Еремия 34:1—22

  • Седекияға шығарылған үкімді хабарлау (1—7)

  • Құлдарға бостандық беру туралы келісімнің бұзылуы (8—22)

34  Бабыл патшасы Навуходоносор мен күллі әскері, оның қол астындағы барлық патшалықтар мен халықтар Иерусалимге және оның қалаларына шабуылдап жатқан кезде+, Ехоба Еремияға мына сөзін арнады:  “Исраилдің Құдайы Ехоба Яһуда патшасы Седекияға+ бар да, Ехоба саған мынаны айтады де: —Міне, бұл қаланы Бабыл патшасының қолына бергелі жатырмын, ол оны өртке орайды+.  Сен одан қашып құтыла алмайсың, сөзсіз ұсталып, қолына түсесің+. Бабыл патшасын өз көзіңмен көріп, бетпе-бет сөйлесесің, содан Бабылға әкетілесің+.  Дегенмен, уа, Яһуда патшасы Седекия, Ехобаның сөзін тыңда! Сен туралы Ехоба былай дейді: —Сен семсерден өлмейсің,  өз ажалыңнан өлесің+. Жұрт өзіңе дейін патша болған ата-бабаларыңа хош иісті зат түтеткендей, саған да түтетеді. Сондай-ақ олар “Қайран, қожайынымыз-ай!” деп жоқтау айтады. Бұл сөздерді айтқан — мен, Ехоба”.  Еремия пайғамбар осының бәрін Иерусалимдегі Яһуда патшасы Седекияға түгел жеткізді.  Бұл кезде Бабыл патшасының әскері Иерусалимге және Яһуданың әлі басып алынбаған қалалары+ Лахиш+ пен Әзекке+ қарсы соғысып жатты. Яһуданың бекіністі қалаларынан жау қолына түспегені осылар ғана еді.  Седекия патша Иерусалимдегі күллі халықпен келісім жасасып, құлдарға бостандық беруді+ жариялағаннан кейін, Ехоба Еремияға сөзін арнады.  Сол келісім бойынша, әркім өзінің еврей құлына, еркек не әйел болсын, бас бостандығын беру қажет еді. Осылай ешкім яһуди бауырын құл етіп ұстамауы керек болды. 10  Мұны әміршілердің бәрі және барша жұрт қолдап, әрқайсысы өзінің құл-күңін босатып, бұдан былай оларды құл етпеу жайлы келісімге тұрды. Олар осыған сай әрекет етіп, құлдарын қоя берді. 11  Бірақ кейінірек олар бас бостандығын берген құл-күңдерін кері қайтарып, қайтадан құлдыққа салып қойды. 12  Сонда Ехоба Еремияға өз сөзін арнады. Ехоба былай деді: 13  “Исраилдің Құдайы Ехоба мынаны айтады: —Мен ата-бабаларыңды Мысыр елінен, құлдық үйінен, алып шыққанымда+, олармен келісім жасасып+, 14  әрбір жетінші жылы әрқайсысы өзін құлдыққа сатқан әрі алты жыл қызмет еткен еврей бауырына бас бостандығын беруді бұйырдым+. Бірақ ата-бабаларың мені тыңдаған да, сөзіме құлақ асқан да жоқ. 15  Ал жақында сендер өзгеріп, көз алдымда дұрыс нәрсе жасап, бауырларыңа азаттық жарияладыңдар. Осылайша менің есіміммен аталатын үйде, менің алдымда келісім жасадыңдар. 16  Бірақ қайтадан айнып, менің атыма кір келтірдіңдер+. Өйткені бостандықты қалаған құл-күңдеріңе еркіндік беріп алып, енді қайтадан күштеп құл етіп отырсыңдар. 17  Сондықтан Ехоба мынаны айтады: —Сендер әркім өз бауырына, жерлесіне азаттық жарияласын деген нұсқауыма+ мойынсұнбадыңдар. Сол себептен өздеріңе семсерден, індет пен аштықтан+ өлу “азаттығын” жариялаймын,— дейді Ехоба.— Мен сендерді жер бетіндегі барлық патшалықтар шошынатын күйге түсіремін+. 18  Бұзауды екіге бөліп, арасынан өтіп+ менің алдымда жасаған келісімнің шарттарын орындамай, менің келісімімді бұзған адамдарды, 19  атап айтқанда: бұзаудың екі бөлігінің арасынан өткен Яһуданың әміршілерін, Иерусалимнің әміршілерін, сарай қызметкерлерін, діни қызметкерлер мен осы елдің күллі халқын — жазалаймын. 20  Оларды жандарын алмақ болған жауларының қолына беремін. Мәйіттері аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем болады+. 21  Яһуда патшасы Седекия мен оның әміршілерін олардың жанын алмақ болған жауларының қолына, кері шегініп жатқан+ Бабыл патшасының әскерінің қолына тапсырамын+. 22  Міне, мен бұйрық беремін,— дейді Ехоба.— Олар осы қалаға қайтып келіп, оған шабуыл жасайды. Оны басып алып, өртке орайды+. Мен Яһуданың қалаларын ел-жұртсыз, қаңыратып бос қалдырамын+”.

Сілтемелер