Еремия 11:1—23

  • Яһуданың Құдаймен жасасқан келісімді бұзуы (1—17)

    • Қанша қала болса, сонша тәңірі бар (13)

  • Еремия сойылуға апара жатқан тоқтыдай (18—20)

  • Еремияға өз қаласының тұрғындарының қарсылық көрсетуі (21—23)

11  Ехоба Еремияға сөзін арнап былай деді:  “Уа, халық, сендермен жасасқан келісімімде айтылған сөздерге құлақ салыңдар! Мұны сен* Яһуда халқы мен Иерусалимнің тұрғындарына жеткіз.  Исраилдің Құдайы Ехоба айтты деп, оларға былай де: —Осы келісімде айтылған сөздерді орындамайтын адамды қарғыс атсын+.  Бұл сөздерді мен ата-бабаларыңды темір балқытатын пеш іспетті Мысыр елінен+ алып шыққанда бұйырып+, оларға сөзіме құлақ салуды, айтқандарымның бәрін орындауды тапсырғанмын. Сонда олар менің халқым, ал мен олардың Құдайы болатынымды+,  әрі ата-бабаларына ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерді беремін деген антымды орындайтынымды айтқанмын+. Сендер, міне, сол жерде тұрып келесіңдер”. Бұған мен: “Аумин, уа, Ехоба”,— деп жауап қаттым.  Сосын Ехоба маған былай деді: “Бұл сөздердің бәрін Яһуда қалалары мен Иерусалим көшелерінде былай деп жарияла: —Осы келісімдегі сөздерді тыңдап, орындаңдар.  Мен Мысыр жерінен алып шыққаннан осы күнге дейін ата-бабаларыңа “сөзіме құлақ асыңдар” деп, қайта-қайта* қатаң ескертіп келдім+.  Бірақ олар тыңдамады, құлақ та аспады. Керісінше, қасарысып, әрқайсысы зұлым жүректерінің қалауымен жүрді+. Бұйырғандарымды орындаудан бас тартқаны үшін, мен осы келісімде айтылғандарды олардың бастарына түсірдім”.  Сосын Ехоба маған былай деді: “Яһуда халқы мен Иерусалим тұрғындары маған қарсы астыртын іс жасап жатыр. 10  Олар кезінде менің сөздеріме құлақ аспаған ата-бабаларының күнәларына қайта оралып+, бөтен тәңірлерге табынып, құлшылық етіп жүр+. Исраил үйі мен Яһуда үйі ата-бабаларымен жасасқан келісімімді бұзды+. 11  Сондықтан да Ехоба былай дейді: —Міне, мен оларға қашып құтыла алмайтын апат жіберемін+. Көмекке шақырғанда, мен оларды тыңдамаймын+. 12  Сонда Яһуда қалалары мен Иерусалим тұрғындары құрбандық шалып* жүрген тәңірлеріне барып, көмек сұрайды+. Бірақ олары халықты апаттан еш құтқара алмайды. 13  Уа, Яһуда, қанша қалаң болса, сонша тәңірің бар. Иерусалимде қанша көше болса, ұятқа қалдыратын тәңір Бағалға құрбандықтар әкелу үшін, сонша құрбандық орнын тұрғыздың+. 14  Ал сен* мына халық үшін дұға етпе. Олар үшін жалынба, өтініш те айтпа+. Өйткені бастарына апат түсіп, мені шақырғанда, құлақ аспаймын. 15  Араларында көбісі зымияндық жасап жатқанда,Сүйікті халқым менің үйіме қалай келе алады?! Құрбандықтарының еті басына төнген апаттың бетін қайтара ала ма? Сол уақытта шат-шадыман болып, қуана ала ма? 16  “Жемісі жақсы әрі әдемі, жайқалған зәйтүн ағашы”,Ехоба сені* кезінде осылай атап еді. Бірақ ол қатты гүрілдетіп ағашқа от қойды,Оның бұтақтары сындырылды. 17  Сені еккен Әскербасы Ехоба+ басыңа апат түсіретінін жариялады. Себебі Исраил үйі мен Яһуда үйі көп зұлымдық жасады, олар Бағалға құрбандықтар шалып, Құдайды қорлады+”. 18  Біліп жүруім үшін Ехоба мені хабардар етті,Сол уақытта, уа, Құдайым, олардың не істеп жатқанын маған көрсеттің. 19  Мен сойылуға апара жатқан момын тоқтыдай болдым. Дұшпандарымның зымияндық ойластырып+: “Ағашты жемісімен қоса құртып жіберейік,Тірілердің мекенінен оның көзін құртайық,Сонда оның есімі еске де алынбайды”,— деп жүргенін білмедім. 20  Бірақ Әскербасы Ехоба әділ сот жүргізеді. Ол көңіл түбіндегі ой-сезімді*, жүректі тексереді+. Олардан кек алғаныңды көрсетші маған,Өйткені ісімді сенің қолыңа тапсырдым. 21  Менің жанымды алғысы келіп: “Ехобаның атынан пайғамбарлық айтушы болма+, әйтпесе өз қолымызбен өлтіреміз”,— деп жүрген Анатоттың+ адамдарына Ехоба өз сөзін арнады. 22  Әскербасы Ехоба былай дейді: “Міне, мен оларды жауапқа тартпақпын. Жас жігіттері семсердің жүзінен+, ұл-қыздары аштықтан өледі+. 23  Олардан тамтық та қалмайды, себебі мен Анатоттың+ адамдарын жауапқа тартқан жылы олардың басына апат түсіремін”.

Сілтемелер

Еремияға айтса керек.
Сөзбе-сөз “ерте тұрып”.
Еврейдің бұл сөзі хош иісті зат түтетуді де білдіруі мүмкін.
Яғни Еремия.
Яғни сүйікті халқын.
Сөзбе-сөз “бүйректі”.