Еремия 23:1—40

  • Жақсы және жаман бағушылар (1—4)

  • “Әділ өскіннің” қоластындағы қауіпсіздік (5—8)

  • Жалған пайғамбарларға үкім айту (9—32)

  • Ехобаның хабары “ауыртпалық” (33—40)

23  “Жайылымдағы қойларымды құртып, бытыратып жіберген бағушылар қасіретке қалады!”— дейді Ехоба+.  Сондықтан халқымды бағып жүрген бағушыларға Исраилдің Құдайы Ехоба: “Сендер қойларымды бытыратып, жан-жаққа қуып жібердіңдер, оларға тиісті назар аудармадыңдар”+,— дейді. “Сондықтан мен сендердің зұлым істеріңе назар аударып, жазалаймын”,— дейді Ехоба.  “Қойларымның тамтығын өзім бытыратып жіберген елдерден жинап+, жайылымдарына қайтарамын+. Сол жерде олар өсіп-өніп көбейеді+.  Оларға шын қамқор болатын бағушыларды тағайындаймын+. Бұдан былай қойларым ештеңеден үрейленбейді, шошынбайды да, бірде-біреуі жоғалмайды”,— дейді Ехоба.  “Міне, мен Дәуіттің әулетінен әділ өскін*+ шығаратын күндер келе жатыр,— дейді Ехоба.— Ол патша болып+, ақыл-парасатпен билік етеді, осы жерге әділет пен әділдік орнатады+.  Оның тұсында Яһуда құтқарылып+, Исраил қауіпсіз өмір сүреді+. Оны “Әділдігіміздің қайнары — Ехоба” деп атайтын болады”+.  Ехоба мынаны айтады: “Алайда олар бұдан былай “Бұл — Исраил халқын Мысыр елінен алып шыққан Ехобаның тірі екеніндей хақ!” деп ант етпейтін күндер келе жатыр+.  Қайта, “Бұл — Исраил үйінің үрім-бұтағын солтүстіктен және өзі бытыратып жіберген елдерден алып келген Ехобаның тірі екеніндей хақ” деп ант ететін болады. Сөйтіп, олар өз елін мекен етеді”+.  Ал пайғамбарларға былай деймін: Жүрегім менің жараланды,Тұла бойым* қалшылдап, дірілдейді. Мас болған, шарапқа қызып алған адамдаймын,Ехоба үшін, оның қасиетті сөздері үшін осындай күйге түстім. 10  Ел азғындық жасаушыларға толды+. Қарғыстан ол қайғырып жатыр+,Иен даладағы жайылымдар құрғап қалды+. Олар зұлымдық жасап, күштерін теріс қолдануда. 11  “Пайғамбар да, діни қызметкер де бұзылған*+. Тіпті өз үйімнен олардың зұлым істерін таптым+,— дейді Ехоба. 12  —Сондықтан олардың жолы тайғақ әрі қараңғы болады+. Оларды итеріп жіберіп, құлатады”. “Оларды жазалайтын жыл келгенде,Бастарына апат түсіремін,— дейді Ехоба. 13  —Самария+ пайғамбарларының жеркенішті ісін көрдім. Олар Бағалдың атынан пайғамбарлық етіп,Халқым Исраилді адастыруда. 14  Иерусалим пайғамбарларының да жантүршігерлік істерін көрдім. Олар азғындық жасап+, өтірік айтады+. Зұлымдарды қолдап-қолпаштайды,Сондықтан да олар жамандықтан қайтар емес. Мен үшін бәрі Содом секілді+,Оның тұрғындары Ғомора іспетті+”. 15  Сол себепті Әскербасы Ехоба осы пайғамбарларға қарсы былай дейді: “Мен оларға жусан жегіземін, уланған су ішкіземін+. Өйткені Иерусалим пайғамбарлары бүкіл елді жолдан тайдыруда”. 16  Әскербасы Ехоба былай дейді: “Сендерге пайғамбарлық айтып жатқандарды тыңдамаңдар+. Бұл пайғамбарлар сендерді адастыруда*. Олар Ехобаның аузынан шыққанды емес+,Өз жүректерінен шыққан аянды айтып жүр+. 17  Мені құрметтемейтіндерге олар: —Ехоба сендерде тыныштық болады деп жатыр,— деулерін қоймайды+. Ал қасарысқан жүрегінің қалауымен жүретін әркімге: —Бастарыңа ешқандай апат түспейді,— дейді+. 18  Оның сөзін естіп, түсінетіндей,Қайсысы Ехобаға жақын адамдардың арасында тұрыпты? Тыңдау үшін кім оның сөзіне ден қойыпты? 