Еремия 21:1—14

  • Ехобаның Седекияның өтінішін орындаудан бас тартуы (1—7)

  • Халық өмірді не өлімді таңдау керек (8—14)

21  Ехоба Еремияға тағы да сөзін арнады. Себебі Седекия+ патша Еремияға Малхиях ұлы Пашхур+ мен діни қызметкер Мағасеях ұлы Софонияны+ жіберіп, былай деп сұратқан еді:  “Өтінемін, Ехобадан біз үшін сұрашы. Бабылдың патшасы Навуходоносор бізбен соғысып жатыр+. Бәлкім, Ехоба біз үшін керемет істерінің бірін жасап, патша кері шегініп кетер+”.  Еремия оларға былай деді: “Седекияға  Исраилдің Құдайы Ехоба мынаны айтады деңдер: —Қала сыртынан қоршауға алған Бабыл патшасы мен халдейлерге қолданып жатқан қолдағы қаруларыңды өздеріңе қарсы бұрамын+. Мен оларды қаланың ортасына жинаймын.  Сендерге қарсы ашу-ызамен, қаһармен, құдіретті* де қуатты қолмен+ өзім соғысамын+.  Бұл қалада мекендейтін адамды да, малды да құртамын. Олар қорқынышты індеттен қырылады+.  Сосын мен Яһуданың патшасы Седекияны, оның қызметшілерін және осы қаланың тұрғындарын — індеттен, семсердің жүзінен, аштықтан аман қалғандардың бәрін Бабыл патшасы Навуходоносордың, олардың жанын алғысы келген жауларының қолына беремін+. Патша оларды семсердің жүзімен өлтіреді. Ол аяушылық, жанашырлық танытпайды, рақым да етпейді+,— дейді Ехоба.  Ал мына халыққа сен Ехоба мынаны айтады де: —Міне, мен сендерге өмір жолы мен өлім жолын ұсынып отырмын.  Осы қалада қалғандар семсерден, аштықтан, індеттен өледі. Ал сыртқа шығып, қоршауға алған халдейлердің қолына берілгендер аман қалып, өз жаны өзіне олжа болады+. 10  Мен бұл қаладан бас тарттым, оған жақсылық емес, апат жіберемін+. Оны Бабыл патшасының қолына беремін+, ол қаланы отқа орайды+,— дейді Ехоба. 11  Яһуда патшасының үй ішіне мынаны айт: —Ехобаның сөзін тыңдаңдар. 12  Уа, Дәуіттің үйі, Ехоба былай дейді: “Күнде таңертең әділетті үкім шығарыңдар,Жәбірленушіні тонаушының қолынан құтқарыңдар+,Әйтпесе жасаған зұлым істерің үшін+ Қаһарым оттай лаулайды+,Ешкім оны сөндіре алмайды”. 13  Мен саған қарсы шығамын, уа, аңғардың тұрғыны,Уа, жазықтағы жартаста орналасқан қала,— дейді Ехоба. Ал сендер: “Бізге қарсы шығатын кім? Біздің мекенімізді кім жаулап алмақ?”— дейсіңдер, 14  Онда біліп қойыңдар, жасаған істеріңе қарай+,Сендерді жауапқа тартамын,— дейді Ехоба. Қала маңындағы орманға от қоямын. От айналасындағыны түгел жалмап қояды+”.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “созылған”.