Еремия 12:1—17

  • Еремияның шағым айтуы (1—4)

  • Ехобаның жауабы (5—17)

12  Уа, Ехоба, алдыңа шағым айтып барғанымда,Әділет мәселесі жайлы сөйлескенімде, әрдайым әділсің+. Онда неге зұлымдар өз жолында табысты+,Неге опасыздар бейқам өмір сүреді?   Оларды сен отырғыздың, олар тамыр жайды. Өсіп-өніп, жеміс беруде. Сені ауызға алғанымен, көңіл түбіндегі ойларында* жоқсың+.   Бірақ сен мені жақсы білесің+ әрі көріп тұрсың, уа, Ехоба,Жүрегімді тексеріп, оның саған адал екенін білдің+. Оларды сойылатын қойлардай таңдап алып,Бауыздайтын күнге арнап бөлек қой.   Қашанғы мына жер қуаң тартпақ,Даладағы өсімдіктер қурай бермек+? Тұрғындарының зұлымдығынанАң да, құс та құрып кеткен. Бұл адамдар: “Бізбен не болатынын ол көрмейді”,— дейді.   Егер сен жаяу адаммен жүгіремін деп шаршасаң,Аттармен қалай жарыспақсың+? Сен бейбіт жерде қауіпсіз сезініп, бейқам жүрсің,Ал Иордан бойындағы ну тоғайда қайтпексің?!   Тіпті өз бауырларың, әкеңнің үй ішіӨзіңе опасыздық жасады+. Саған айғайлап, дауыс көтерді. Тіпті жақсы нәрсе айтса да,Оларға сенім артпа.   “Мен үйімді тастап+, меншігімді қалдырып кеттім+. Жанымдай жақсы көретін халқымды жау қолына бердім+.   Меншігім ормандағы арыстанға айналды. Ол маған ақырып, айбат шекті. Сондықтан мен оны жек көріп кеттім.   Меншігім шұбар жыртқыш құсқа ұқсайды. Өзге жыртқыш құстар оны қоршап алып, тап берді+. Келіңдер, даланың күллі аңы, жиналыңдар,Келіңдер, бәрің де жеңдер+. 10  Көп бағушы жүзімдігімді ойрандады+,Олар үлесімдегі жерді таптап кетті+. Жерімнің ең жақсы бөлігін қу далаға айналдырды. 11  Ол тақыр жерге айналып,Мүлдем қурап кетті*,Көз алдымда қаңырап жатыр+. Бүкіл жер елсіз далаға айналды,Алайда бұған мән беретін ешкім жоқ+. 12  Шөл даланың әбден тапталған жолдарымен ойрандатушылар келіп жетті. Ехобаның семсері елді о шеті мен бұ шетіне дейін жалмауда+. Бірде-бір тірі жанға тыныштық жоқ. 13  Олар бидай егіп, тікен орды+. Шаршап-шалдығып тер төкті, бірақ еңбектері зая кетті. Ехобаның қаһары лаулағандықтан,Олар алатын өнімдері үшін ұятқа қалады”. 14  Ехоба мынаны айтады: “Менің өз халқым Исраилге берген мұралық меншікке тиіскен көрші зұлым халықтардың бәрін+ тамырымен қоса мекендерінен жұлып тастаймын+, Яһуданың үйін солардың арасынан тамырымен жұлып аламын. 15  Бірақ жұлып алған соң, оларға қайтадан рақымымды түсіріп, әрқайсысын өз мұралық меншігіне, өз жеріне қайтарамын”. 16  “Олар халқымның жолдарына үйренсе және менің есіміммен “Бұл — Ехобаның тірі екеніндей хақ!” деп ант етсе (кезінде олар да халқымды Бағалмен ант етуге үйреткен), халқымның арасында өркендейтін болады. 17  Ал мойынсұнудан бас тартатын кез келген халықты түптамырымен жұлып, құртып жіберемін”,— дейді Ехоба+.

Сілтемелер

Немесе “сезімдерінде”. Сөзбе-сөз “бүйректерінде”.
Мүмкін: “қайғырып жатыр”.