Еремия 14:1—22

  • Қуаңшылық, аштық пен семсер (1—12)

  • Жалған пайғамбарлардың айыпталуы (13—18)

  • Еремияның халықтың күнәсін мойындауы (19—22)

14  Ехобаның Еремияға қуаңшылық жайлы айтқан сөзі+:  Яһуда қайғырып+, қала қақпалары бүлінді. Олардың еңсесі түсіп, жерге шөкті,Иерусалимнен зарлы дауыстар шығып жатыр.   Қожайындар қызметшілерін суға жұмсағанда,Олар құдықтарға* барып, су таппай,Бос ыдыспен оралуда. Үміттері ақталмай, ұятқа қалып,Қайғыдан бастарын жауып алған.   Жауын-шашын болмай,Жер кеуіп жарылып кеткендіктен+,Диқаншылар мұңайып, бастарын жауып алған.   Көк шөптің жоқтығынан,Тіпті марал жаңа туған төлін тастап кетуде.   Құлан тақыр төбеге шығып,Шибөрідей ауаны деміге жұтуда. Жайылатын шөптің жоқтығынан оның көзі қарауытқан+.   Күнәларымыз өзімізге қарсы куәлік етсе де,Уа, Ехоба, өз есімің үшін әрекет етші+. Опасыз істеріміз басымыздан асады+,Біз саған қарсы күнә жасадық.   Уа, Исраилдің үміті, қиын шақтағы Құтқарушысы+,Неге осы елде жатжерлік сияқтысың? Түнеуге ғана тоқтаған жолаушыдайсың?   Неге абдырап тұрып қалған адамдайсың? Құтқара алмайтын мықты кісідейсің? Уа, Ехоба, арамыздасың ғой+,Біз сенің есіміңмен аталамыз+. Бізді тастап кете көрме. 10  Бұл халыққа қатысты Ехоба былай дейді: “Олар қаңғығанды жақсы көреді+, аяқтарына еш дамыл бермейді+. Сондықтан да мен, Ехоба, оларды жаратпаймын+. Міне, енді олардың қылмыстарын есіме алып, күнәлары үшін жауапқа тартамын+”. 11  Сосын Ехоба маған былай деді: “Бұл халықтың игілігін тілеп, дұға етпе+. 12  Олар ораза тұтып, жалынып-жалбарынғанда, құлақ аспаймын+. Түгел өртелетін құрбандықтар мен астық тартулар әкелгенде, разы болмаймын+. Семсердің жүзімен, аштықпен және індетпен көздерін құртамын+”. 13  Бұған мен былай дедім: “О, Әлемнің Әміршісі Ехоба! Міне, пайғамбарлар жұртқа: —Семсердің жүзін де, аштықты да көрмейсіңдер. Құдай осы елге шынайы тыныштық орнатады,— деп жүр”+. 14  Сонда Ехоба маған былай деді: “Пайғамбарлар менің атымнан жалған пайғамбарлық етіп жүр+. Мен оларды жіберген де, оларға бұйырған да, сөйлеген де емеспін+. Олар сендерге жалған аяндарын, сәуегейлікпен білген болжамдары мен ойдан шығарғандарын айтып жүр+. 15  Сондықтан жібермесем де, атымнан пайғамбарлық етіп, бұл елге семсердің жүзі де, аштық та төніп тұрған жоқ дегенді айтып жүрген пайғамбарлар туралы мен, Ехоба, былай деймін: —Бұл пайғамбарлар семсердің жүзінен және аштықтан өледі+. 16  Ал солардың пайғамбарлығын естіп жүрген жұрт аштық пен семсердің жүзінен қырылып, Иерусалим көшелеріне лақтырып тасталады. Олардың өздерін де, әйелдері мен ұл-қыздарын да жерлейтін ешкім болмайды+. Өйткені лайықты жазасын беріп, апатқа ұшыратамын+. 17  Сен оларға былай де: —Күні-түні көз жасым төгіліп, тоқтамасын+,Халқымның пәк қызы қатты күйреп, қирады+,Өте ауыр жарақат алды. 18  Далаға шығып, қарасам,Міне, семсердің жүзінен қырылғандар+! Ал қалаға кіріп қарасам,Міне, аштықтан індетке шалдыққандар+! Пайғамбарлар мен діни қызметкерлер бейтаныс елде сенделіп жүр+”. 19  Сен Яһудадан мүлдем бас тарттың ба? Сионды жаның жек көріп кетті ме+? Неге бізге айықпастай етіп соққы жегіздің+? Тыныштық орнайды деп үміттеніп едік, бірақ еш жақсылық болмады. Сауығатын уақытты күтіп едік, бірақ қорқыныш жайлады+! 20  Уа, Ехоба, жасаған зұлымдығымызды,Ата-бабаларымыздың қылмысын мойындаймыз. Себебі біз саған қарсы күнә жасадық+. 21  Өз есімің үшін бізден бас тарта көрме+,Салтанатты тағыңа менсінбей қарама. Бізбен жасасқан келісіміңді есіңе алып, бұза көрме+! 22  Халықтардың түкке тұрғысыз пұттары жаңбыр жаудыра ала ма? Аспан да өздігінен нөсер төге ала ма? Мұны істейтін сен емес пе, уа, Құдайымыз Ехоба+?! Біз саған үміт артамыз,Осының бәрін істейтін тек өзіңсің.

Сілтемелер

Немесе “шағын су қоймаларына”.