Еремия 2:1—37

  • Исраилдің Ехобаны тастап, жалған құдайларға табынуы (1—37)

    • Исраил жабайы жүзім бұтасы сияқты (21)

    • Оның етегі қанға былғанған (34)

2  Ехоба маған сөзін арнап былай деді:  “Бар да, Иерусалимге дауыстап жариялап, Ехоба мынаны айтады де: —Әлі есімде, жастық шағыңда шын берілгендік* танытқаның+,Үйленуге сөз байласқанда*, сүйіспеншілік көрсеткенің+,Тұқым себілмеген иен далада,Шөл далада соңымнан қалай ергенің+.   Ехоба үшін Исраил қасиетті+ әрі егіннің алғашқы өнімі болған. Оны жалмағысы келгендер кінәлі болар еді. Олардың бастарына апат түсер еді,— дейді Ехоба+”.   Ехобаның сөзіне құлақ сал, уа, Жақыптың үйі,Исраил үйінің күллі әулеті!   Ехоба былай дейді: “Менен соншама алшақтап кететіндей,Түкке тұрғысыз пұттарға еріп+,Өздерін де түкке тұрғысыз ететіндей+,Ата-бабаларың менен қандай кінә тапты+?   Олар: —Бізді Мысыр елінен шығарып+,Құла түзде ертіп жүрген,Шөл дала+ мен орлы жерде,Қуаң+ және қара түнек жайлаған өлкеде,Адам аяғы баспайтын,Ешкім мекендемейтін жерде жетелегенЕхоба қайда?— деп мені іздемеді.   Сосын мен сендерді мәуесі мен жақсы өнімін жесін деп+,Бағы көп өлкеге алып келдім. Бірақ кіріп алған соң, жерімді арамдадыңдар,Мұраға берген жерімді жиіркенішті еттіңдер+.   Діни қызметкерлер “Ехоба қайда?” деп іздемеді+. Заңды үйретушілер мені білмеді,Халықтың бағушылары маған қарсы шықты+,Пайғамбарлар Бағалдың атынан пайғамбарлық етті+,Олар еш пайдасы жоқ тәңірлерге еріп кетті.   Сондықтан тағы да істеріңді қарастырамын+,— дейді Ехоба. Ұлдарыңның ұлдарының да істерін қарастырамын. 10  Киттим+ аралдарына барып көріңдер. Кедарға+ кісі жіберіп, жақсылап біліп алыңдар,Сол жақта осындай жағдай болған ба екен? 11  Қай халық өз құдайларын, шын Құдай болмаса да, ауыстырыпты? Ал менің халқым даңқымды пайдасыз пұттарға ауыстырды+. 12  Уа, аспан, осыған аңтарыла қара,Шошына тітіркен,— дейді Ехоба. 13  Себебі халқым екі жаман іс жасады: Мені, өмір суының көзін, тастап кетті+,Өзі үшін су тұрмайтын, жарылғанСу қоймаларын ойып жасап алды. 14  Исраил қызметші не үйде туылған құл ма еді?! Онда неге ол басқаның қолында олжа болып кетті? 15  Оған жас арыстандар ақырып+,Айбат шегіп, дауыс көтерді. Жерін үрей туғызатын мекенге айналдырды. Қалаларын өртеп, ел-жұртсыз бос қалдырды. 16  Ноф*+ пен Тахпанхестің+ адамдары төбеңді жеді. 17  Осы пәлені өз басыңа өзің тілеп алдың емес пе?! Өйткені сені жол бойы жетелеп келгенЕхоба Құдайыңды тастап кеттің+. 18  Шихордың* суын ішу үшін,Мысырға апаратын жолды несіне аңсайсың+? Евфраттың суын ішу үшін,Ассирияға апаратын жолды несіне көксейсің+? 19  Жасаған зұлымдығың сені түзетсін,Істеген опасыздығың сені әшкерелесін. Өз Құдайың Ехобаны тастап кетудіңҚандай жаман әрі күйінішті екенін көр де, ұғып ал+. Сен менен қорқуды білмейсің+,— дейді Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба. 20  Баяғыда мойынтұрығыңды* сындырып+,Бұғауыңды үзіп тастаған едім. Бірақ “саған қызмет етпеймін” дедің сен. Көрінген биік төбенің үстінде, жайқалған ағаштың астында+ Шалқайып жатып, азғындыққа салындың+. 