Еремия 15:1—21

  • Ехоба үкімін өзгертпейді (1—9)

  • Еремияның наразылығы (10)

  • Ехобаның жауабы (11—14)

  • Еремияның дұғасы (15—18)

    • Құдай сөзін қабыл алып, шаттану (16)

  • Ехобаның Еремияны нығайтуы (19—21)

15  Сосын Ехоба маған былай деді: “Тіпті Мұса мен Самуил менің алдыма келіп, өтінсе де+, мына халыққа шапағатымды түсірмеймін. Олар менің алдымнан қуылсын, кетсін.  Егер олар: —Сонда бізбен не болады?— деп сұраса, сен Ехоба мынаны айтады де: —Қатерлі індеттен өлетіндерің індеттен,Семсерден өлетіндерің семсерден+,Аштықтан өлетіндерің аштықтан өлесіңдер! Тұтқынға кететіндерің тұтқынға кетесіңдер+!  Мен олардың басына төрт түрлі апат* жіберемін+, өлтіру үшін семсерді, талап-жұлмалау үшін иттерді, жалмап жоқ қылу үшін аспандағы құстар мен жердегі аңдарды жіберемін,— дейді Ехоба+.—  Яһуда патшасы Езекия ұлы Манасаның Иерусалимде жасаған зұлым істері үшін+ оларды жер бетіндегі бүкіл патшалықтар шошынатындай күйге түсіремін+.   Уа, Иерусалим, саған кімнің жаны ашиды? Кім сені аяп-мүсіркейді? Кім тоқтап, хал-жағдайыңды сұрайды?   Сен мені тастап кеттің,— дейді Ехоба+. Менен сырт айналдың+. Сондықтан саған қарай қолымды созып, жойып жіберемін+. Мен сені аяудан шаршадым.   Осы елдің қақпаларының алдында халқымды айырмен астық іспетті суырамын. Оларды балаларынан айырамын+. Теріс жолдарынан қайтпағандықтан,Халқымды қырып-жоямын+.   Жесірлері көз алдымда теңіз жағасындағы құм қиыршықтарынан да көп болады. Мен тал түсте оларға, аналары мен бозбалаларына, қырып-жоюшыны жіберемін. Кенеттен абыржытып, зәре-құтын қашырамын.   Жеті бала туған әйелден әл кетіп,Ол қинала тыныс алуда. Әйелдің күні күндіз-ақ ұясына батып,Оны ұятқа қалдырып, масқара етті*. Олардан қалған азғана адамдыЖауларының семсерімен өлтіремін,— дейді Ехоба+”. 10  О, анашым, мен сорлыны неге ғана дүниеге әкелдің+?! Бүкіл ел менімен дауласып, жанжалдасады. Ешкімге қарыз беріп, қарыз алмасам да,Бәрі мені қарғап-сілейді. 11  Ехоба былай дейді: “Игілігің үшін мен сені қолдаймын,Басыңа апат пен ауыртпалық түскен шақта,Жауларыңнан сені арашалап қаламын. 12  Адам темірді қолымен майдалап сындыра ала ма? Солтүстіктің темірін немесе мысты ше? 13  Халқым, бүкіл елде жасаған бар күнәң үшін,Байлығың мен дүние-мүлкіңді тегін олжа етіп беремін+. 14  Бұларды жауларыңның қолына табыстаймын,Оларды сендер білмейтін елге алып кетеді+. Өйткені қаһарымнан от тұтанып,Сендерге қарсы лаулап жатыр+”. 15  Уа, Ехоба, менің қасіретімді көріп тұрсың,Мені есіңе алып, назарыңды салшы. Мені қудалап жүргендерден кегімді алшы+. Ашуға баяусың, сондықтан құрып кетуіме жол бермеші. Осы масқараға сен үшін төзіп жүргенімді білесің ғой+. 16  Сөздеріңді қабыл алып, көңіліме ұялаттым*+,Олар мені шат-шадыман етіп, жүрегімді қуанышқа бөледі,Өйткені мен сенің есіміңмен аталдым, уа, Әскербасы Ехоба. 17  Мен қалжыңдаушылармен бірге отырып, көңіл көтерген емеспін+. Сенің қолың үстімде болғандықтан, жалғыз отырдым,Олардың жаман істері үшін мені ашуға* толтырдың+. 18  Неге ауырсынуым басылмайды, жарам жазылмайды? Ол еш айыққысы келмейді. Сен мен үшін сенім артуға болмайтынЖалған бұлақтай болмақсың ба? 19  Сондықтан Ехоба былай дейді: “Мен жайлы ойыңды түзетсең, қайтадан ықыласыма бөленіп,Алдымда тұратын боласың. Егер бағалыны пайдасыз нәрседен ажыратсаң,Менің аузым іспетті боласың*. Сен оларға бет бұрмайсың,Қайта, олар саған бет бұрады”. 20  “Мен сені осы халықтың арасында мыс қабырғадай етемін+. Олар саған қарсы шығады, бірақ жеңе алмайды+. Өйткені мен сені құтқарып, аман сақтау үшін өзіңе жар боламын,— дейді Ехоба. 21  —Сені зұлымдардың қолынан құтқарып,Жауыздардың тырнағынан азат етемін*”.

Сілтемелер

Мүмкін: “төрт түрлі жаза”.
Мүмкін: “ол [күн] ұятқа қалып, масқара болды”.
Сөзбе-сөз “жеп қойдым”.
Немесе “үкім жайлы хабарға”.
Немесе “менің атымнан сөйлейсің”.
Немесе “құн төлеп азат етемін”.