Еремия 44:1—30
44 Мысыр жері — Миғдолда+, Тахпанхесте+, Нофта*+ және Патроста+ тұрып жатқан яһудилерге+ қатысты Еремияның алған сөзі:
2 “Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы мынаны айтады: —Сендер менің Иерусалимге және Яһуданың барлық қаласына жіберген апаттарымды+ өз көздеріңмен көрдіңдер. Бүгінде олар тас-талқан болып, елсіз бос жатыр+.
3 Мұның бәрі халықтың зұлым істерінің кесірінен болды. Олар мені қорлап, өздері де, ата-бабалары да білмеген бөтен тәңірлерге табынды+, құрбандықтар шалып+, құлшылық етті.
4 Қызметшілерім — пайғамбарларды оларға қайта-қайта жіберіп, “мен жек көретін осы жеркенішті істі жасамаңдаршы” деумен болдым+.
5 Бірақ олар тыңдаған да, құлақ асқан да жоқ: зұлым жолдарынан қайтпай, бөтен тәңірлерге құрбандықтар шалуды доғармады+.
6 Сондықтан менің лап еткен ашуым мен қаһарым Яһуданың қалаларына, Иерусалимнің көшелеріне төгілді. Бүгінде сол жерлер қирап, қаңырап жатыр+.
7 Енді Әскербасы әрі Исраилдің Құдайы Ехоба былай дейді: —Неге өз бастарыңа сұрапыл апат тілеп жатырсыңдар? Еркектер мен әйелдерді, балалар мен нәрестелерді түгел қырғынға ұшыратып, Яһуданы тамтықсыз қалдырмақсыңдар ма?
8 Өздерің тұру үшін келген Мысыр елінде өзге тәңірлерге құрбандықтар шалып, қолдарыңмен жасаған мүсіндерге табынып, неге мені қорлайсыңдар? Сендер құрып кетесіңдер, жер бетіндегі халықтардың қарғысына қалып, масқара боласыңдар+.
9 Яһуда елінде, Иерусалим көшелерінде ата-бабаларың, Яһуда патшалары мен олардың әйелдері+ жасаған зұлым істерді+, сондай-ақ өздеріңнің және әйелдеріңнің зұлым істерін+ ұмыттыңдар ма?
10 Осы күнге дейін бұларыңа өкінген де, менен қорыққан да жоқсыңдар+. Сондай-ақ өздеріңе және ата-бабаларыңа берген заңым мен нұсқауларыма сай жүрмедіңдер+.
11 Сондықтан Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Мен сендерге апат жіберіп, яһудилердің бәрін құртуды шештім.
12 Мысырға барып тұруға бел буған Яһуданың тамтығы Мысыр елінде құриды+. Үлкенінен кішісіне дейін семсердің жүзінен құлап, аштықтан қырылады. Иә, олардың ажалы семсер мен аштықтан келеді. Олар қарғысқа ұшырап, адам шошырлық күйге түсіп, масқара мен мазаққа қалады+.
13 Иерусалимді жазалағанымдай, Мысырда тұрып жатқандарды да семсермен, аштықпен және індетпен жазалаймын+.
14 Мысырға тұру үшін барған яһудилердің тамтығы Яһуда жеріне оралу үшін қашып құтылмайды, аман қалмайды. Олар сол жаққа қайта оралып, мекен етуді қанша аңсағанымен, қашып құтылған бірен-саранынан басқа ешкім оралмайды”.
15 Сонда әйелдерінің өзге тәңірлерге құрбандық шалып жүргендерін білетін еркектердің бәрі, сол жерде тұрған әйелдердің тобыры және Мысыр елінде+, Патроста+, тұрып жатқан күллі жұрт Еремияға:
16 “Ехобаның атынан айтқан сөздеріңізді тыңдамаймыз.
