Еремия 32:1—44

  • Еремияның танап сатып алуы (1—15)

  • Еремияның дұғасы (16—25)

  • Ехобаның жауабы (26—44)

32  Яһуда патшасы Седекияның билігінің оныншы жылы, Навуходоносордың+ билігінің он сегізінші жылы, Ехоба Еремияға сөзін арнады.  Сол уақытта Бабыл патшасының әскері Иерусалимді қоршап тұрған еді. Ал Еремия пайғамбар Яһуда патшасының сарайындағы Күзетші ауласында+ тұтқында отырған.  Яһуда патшасы Седекия оған мына сөздерді айтып, қамап қойған еді+: “Неге бұлай пайғамбарлық етесің? Сен Ехоба мынаны айтады деп жүр екенсің: —Мен бұл қаланы Бабыл патшасының қолына беремін, ол оны басып алады+.  Яһуда патшасы Седекия халдейлерден қашып құтыла алмайды, ол міндетті түрде Бабыл патшасының қолына түсіп, оны өз көзімен көріп, бетпе-бет сөйлесетін болады+.  Ол Седекияны Бабылға алып кетеді. Мен оған назарымды салғанша, сонда болады. Халдейлермен қанша соғыссаңдар да, жеңіске жетпейсіңдер+,— дейді Ехоба”.  Еремия былай деді: “Ехоба маған сөзін арнап мынаны айтты:  —Саған әкеңнің бауыры Шалумның ұлы Ханамел келіп: “Менің Анатоттағы+ танабымды сатып алыңыз, өйткені оны сатып алу құқы бірінші кезекте сіздікі+”,— дейтін болады”.  Ехоба айтқандай, ағамның ұлы Ханамел Күзетші ауласына келіп, маған: “Бениямин жерінде орналасқан Анатоттағы танабымды сатып алыңызшы, өйткені сізде оны иелену де, сатып алу да құқы бар. Сондықтан өзіңізге сатып алыңыз”,— деді. Сонда мұның Ехобаның сөзіне сай болып жатқанын ұқтым.  Сөйтіп, мен ағамның ұлы Ханамелден Анатоттағы танабын сатып алдым. Мен оған жеті шекел* және он күміс шекел өлшеп бердім+. 10  Содан сатып алу құжатын жасап+, мөр басып, куәгерлер шақырып+, ақшаны таразыға өлшедім. 11  Сосын сатып алу құжатын, заңға және талаптарға сәйкес мөрленгенін, сондай-ақ мөрленбеген құжатты қолыма алдым. 12  Сосын сатып алу құжатын ағамның ұлы Ханамелдің, осы құжатқа қол қойған куәгерлердің және Күзетші ауласында+ отырған яһудилердің бәрінің көзінше Махсеяхтың немересі, Нерияхтың+ ұлы Барухқа+ бердім. 13  Солардың алдында Барухқа мынаны бұйырдым: 14  “Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Мына құжаттарды — мөрленген сатып алу құжаты мен мөрленбеген құжатты алып, ұзақ уақыт сақталу үшін қыш құмыраға салып қой. 15  Өйткені Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы: —Бұл елде үйлер, танаптар мен жүзімдіктер қайтадан сатып алынатын кез келеді+,— дейді”. 16  Нериях ұлы Барухқа сатып алу құжатын берген соң, Ехобаға былай деп дұға еттім: 17  “Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба! Зор күшіңмен және құдіретті қолыңмен аспан мен жерді жараттың+. Сенің қолыңнан келмейтін еш нәрсе жоқ. 18  Мыңдағандарға* айнымас сүйіспеншілік танытасың, бірақ әкелері жасаған күнәнің салдарын балаларына тартқызасың*+. Сен ұлы да құдіретті, шынайы Құдайсың, есімің — Әскербасы Ехоба. 19  Сенің ой-ниетің ұлы, істерің құдіретті+. Сенің жанарың адам баласының жолын бақылайды+, әрқайсысына жүрген жолы мен істеген ісіне сай қарымтасын қайтарасың+. 20  Мысыр елінде белгілер мен кереметтер жасадың (бұл әлі күнге дейін әйгілі), осылай Исраил мен бүкіл адамзатқа атыңды шығардың+, қазір де бұл солай. 21  Халқың Исраилді Мысыр елінен белгілермен, кереметтермен, қуатты да құдіретті қолыңмен, үрей тудыратын істермен алып шықтың+. 22  Кейінірек сен оларға ата-бабаларына уәде еткен+ осы ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерді бердің+. 23  Олар осы елге келіп, оны иемденді, бірақ сенің айтқаныңа мойынсұнбады, заңыңа сай жүрмеді. Бұйырғандарыңның бірін де орындамады, сондықтан да бастарына осы апаттың бәрін жібердің+. 