Еремияның зары 5:1—22

  • Халықтың өзін қайта қалпына келтіру жайлы дұғасы

    • “Басымызға не түскенін есіңе ала көр” (1)

    • “Күнәміздің кесірінен қасіретке қалдық” (16)

    • “Уа, Ехоба, бізді өзіңе қайтаршы” (21)

    • “Бұрынғы күндерімізге қайтаршы” (21)

5  Уа, Ехоба, басымызға не түскенін есіңе ала көр. Қалай масқара болғанымызға назар сала көр+.   Мұралық жерімізді бөтендер, үйлерімізді жатжерліктер иемденді+.   Өзіміз әкесіз қалған жетімдей, аналарымыз жесірдей болды+.   Өз суымызды сатып ішуге+, өз отынымызды ақшаға алуға мәжбүрміз.   Қуғыншыларымыз қуып жетіп қалды,Шаршап-шалдықсақ та, бізге еш тыным жоқ+.   Нанға тою үшін Мысыр+ мен Ассирияға+ қол созып, үміт арттық.   Күнә жасаған ата-бабаларымыз дүниеден өткен, әйтсе де күнәларының зардабын біз шегудеміз.   Құлдар бізге билік етуде, олардың қолынан бізді құтқаратын ешкім жоқ.   Далада семсер ұстағандардың кесірінен өмірімізді қатерге тігіп, нан әкелеміз+. 10  Аштықтың азабынан теріміз пештей қызып кетті+. 11  Олар Сионда әйелдерді, Яһуда қалаларында қыздарды қорлады*+. 12  Әміршілерді қолынан асып қойды+, ақсақалдарға еш құрмет көрсетпеді+. 13  Жас жігіттер қолдиірмен көтеріп жүр, ал бозбалалар ауыр отын тасып, сүрініп-құлауда. 14  Ақсақалдар қала қақпаларының маңында отырмайтын+, жас жігіттер аспаптарында ойнамайтын болды+. 15  Жүрегімізден қуаныш кетті, биіміз қайғы-мұңға айналды+. 16  Басымыздан тәж құлады. Күнәміздің кесірінен қасіретке қалдық! 17  Осылардан жүрегіміз ауырады+,Осылардың салдарынан көзіміз қарауытты+. 18  Өйткені Сион тауы қаңырап қалды+, онда түлкілер кезіп жүр. 19  Ал сен, уа, Ехоба, тағыңда мәңгі отырасың. Тағың ұрпақтан ұрпаққа тұра береді+. 20  Неге бізді мәңгіге ұмыттың, бізді ұзаққа тастап кеттің+? 21  Уа, Ехоба, бізді өзіңе қайтаршы, қуана ораламыз+. Бұрынғы күндерімізге қайтаршы+. 22  Бірақ сен бізден бас тарттың,Бізге әлі де қатты ашулысың+.

Сілтемелер

Немесе “зорлады”.