17 Қайта, өзіміз айтқандардың бәрін орындап, Аспан патшайымына* құрбандықтар ұсынып, оған арнап сұйық тартулар төге береміз+. Осылай Яһуданың қалаларында, Иерусалимнің көшелерінде өзіміз де, ата-бабаларымыз да, патшаларымыз бен әміршілеріміз де жасағанды жасаймыз. Өйткені сол кезде біз тойына нан жеп, жағдайымыз жақсы болатын, басымызға ешқандай апат түскен емес еді.
18 Аспан патшайымына құрбандықтар ұсынуды және оған арнап сұйық тартулар төгуді қойғалы бері, біз жоқшылық көріп, семсер мен аштықтан қырылып келеміз”,— деді.
19 Әйелдер болса: “Біз кезінде Аспан патшайымына құрбандықтар ұсынып, оған арнап сұйық тартулар төккенде, соның бейнесіне ұқсатып құрбандық нанын жасағанымызды, сұйық тартулар ұсынғанымызды күйеулеріміз біліп, рұқсат етті ғой”,— деп қосты.
20 Еремия сонда тұрған күллі жұртқа — әйелдер мен еркектерге, өзімен сөйлесіп тұрған адамдарға — былай деді:
21 “Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелерінде+ өздерің, ата-бабаларың, патшаларың, әміршілерің және бүкіл жұрттың әкелген сол құрбандықтарын Ехоба есінен шығармай, ойында ұстады.
22 Ехоба сендердің зұлым да жеркенішті істеріңе әрі қарай шыдай алмады. Сондықтан жерлерің бүгінде күл-талқан болып, адам шошырлық күйге түсіп, қарғысқа ұшырады, елсіз бос жатыр+.
23 Осындай құрбандықтар әкелгендерің үшін және Ехобаның айтқанын тыңдамай, заңдары мен нұсқауларын, ескертулерін орындамай, Ехобаға қарсы күнә жасағандарың үшін, бастарыңа осындай апат түсті. Бүгінде мұны өздерің көріп отырсыңдар+”.
24 Еремия сөзін жалғап, күллі халыққа және сондағы әйелдерге былай деді: “Мысыр жерінде тұрып жатқан барша яһудилер, Ехобаның сөзін тыңдаңдар!
25 Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Өздерің де, әйелдерің де ауызбен айтқандарыңды қолдарыңмен істедіңдер. Өйткені сендер “Аспан патшайымына арнап құрбандықтар ұсынамыз және сұйық тартулар төгеміз деген антымызды міндетті түрде орындаймыз” деген едіңдер+. Мейлі, әйелдер, сол анттарыңды орындап, жүзеге асыра беріңдер.
26 Ендеше, Мысыр елінде тұрып жатқан күллі яһудилер, Ехобаның сөзін тыңдаңдар! Ехоба былай дейді: —Міне, мен ұлы есіміммен ант етемін. Мысыр елінде тұрып жатқан ешбір яһуди бұдан былай “Бұл — Әлемнің Әміршісі Ехобаның тірі екеніндей хақ!”+ деген сөздермен есімімді аузына алып, ант етпейтін болады+.
27 Мен оларға жақсылық емес, апат жібермек болып бақылап тұрмын+. Мысыр еліндегі яһудилердің бәрі құрып кетпейінше, семсер мен аштықтан қырылады+.
28 Мысырдан Яһудаға семсерден қашып құтылған азғантай адам ғана оралады+. Сонда Мысыр еліне тұруға келген Яһуданың тамтығы кімнің сөзі рас екеніне: менің бе, әлде олардың ба, соған көздері жетеді.
29 Ехоба былай дейді: —Бастарыңа апат түсіремін деген уәдемнің міндетті түрде орындалатынын білулерің үшін, мен сендерді осы жерде жазалаймын. Мұның белгісі мынау болмақ:
30 Яһуданың патшасы Седекияны жанын алғысы келген жауы Бабыл патшасы Навуходоносордың қолына бергенімдей+,— дейді Ехоба,— Мысырдың патшасы Хопра перғауынды да жанын алғысы келіп жүрген жауларының қолына беремін”.
Сілтемелер
^ Немесе “Мемфисте”.
^ Бұл — жолдан тайған исраилдіктер табынған әйел тәңір. Түсіндірмені қараңыз.