Еремия 42:1—22

  • Халықтың Еремиядан басшылық сұрап дұға етуді өтінуі (1—6)

  • Ехоба Мысырға бармау керектігін айтады (7—22)

42  Сосын күллі әскер басшылары, Қареях ұлы Жоханан+, Хошаях ұлы Езаниях, сондай-ақ ұлығынан кішігіне дейін барша жұрт келіп,  Еремия пайғамбарға: “Біздің өтінішімізге құлақ асып, Ехоба Құдайыңызға біз үшін, мына қалған тамтық үшін, дұға етіңізші. Өзіңіз көріп тұрсыз, бұрын көп едік, азымыз ғана қалдық+.  Ехоба Құдайыңыз бізге қай жолмен жүру керектігін, не істеуіміз керектігін айтсыншы”,— деп өтінді.  Еремия пайғамбар оларға: “Жарайды, өтініштерің бойынша Ехоба Құдайларыңа дұға етейін. Ехобаның сендерге берген жауабын жеткіземін, бірде-бір сөзін қалдырмаймын”,— деді.  Сонда олар Еремияға: “Ехоба Құдайыңыздың өзімізге сіз арқылы айтқандарын бұлжытпай орындамасақ, онда Ехоба бізге қарсы шыншыл да адал куәгер болсын.  Біз сізді жіберіп отырған Ехоба Құдайымыздың айтқанын, бізге ұнасын-ұнамасын, орындаймыз. Өзіміздің игілігіміз үшін Ехоба Құдайымыздың айтқанына мойынсұнамыз”,— деді.  Он күннен соң Ехоба Еремияға сөзін арнады.  Сонда Еремия Қареях ұлы Жохананды, оның қасындағы әскер басшыларын, сондай-ақ ұлығынан кішігіне дейін күллі жұртты+ шақырып,  былай деді: “Сендер мені өтінішімізді жеткіз деп Исраилдің Құдайы Ехобаға жіберген едіңдер. Ол мынаны айтады: 10  —Егер осы елде қалсаңдар, сендерді құртпаймын, қайта, тұрғызамын; жұлып тастамаймын, қайта, егемін. Сендерге апат жібергеніме қайғырып тұрмын+. 11  Өздерің қорқып жатқан Бабыл патшасынан үрейленбеңдер+. Одан қорықпаңдар,— дейді Ехоба,— өйткені оның қолынан құтқарып, аман сақтау үшін мен сендерге жар боламын. 12  Мен сендерге рақым етемін+, ол да сендерге рақымшылық танытып, өз жерлеріңе қайтарады. 13  Ал сендер: —Бұл елде қалмаймыз!— десеңдер, сондай-ақ Ехоба Құдайларыңның айтқанына мойынсұнбай: 14  —Жоқ, біз Мысыр еліне барамыз+, ол жерде соғыс көрмейміз, дабылдатқан керней үнін естімейміз, нанға зар болмаймыз, біз сол жерде тұрамыз,— дейтін болсаңдар, 15  онда, уа, Яһуданың тамтығы, Ехобаның сөзіне құлақ салыңдар. Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы мынаны айтады: —Мысырға баруды үзілді-кесілді шешіп, сол жаққа қоныс тебуге* барсаңдар, 16  өздерің қорқатын семсер Мысыр елінде сендерді қуып жетеді, өздерің қорқатын аштық та соңдарыңнан Мысырға барады, сөйтіп, сол жерде өлесіңдер+. 17  Мысырға барып, қоныс тебуге бел буғандардың бәрі семсерден, аштық пен індеттен қырылады. Мен бастарына түсіретін апаттан ешқайсысы аман қалмайды, қашып та құтылмайды. 18  Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Егер Мысырға барсаңдар, Иерусалим тұрғындарына ашуым мен қаһарымды төккенімдей+, сендерге де қаһарымды төгемін. Сол жерде қарғысқа ұшырап, адам шошырлық күйге түсіп, масқара мен мазаққа қаласыңдар+. Ал бұл жерді енді қайтып көрмейтін боласыңдар. 19  Уа, Яһуданың тамтығы, Ехоба сендерге қарсы сөз айтты. Мысырға бармаңдар. Бүгін сендерге ескертіп отырғанымды біліп қойыңдар, 20  осы теріс қылықтарың үшін өмірлеріңнен айырыласыңдар. Өйткені мені Ехоба Құдайларыңа жіберіп: —Ехоба Құдайымызға біз үшін дұға етіңізші. Ехоба Құдайымыздың айтқандарының бәрін бізге жеткізіңіз, орындаймыз,— деген едіңдер+. 21  Бүгін сендерге бәрін айттым, бірақ сендер Ехобаның айтқанына мойынсұнбайсыңдар, мен арқылы айтқан сөздерін орындамайсыңдар+. 22  Сондықтан біліп қойыңдар, қоныстануға барғыларың келіп жатқан жерде семсерден, аштық пен індеттен қырыласыңдар+”.

Сілтемелер

Немесе “біраз уақыт тұруға”.