24  Міне, адамдар келіп, қаланы басып алу үшін үйінді жасап жатыр+. Семсерден+, аштық пен індеттен+ зардап шеккен қала өзіне шабуыл жасап жатқан халдейлердің қолына беріледі. Өзің көріп тұрғандай, айтқандарыңның бәрі орындалуда. 25  Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба, бұл қала халдейлердің қолына берілетініне қарамастан, сен маған: —Ақшаға танап сатып ал, бұған куәгерлер шақыр,— деп айттың”. 26  Сонда Ехоба Еремияға сөзін арнап былай деді: 27  “Мен Ехобамын, бүкіл адамзаттың Құдайымын. Менің қолымнан келмейтін нәрсе бар ма? 28  Сондықтан Ехоба былай дейді: —Міне, мына қаланы халдейлердің және Бабыл патшасы Навуходоносордың қолына бермекпін. Ол қаланы жаулап алады+. 29  Қалаға шабуыл жасап жатқан халдейлер ішке кіріп, оған от қояды да, үйлерімен қоса өртеп жібереді+. Халық осы үйлердің төбелерінде Бағалға құрбандықтар шалып, өзге тәңірлерге сұйық тартулар төгіп, мені қорлаған еді+. 30  Исраил мен Яһуда халқы жастайынан менің көз алдымда тек жаман істер жасап келеді+. Исраил халқы іс-әрекеттерімен мені қорлауын қояр емес,— дейді Ехоба.— 31  Мына қала соғылған күнінен бастап бүгінге дейін тек ашуым мен қаһарымды туғызып келеді+, сондықтан ол менің көз алдымнан құруға тиіс+. 32  Исраил мен Яһуда халқы мені қорлап, жасаған бар зұлым істері үшін өздері де, патшалары да+, әміршілері де+, діни қызметкерлері де, пайғамбарлары да+, Яһуда жұрты мен Иерусалим тұрғындары да жойылу керек. 33  Олар менен бет бұрып, теріс айналды+. Оларға қайта-қайта* тәлім бердім, бірақ бірде-біреуі оны қабыл алып, жөнге салуыма көнбеді+. 34  Менің есіміммен аталатын үйге жиіркенішті пұттарын қойып, оны арамдады+. 35  Сонымен қатар Бен-Хенном* аңғарында+ Бағалға ғибадат ететін төбелер жасап, сол жерде ұл-қыздарын өртеп, Молекке құрбан етті+. Мен мұны бұйырған да емеспін+, мұндай жиіркенішті іс ойыма* да келген емес. Осылай Яһуда ауыр күнәға батты. 36  Сондықтан сендер семсерден, аштық пен індеттен зардап шегіп, Бабыл патшасының қолына беріледі деп жүрген қала жайлы Исраилдің Құдайы Ехоба былай дейді: 37  —Ашумен, ызамен, зор қаһармен бытыратып жіберген халықты барлық елдерден қайта жинап+, осы жерге әкелемін, олар қауіп-қатерсіз өмір кешеді+. 38  Олар менің халқым, ал мен олардың Құдайы боламын+. 39  Мен оларға бір жүрек+, бір жол беремін. Сонда олар өздерінің де, кейінгі балаларының да игілігі үшін менен қорқып жүретін болады+. 40  Мен олармен мәңгілік келісім жасасып+, жақсылық жасауды тоқтатпаймын+. Менен сырт айналып кетпеулері үшін, менен қорқуды жүректеріне ұялатамын+. 41  Оларға қуана-қуана жақсылық жасаймын+, оларды бар жүрегіммен, бар жаныммен осы елде берік отырғызамын+. 42  Ехоба былай дейді: —Мына халыққа осындай зор апаттарды қалай жіберген болсам, уәде еткен барлық игілігімді де солай төгемін+. 43  Өздерің “адам да, аң да тұрмайтын әрі халдейлердің қолына берілген қаңыраған ел” деп айтып жүрген осы елде қайтадан танаптар сатып алынатын болады+. 44  Бениямин жерінде, Иерусалимнің төңірегінде, Яһуданың қалаларында+, таулы өңірдегі қалаларда, еңістегі қалаларда+, оңтүстіктегі қалаларда танаптар ақшаға сатып алынады, сатып алу құжаттары жазылып, мөр басылып, куәгерлер шақырылады+. Өйткені мен олардың тұтқынға кеткендерін қайтарамын+,— дейді Ехоба”.

Сілтемелер

1 шекел 11,4 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Сөзбе-сөз “әкелерінің күнәсін балаларының қойнына саласың”.
Немесе “мыңдаған ұрпаққа”.
Сөзбе-сөз “ерте тұрып”.
Түсіндірмедегі “Жаһаннам” сөзін қараңыз.
Сөзбе-сөз “жүрегіме”.