуының қара бұлтын төндірді!
Исраилдің сән-салтанатын көктен жерге лақтырды+.
Ашуына мінген күні өзінің табан тіренішін+ есіне алмады.
ב [Бет]
2 Ехоба Жақыптың тұрағын аямай, түгел құртып жіберді.
Ашуланып Яһуда қызының бекіністерін ойран етті+.
Патшалықты және оның әміршілерін жермен-жексен етіп, арамдады+.
ג [Гимел]
3 Ыза кернеген ол Исраилдің бар күшін күйретті*.
Жау таяп қалғанда, созған оң қолын тартып алды*+.
Айналаны жалмайтын от іспетті ол Жақыпқа қарсы лаулады+.
ד [Далет]
4 Ол жау сияқты садағын керді, дұшпандай оң қолын соққы беруге дайындады+.
Бізге қымбат жандарды қырып салды+.
Сион қызының шатырына+ қаһарын оттай төкті+.
ה [Хе]
5 Ехоба бізге жау іспетті болды+.
Ол Исраилді күйретті,Оның мұнараларын ойрандады,Бекіністерін тас-талқан етті.
Яһуда қызын қайғыртып, қатты зарлатты.
ו [Вав]
6 Ол ғибадатханасын* бақшадағы бастырмадай талқандады+.
Оның мерекесін тоқтатты+.
Ехоба Сиондағы мейрам мен Демалыс күнін ұмыттырды.
Қатты ыза болған ол патшаны да, діни қызметкерді де аямады+.
ז [Заин]
7 Ехоба құрбандық ошағынан бас тартты,Өзінің қасиетті орнын керек қылмады+.
Бекініс мұнараларының қабырғаларын жау қолына берді+.
Ехобаның үйінен олардың мейрам күніндегідей дауыстары шықты+.
ח [Хет]
8 Ехоба Сион қызының дуалын бұзуды шешті+.
Өлшеуіш жіпті созды+.
Жоюға созған қолын тартып алмады.
Үймегі мен дуалын қайғыртты.
Екеуінде де дәрмен қалмады.
ט [Тет]
9 Оның қақпалары жерге шөкті+.
Ысырмалары сындырылып, быт-шыт болды.
Патшасы мен әміршілері бөтен халықтар арасында жүр+.
Заңды ешкім ұстанбайды, пайғамбарлары да Ехобадан аян алмайды+.
י [Йод]
10 Сион қызының ақсақалдары жерде үнсіз отыр+.
Азалы киім киіп, бастарына топырақ шашты+.
Иерусалим қыздары бастарын салбыратып, жерге қарады.
כ [Каф]
11 Жылай-жылай көзім талды+.
Ішім оттай күйіп тұр.
Бауырым езілді*, өйткені халқымның қызы* күйреді+,Сәбилер мен нәрестелер қала алаңдарында естен тануда+.
ל [Ламед]
12 Олар қала алаңдарында жаралы адамдай талықсып,Аналарының құшағында жан* тәсілім етіп жатып:
“Тамақ пен сусын қайда?”— деп сұрауда+.
מ [Мем]
13 Уа, Иерусалим қызы, саған кімді мысал етейін,Сені кімге ұқсатайын?
Уа, Сионның пәк қызы, жұбату үшін сені кімге теңейін?
Жараң теңіздей ұлан-ғайыр+.
Кім сені сауықтыра алады+?
נ [Нун]
14 Пайғамбарларың көрген аяндар жалған әрі пайдасыз болды+,Олар сені тұтқынға кетуден сақтау үшін күнәңді әшкерелемеді+.
Олар өтірік аян көріп, сені адастыратын хабар таратты+.
ס [Самех]
15 Қасынан өткендердің бәрі сені мазақ қылып, шапалақ ұрады+.
Иерусалим қызына таңғала ысқырып+, бастарын шайқап:
“Мінсіз әсем, жержүзінің қуанышы деген қала+ осы ма?” — деуде.
פ [Пе]
16 Жауларыңның бәрі ауыздарын ашты.
Ысқырып, тістерін қайрап: “Біз оны жалмап қойдық+.
Осы күнді ұзақ күткен едік+! Ол келді, оны көрдік+!” — деуде.
ע [Аин]
17 Ехоба өз ниетін іске асырды+, сөзін орындады+,Бұрынырақта айтқандарын жүзеге асырды+.
Еш аямай талқандады+.
Жауларыңды жеңіспен қуантты, дұшпандарыңның күшін* басым етті.
צ [Цади]
18 Халықтың жүрегі Ехобаға жалбарынуда, уа, Сион қызының дуалы.
Көз жасың дариядай күні-түні ақсын.
Өзің де дамыл таппа, көз жасың да тыйылмасын.
ק [Коф]
19 Тұр! Түн ішінде, таңғы күзет басталғанда, айғай сал.
Ағыл-тегіл жылап, Ехобаның алдында жүрегіңдегіні ақтар.
Аштықтан әр көшенің бұрышында ес-түссіз жатқан+
Балаларыңа өмір сұрап, қолыңды созып, дұға ет.
ר [Реш]
20 Уа, Ехоба, қатаң жазалаған халқыңа назар салшы.
Әйел өз нәрестесін, сап-сау туылған баласын жеуші ме еді+?
Ехобаның қасиетті орнында діни қызметкер мен пайғамбар өлтірілуші ме еді+?
ש [Шин]
21 Жасы да, кәрісі де көшелерде өліп жатыр+.
Бойжеткендерім мен жігіттерім семсердің жүзінен мерт болды+.
Ашуыңа мінген күні оларды өлтірдің, еш аяусыз көзін құрттың+.
ת [Тав]
22 Мейрамға жинағандай+, жан-жақтан үрей-қорқыныш жинадың.
Ехоба қаһарын төккен күні ешкім қашып құтылмады, аман да қалмады+,Дүниеге әкеліп, бағып-қаққан балаларымды дұшпаным қырып салды+.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “мүйізін сындырды”.
^ Яғни жоймады.
^ Сөзбе-сөз “өз күркесін”.
^ Бұл — бейнелі сөз, ол аяушылықты, жанашырлықты білдірсе керек.
^ Сөзбе-сөз “жерге төгілді”.
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Сөзбе-сөз “мүйізін”.