Еремия 24:1—10

  • Жақсы және нашар інжір (1—10)

24  Сосын Ехоба інжір жемістері салынған екі себетті көрсетті, олар Ехобаның ғибадатханасының алдында тұр екен. Бұл жайт Бабыл патшасы Навуходоносор Яһуда патшасы Ехоякім+ ұлы Ехонияны*+, Яһуданың әміршілерін, қолөнершілер мен ұсталарды* Иерусалимнен Бабылға жер аударып әкеткеннен кейін болды+.  Бірінші себеттегі інжір алғаш піскен інжірдей өте жақсы, ал екіншісіндегісі өте нашар, мүлдем жеуге жарамсыз інжір еді.  Сонда Ехоба менен: “Еремия, не көріп тұрсың?”— деп сұрады. Мен: “Інжір жемістерін көріп тұрмын. Жақсылары өте жақсы екен. Ал нашарлары өте нашар, мүлдем жеуге жарамсыз екен+”,— деп жауап бердім.  Ехоба маған сөзін арнап мынаны айтты:  “Исраилдің Құдайы Ехоба былай дейді: —Осы жерден халдейлердің еліне өзім жер аударып жіберген яһудилерге мына жақсы інжірдей қарап, шапағатымды түсіремін.  Олардың игілігі үшін көз қырымды салып, осы елге қайтарамын+. Оларды құртпаймын, қайта, тұрғызамын. Тамырымен жұлып тастамаймын, қайта, егемін+.  Мен оларға Ехоба екенімді біле алатын жүрек сыйлаймын+. Олар менің халқым, ал мен олардың Құдайы боламын+. Себебі маған бар жүректерімен қайтып оралады+.  Ал өте нашар, мүлдем жеуге жарамсыз інжірге+ қатысты Ехоба былай дейді: —Яһуда патшасы Седекияға+, оның әміршілері мен осы елде қалған Иерусалим тұрғындарының тамтығына және Мысыр елін+ мекен етіп жатқандарға өте нашар інжірге қарағандай қараймын.  Оларға апат жіберіп, жер бетіндегі бүкіл патшалықтар шошынатын күйге түсіремін+. Сондай-ақ олар өзім бытыратып жіберген елдің бәрінде+ табаланып, мәтелге айналып, күлкі-мазақ пен қарғысқа қалады+. 10  Мен оларды өздеріне және ата-бабаларына берген жерден құрып кетпейінше, семсермен+, аштықпен және індетпен қырамын+”.

Сілтемелер

Қония деп те аталады.
Мүмкін: “бекініс тұрғызушылар”.