21  Отырғызғанымда, тұқымы таза, таңдаулы қызыл жүзім бұтасы едің+,Қалай ғана көз алдымда бұзылып, жүзім бұтасының жабайы сабақтарына айналдың+? 22  Сілтімен жуынып, қанша сабындансаң да,Көз алдымда күнәң дақ болып қала береді+,— дейді Әлемнің Әміршісі Ехоба. 23  Қалайша сен: —Өзімді былғаған жоқпын. Бағалдардың соңынан ерген жоқпын,— дейсің? Аңғардағы іс-әрекетіңе назар сал. Не істегенің жайлы ойлан. Сен беталды әрі-бері шапқылаған,Күйлеген жүйрік жас інгенге ұқсайсың. 24  Құмартқан кезінде желді иіскелегенҚұла түзге үйренген ұрғашы құландайсың. Күйті келгенде оны кім тоқтата алады? Шағылысқысы келгендер оны іздеп шаршамайды,Күйлеген кезінде оны оңай тауып алады. 25  Абайла, бос нәрсені қуып, жалаңаяқ қалма,Тамағың кеуіп кетпесін. Бірақ сен: —Жоқ, әуре болма+! Бөтендерге* ғашық болып қалдым+,Солардың соңынан еремін,— дедің+. 26  Қолға түскен ұрының масқара болатынындай,Исраил үйі де масқара болады,Патшалары мен басшылары да,Діни қызметкерлері мен пайғамбарлары да+. 27  Олар ағашқа “сен менің әкемсің” дейді+,Ал тасқа “сен мені туғансың” дейді. Осылайша менен бет бұрып, теріс айналады+. Бастарына қиындық түсе қалса,“Тұрып, бізді құтқара көр” дейді+. 28  Жасап алған құдайларың енді қайда+? Құтқара алса, солар келіп, қиындықтан құтқарсын. Уа, Яһуда, қалаң қанша болса, құдайларың да сонша+. 29  Неге менімен дауласа бересіңдер? Неліктен бәрің маған қарсы көтерілдіңдер+?— дейді Ехоба. 30  Ұлдарыңды жазалағанымнан түк шықпады+. Олар жөнге салғанымда, еш түзелмеді+,Өз семсерлерің өз пайғамбарларыңды+ Жауыз арыстандай жалмады. 31  Уа, ұрпақ, Ехобаның сөзіне ден қой. Мен Исраилге шөл дала іспетті,Қара түнек басқан өлке сияқты болғаным ба? Неге халқым: —Біз өз бетімізбен жүреміз. Саған енді қайтып оралмаймыз,— дейді+? 32  Бойжеткен қыз әшекейін,Қалыңдық тойда тағатын белдігін ұмыта ма? Ал халқымның мені ұмытқанына ұзақ уақыт болды+. 33  Уа, әйел, өзіңе ашына іздегенде, қандай ептісің! Жаман жолға әбден машықтанып алдың+. 34  Тіпті етегің жазықсыз кедейлердің қанына былғанған+,Мен олардың үйіңе бұзып кіргенін көрмесем де,Солардың қанын сенің етегіңнен таптым+. 35  Сөйте тұра, сен: —Мен кінәсізбін. Ол маған төкпек болған қаһарынан қайтты,— дейсің. Күнә жасаған жоқпын дегенің үшін,Саған шығарған үкімімді жүзеге асырамын. 36  Неліктен жолыңды оп-оңай өзгерте саласың? Ассирияның кесірінен масқара болғаныңдай+,Мысырдың кесірінен де масқара боласың+. 37  Сол себептен екі қолыңмен басыңды ұстап кетесің+,Өйткені кімдерге сенім артсаң, Ехоба солардан бас тартты,Олардан еш игілік көрмейсің”.

Сілтемелер

Осы тараудың кейбір жерлерінде Ехоба өз халқын әйелге теңеп сөйлеген.
Немесе “айнымас сүйіспеншілік”.
Немесе “Мемфис”.
Бұл — Ніл өзенінің бір саласы.
Немесе “мойынағаш”. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “бөтен тәңірлерге”.