Еремия 45:1—5

  • Ехобаның Барухқа арнаған хабары (1—5)

45  Яһуда патшасы Жосия ұлы Ехоякімнің билік құруының төртінші жылында+ Еремияның айтуымен+ Барух+ осы сөздерді шиыршыққа жазып қойған соң, Еремия пайғамбар Нериях ұлы Барухқа былай деді:  “Барух, Исраилдің Құдайы Ехоба саған қатысты мынаны айтады:  —Сен “Қасіретке қалдым, Ехоба азабымның үстіне азап қосты! Күрсіне-күрсіне шаршадым, жаным жай табар емес” дейсің.  Оған Ехоба мынаны айтады де: —Міне, тұрғызғанымды қиратамын, еккенімді тамырымен жұламын. Бүкіл елге осылай істеймін+.  Өзің үшін ұлы нәрселерге қол жеткізуге ұмтылудасың*. Бұлай етуді доғар. Мен бүкіл халыққа апат жіберемін+,— дейді Ехоба,— ал саған қайда барсаң да, өз жаныңды олжа етіп беремін+”.

Сілтемелер

Немесе “үміттенесің”.