Еремия 13:1—27
13 Ехоба маған: “Бар, өзіңе зығырдан тоқылған белбеу сатып ал да, беліңе байла. Бірақ оған су тигізбе”,— деді.
2 Сөйтіп, мен Ехоба айтқандай, белбеу сатып алып, беліме байладым.
3 Ехоба маған екінші рет сөзін арнап:
4 “Тұр да, беліңдегі сатып алған белбеуіңді алып, Евфратқа бар. Оны сондағы бір жартастың жарығына жасырып қой”,— деді.
5 Мен Ехобаның бұйрығы бойынша бардым да, белбеуді Евфратқа жақын бір жерге тығып қойдым.
6 Көп күн өткен соң, Ехоба маған: “Тұр да, Евфратқа бар. Мен саған жасырып қой деген белбеуді әкел”,— деді.
7 Содан Евфратқа барып, тығып қойған жерімді қазып, белбеуді алдым. Бірақ белбеу шіріп, түкке жарамай қалыпты.
8 Сонда Ехоба маған былай деді:
9 “Мен Яһуданың өркөкіректігі мен Иерусалимнің асқан өркөкіректігін де дәл осылай құртамын,— дейді Ехоба+.—
10 Менің сөзіме құлақ асудан бас тартатын+, қасарысып өз жүректерінің қалауымен жүретін+, сондай-ақ басқа құдайларға табынып, құлшылық етіп, бас иетін осы зұлым халық шіріген белбеу сияқты ештеңеге жарамсыз болып қалады.
11 Белбеу адамның беліне қаншалықты жақын болса, мен де Исраил үйі мен күллі Яһуда үйін халқым+, даңқым+, мақтанышым, салтанатым ету үшін, өзіме жақындатып едім, бірақ олар мойынсұнбады+,— дейді Ехоба.
12 Сонымен қатар оларға мына хабарды да жеткізіп, Исраилдің Құдайы Ехоба: —Әрбір үлкен құмыра шараппен толтырылады,— деп жатыр де. Ал олар саған: —Әрбір үлкен құмыра шараппен толтырылатынын өзіміз де білеміз емес пе?— деп жауап береді.
13 Сонда сен оларға Ехоба мынаны айтады де: —Осы елдің барлық тұрғынын, Дәуіттің тағында отырған патшаларды, діни қызметкерлерді, пайғамбарларды, Иерусалимнің бар тұрғынын мас болғанша шарапқа тойғызамын+.
14 Мен оларды бір-бірімен, әкесі мен баласын да, соқтығыстырамын,— дейді Ехоба+.— Мен оларға жаным ашып, мүсіркемеймін, рақымшылық та танытпаймын. Оларды құртуға маған еш нәрсе бөгет болмайды+.
15 Тыңдаңдар, құлақ түріңдер.
Тәкаппар болмаңдар, өйткені сендерге Ехоба сөйлеп тұр.
16 Ол қараңғылық түсірмей тұрғанда,Таудағы ымыртта аяқтарың шалыныспай тұрғанда,Ехоба Құдайларыңды мадақтаңдар.
Сендер жарыққа үміт артасыңдар,Бірақ ол қара түнек қаптатады.
Жарықты қою түнекке айналдырады+.
17 Ал егер тыңдамасаңдар,Менмендіктеріңе бола мен оңашада зар еңірейтін боламын.
Ехобаның отары+ тұтқынға әкетіліп жатқанын көріп,Көз жасымды төгіп, егіліп жылайтын боламын+.
18 Патша мен оның анасына+: —Төменірек отырыңдар,Себебі бастарыңдағы әдемі тәж құлап түседі,— деп айт.
19 Оңтүстіктегі қалалар бекітілді*, оларды ашатын ешкім жоқ.
Яһуда халқы түгел жер аударылып кетті, бірде-біреуі қалмады+.
20 Басыңды көтеріп, солтүстіктен келе жатқандарға қара+.
Өзіңе тапсырылған отар, әдемі қойларың, қайда+?
21 О бастан жақын достасқан адамдарың арқылыЖазаға тартылғанда, не дер екенсің+?
Толғағы келген әйелдей азапқа қалмас па екенсің+?
22 Сонда іштей: —Неліктен мұның бәрі басыма түсті?— деп сұрайсың+.
Онда біліп қой, етегіңнің ашылғаны+,Табаныңның ойылғаны — көп күнәңнің кесірі.
23 Құштық* кісі терісінің қара түсін, ал қабылан теңбілдерін өзгерте ала ма+?
Өзгерте алса, жамандық жасауға машықтанған сендер де жақсылық жасай алар едіңдер.
24 Сондықтан мен сендерді шөлден соққан жел ұшырған сабандай жан-жаққа шашыратып жіберемін+.
25 Бұл — сыбағаларың, менің сендерге өлшеп берген үлесім,— дейді Ехоба.
—Өйткені сендер мені ұмытып+, өтірікке сенім арттыңдар+.
26 Сондықтан да етегіңді басыңа дейін көтеремін,Сонда жұртқа масқаралығың көрінеді+,
27 Азғын істерің+, күйлеп кісінегенің,Сорақы* жезөкшелігің аян болады.
Мен сенің төбелер мен даладағыЖиіркенішті істеріңді көрдім+.
Уа, Иерусалим, қасіретке қаласың!
Қашанғы осы арам күйіңде қала бермексің+?”