Еремияның зары 4:1—22

  • Қоршауға алынған Иерусалимнің тартқан азабы

    • Аштық (4, 5, 9)

    • Әйелдер өз балаларын пісірді (10)

    • Ехоба ашу-ызасын төкті (11)

א [Алеф] 4  Жалтыраған алтынның, саф алтынның, көмескі тартқаны-ай+! Қасиетті орынның тастары+ әр көшенің бұрышында жатқаны-ай+! ב [Бет]   Ал саф алтындай бағаланған Сион ұлдарыныңҚұмырашының қолынан шыққан қыш ыдыстай болып қалғаны-ай! ג [Гимел]   Тіпті шибөрі де күшігін емізеді ғой,Ал халқымның қызы шөлдегі түйеқұстай+ тасбауыр болып кеткен+. ד [Далет]   Емшектегі бала сусап, тілі таңдайына жабысты. Балалар жалынып нан сұрайды+, бірақ беріп жатқан ешкім жоқ+. ה [Хе]   Тамақ таңдап жегендер енді көшелерде аштықтан бұралып жатыр+. Қымбат ал қызыл киім киіп өскендер+ үйілген күлді құшақтап жатыр. ו [Вав]   Халқымның қызының күнәсі үшін тартқан жазасы Содомдікінен де ауыр+. Содом бір-ақ сәтте құрып, оған ешкім қол ұшын бермеген болатын+. ז [Заин]   Сионда назир+ болғандар қардан таза, сүттен ақ еді. Өңдері маржаннан да қызыл, жақұттай жылтыр еді. ח [Хет]   Ал енді түрлері күйеден де қап-қара. Көшеде ешкім оларды танымайды. Терілері сүйектеріне жабысып+, қу ағаштай болып қалған. ט [Тет]   Аштықтан гөрі семсердің жүзінен өлгендерге жақсы+,Олар әбден қалжырап, жеуге азық таппай қырылуда. י [Йод] 10  Жанашыр әйелдер балаларын өз қолымен пісірді+. Халқымның қызы күйрегенде, оларды қасірет азығына айналдырды+. כ [Каф] 11  Ехоба қаһарын жаудырды. Лаулаған ашу-ызасын төкті+. Ол Сионға іргетасын жалмайтын от қойды+. ל [Ламед] 12  Иерусалимнің қақпаларынан жау мен дұшпанның кіретінінеЖержүзінің ешбір патшасы да, тұрғыны да сенбеп еді+. מ [Мем] 13  Бұл пайғамбарлардың күнәлары мен діни қызметкерлердің қылмыстарының кесірінен болды+,Олар қала ішінде әділ жандардың қанын төкті+. נ [Нун] 14  Енді олар соқырлардай+ көшелерде сенделіп жүр. Олар қанмен арамдалған+,Киімдеріне ешкім қол тигізе алмайды. ס [Самех] 15  “Әрі кетіңдер! Арамдалғансыңдар!— деп жұрт оларға айғайлайды.— Кетіңдер! Әрі кетіңдер! Бізге қол тигізбеңдер!” Өйткені олар үй-күйсіз, тентіреп жүр. Жұрт өзара: “Олар арамызда тұра алмайды”,— деседі+. פ [Пе] 16  Ехобаның өзі оларды бытыратып жіберді+. Енді қайтып оларға оң көзбен қарамайды. Жұрт діни қызметкерлерді сыйламайтын+, ақсақалдарға да ізет көрсетпейтін болады+. ע [Аин] 17  Бекерге жәрдем күтіп, көзіміз талды+. Құтқара алмайтын халықтан көмек іздеумен болдық+. צ [Цади] 18  Жау әр қадамымызды аңдығандықтан+, көшеде жүре алмай қалдық. Құритын кезіміз жақындап, күніміз бітті, ажалымыз таяп қалды. ק [Коф] 19  Қуғыншыларымыз аспандағы бүркіттен жылдам болды+. Тауда бізді өкшелей қуып, құла түзде де аңдып жатты. ר [Реш] 20  Өміріміздің тынысы, Ехобаның майланғаны+, солардың қазған үлкен орына түсті+,Ал біз болсақ: “Оның саясында болып, басқа ұлттар арасында аман жүреміз”,— деп едік. ש [Син] 21  Уа, Ұз елінде тұрып жатқан Едом қызы+, қуанып шаттан. Бірақ Құдайдың қаһарына толы тостаған саған да беріледі+, сонда мас болып, жалаңаш тәніңді көрсетесің+. ת [Тав] 22  Уа, Сион қызы, күнәң үшін алған жазаң бітті. Құдай сені қайтып тұтқынға жібермейді+. Бірақ, уа, Едом қызы, ол сенің зұлым ісіңе назар аударады,Күнәларыңды әшкере етеді+.

Сілтемелер