19  Міне, Ехобаның қаһары алай-дүлей дауылдай соғып,Борандай ұйытқып, зұлымдардың басына түседі+. 20  Жүрегіндегі ой-ниеттерін орындап, жүзеге асырмайынша,Ехобаның ашуы қайтпайды. Сендер мұны соңғы күндері анық түсінесіңдер. 21  Мен бұл пайғамбарларды жұмсамасам да, жүгіре жөнелді,Оларға сөйлемесем де, өздері пайғамбарлық етті+. 22  Олар маған жақын адамдардың арасында шынымен тұрған болса,Халқыма менің сөзімді жеткізіп,Жаман жолы мен зұлым істерінен қайтарар еді+”. 23  “Мен жақындағыны ғана көріп, алыстағыны көрмейтін Құдаймын ба?”— дейді Ехоба. 24  “Адам құпия жерге жасырынып, көзімнен тасалана ала ма?”+— дейді Ехоба. “Аспан мен жерде назарымнан тыс қалатын не бар?”*+— дейді Ехоба. 25  “Пайғамбарлардың менің атымнан жалған пайғамбарлық айтып, “Түс көрдім! Түс көрдім!” деп жүргендерін естідім+. 26  Мұндай жалған пайғамбарлық айту олардың жүрегінде қашанғы болмақ? Олар өз жүректерінен шыққан өтірікті айтып жүрген пайғамбарлар+. 27  Олар бір-біріне айтқан түстері арқылы халқыма менің есімімді ұмыттырғысы келеді. Ата-бабалары да Бағалға бола есімімді ұмытқан еді+. 28  Түс көрген пайғамбар түсін айта берсін, ал менің сөзімді алған пайғамбар сөзімді тура жеткізсін”. “Сабан мен бидайдың арасында ортақ не бар?”— дейді Ехоба. 29  “Менің сөзім от сияқты+, жартасты талқандайтын ұстаның балғасындай емес пе+?”— дейді Ехоба. 30  “Сондықтан менің сөздерімді бір-бірінен ұрлайтын пайғамбарларға қарсы шығамын”,— дейді Ехоба+. 31  “Міне, тілдерімен “Құдай мынаны айтады!” дейтін пайғамбарларға қарсы шығамын”,— дейді Ехоба+. 32  “Жалған түстер айтатын пайғамбарларға қарсы шығамын. Олар өтірік әрі көпірме сөздерімен халқымды адастыруда”+,— дейді Ехоба. “Мен оларды жіберген де, оларға бұйырған да емеспін. Сондықтан бұл халыққа олардың түк пайдасы жоқ”+,— дейді Ехоба. 33  “Не мына халық, не пайғамбар, не діни қызметкер саған: —Ехобадан қандай ауыртпалық* бар?— десе, оларға Ехоба мынаны айтады де: —Уа, халық, сендер ауыртпалықсыңдар. Мен сендерден бас тартамын+. 34  “Бұл — Ехобаның ауыртпалығы!” дейтін пайғамбарды, діни қызметкерді не қандай да бір адамды үй ішімен қоса жазаға тартамын. 35  Сендер бір-біріңе, бауырларыңа: —Ехоба не деп жауап берді? Ехоба не айтты?— деп жүрсіңдер. 36  “Ехобаның ауыртпалығы” деуді қойыңдар. Өйткені әркімге ауыртпалық болып тұрған — өзінің сөзі. Сендер тірі Құдайдың, Әскербасы Ехобаның, Құдайымыздың сөзін бұрмаладыңдар. 37  Сен пайғамбарға былай деп айтасың: —Ехоба саған не деп жауап берді? Ехоба не айтты? 38  Ал егер сендер “Ехобаның ауыртпалығы!” дегенді айта берсеңдер, Ехоба былай дейді: —Мен сендерге “Ехобаның ауыртпалығы” дегенді айтпаңдар дегеніме қарамай, сендер “Бұл сөз — Ехобаның ауыртпалығы” дей бергендерің үшін, 39  міне, мен сендерді де, өздеріңе әрі ата-бабаларыңа берген қаланы да көтеріп алып, қасымнан лақтырып тастаймын. 40  Мен сендерді біржола масқара етіп, ұятқа қалдырамын, бұл ешқашан ұмытылмайтын болады+”.

Сілтемелер

Немесе “мұрагер”.
Сөзбе-сөз “сүйектерім”.
Немесе “жолдан тайған”.
Немесе “босқа үміттендіруде”.
Сөзбе-сөз “Аспан мен жерді толтырып тұрған жоқпын ба?”
Немесе “ауыр хабар”. Осы және келесі тармақтарда “ауыртпалық” деп аударылған еврей сөзінің екі мағынасы бар: “Құдайдан келген салмақты хабар” және “ауыртпалық болатын нәрсе”.