Еремия 46:1—28

  • Мысыр туралы пайғамбарлық (1—26)

    • Мысырды Навуходоносор жаулап алады (13, 26)

  • Исраилге берілген уәделер (27, 28)

46  Бұл — Ехобаның Еремия пайғамбарға халықтар туралы айтқан сөзі+.  Мысыр+ туралы, Мысыр патшасы Нехо+ перғауынның әскері жайында, айтылған сөз. Оны Яһуда патшасы Жосия ұлы Ехоякімнің+ билік құруының төртінші жылы Бабыл патшасы Навуходоносор Евфрат өзенінің бойындағы Кархемисте ойрандаған болатын.   “Үлкенді-кішілі қалқандарыңды дайындап,Шайқасқа аттаныңдар.   Салт аттылар, аттарыңды ерттеп, мініңдер,Дулығаларыңды киіп, сап түзеңдер. Найзаларыңды үшкірлеп, сауыттарыңды киіңдер.   Мен не көріп тұрмын? Олардың үрейі ұшқан,Кері шегініп, сарбаздары қырылуда. Қатты шошып, күшті сарбаздары алды-артына қарамай қашуда. Айналаны қорқыныш жайлаған,— дейді Ехоба.   Жүйріктер қаша алмай,Мықты жауынгерлер құтыла алмай жатыр. Солтүстікте, Евфрат өзенінің жағалауында,Олар сүрініп, құлауда+.   Ніл өзеніндей көтеріліп,Асып-тасыған дариядай келе жатқан бұл кім?   Мысыр Ніл өзеніндей көтеріліп+,Дариядай асып-тасып келеді. Ол: “Мен көтеріліп, бүкіл жерді басып қаламын,Қаланы тұрғындарымен қоса жойып жіберемін”,— деп бөседі.   Аттар, шаба жөнеліңдер! Соғыс арбалары, құйындай зымыраңдар! Қалқан ұстаған құштық және путтық сарбаздар+,Садақ керген+ лудтық+ мерген жауынгерлер,Бәрің де алға ұмтылыңдар! 10  Сол күн — Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехобаның күні, жауларынан кек алып, есесін қайтаратын күн. Семсер тойынғанша, шөлін қанға қандырғанша жалмай береді. Өйткені Әлемнің Әміршісі, Әскербасы Ехоба жауларын солтүстіктегі елде, Евфрат өзенінің бойында құрбандық шалғандай қырып тастайды+. 11  Уа, Мысырдың пәк қызы,Ғалақатқа барып, шипамай* ал+. Дәрі-дәрмек көбейткеніңнен еш пайда жоқ,Өйткені бәрібір саған ем қонбайды+. 12  Масқара болғаныңды басқа халықтар естіді+,Жан даусың барша жерге жетуде. Сарбаздар бір-біріне сүрініп,Екеуі бірге құлап жатыр”. 13  Бабыл патшасы Навуходоносордың Мысыр елін талқандау үшін келетіні жайлы Ехобаның Еремия пайғамбарға айтқан сөзі+: 14  “Мысырда жар салып, Миғдолда+ жариялаңдар. Ноф* пен Тахпанхесте+ де дауыстап мынаны айтыңдар: —Сапқа тұрып, дайындалыңдар,Сендерді жан-жақтан семсер жалмайды. 15  Неге мықты сарбаздарың шайылып кетті? Өйткені Ехоба итеріп құлатқандықтан,Олар аяқтарында тұра алмады. 16  Қыруар сарбаз сүрініп құлап,Бір-біріне былай деп жатыр: “Тұрыңдар, жалаңдаған семсерден қашып,Өз жұртымызға, туған елімізге қайтайық!” 17  Сол жерде олар дауыстап: —Мысыр патшасы перғауын құр даурықпа мақтаншақ,Бірақ ол өз мүмкіндігін* жіберіп алды+,— деуде. 18  Патша әрі есімі Әскербасы Ехоба былай дейді: —Ол* таулардың арасындағы Табордай+,Теңіз жағасындағы Кармилдей+ кіріп келеді. Бұл сөзім — менің тірі екенімдей хақ! 19  Уа, Мысырда тұрып жатқан қыз,Жүгіңді жинап, жер аударылуға дайындал. Өйткені Ноф адам шошырлық күйге түседі,Ол отқа оранып*, ел-жұртсыз қалады+. 20  Мысыр әдемі құнажындай,Бірақ солтүстіктен оған қарай сона қаптап келеді. 21  Тіпті оның жалдамалы жауынгерлері бордақы тайыншадай. Олар да кері бұрылып, бәрі бірге қаша жөнелді. Орындарында тұра алмады+. Себебі бастарына апат күні туып,Жауапқа тартылатын кез келді. 22  Үні оның ысылдап қашқан жыландікіндей. Ағаш шабатын адамдарға ұқсап,Күшті жау келеді балта ұстап. 23  Ит тұмсығы батпайтындай көрінсе де,Оның орманын шауып тастайды,— дейді Ехоба. Олар шегірткелерден де көп, сан жетпейді. 24  Мысыр қызы ұятқа қалады. Ол солтүстіктен келген халықтың қолына беріледі+. 25  Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Міне, мен Но*+ қаласының тәңірі Амонды+, перғауынды, Мысырды, оның құдайлары+ мен патшаларын жазалаймын. Иә, перғауын мен оған сенім артқандардың бәрін жазаға тартамын+. 26  Мен оларды жанын алғысы келген Бабыл патшасы Навуходоносор+ мен оның қызметшілерінің қолына беремін. Бірақ кейіннен Мысырда бұрынғыдай ел тұратын болады,— дейді Ехоба+. 27  Ал сен, қызметшім Жақып, қорықпа,Уа, Исраил, үрейленбе+. Мен сені алыстағы жерден,Үрім-бұтағыңды тұтқындағы елден құтқарамын+. Жақып қайтып оралып, тыныш та алаңсыз өмір кешеді,Ешкім оны қорқытпайды+. 28  Сондықтан қорықпа, қызметшім Жақып, мен саған жар боламын. Өзіңді арасына бытыратып жіберген халықтардың бәрін құртамын+,Ал сені жойып жібермеймін+. Сені тиісінше жөнге саламын+,Бірақ жазасыз қалдырмаймын,— дейді Ехоба”.

Сілтемелер

Немесе “бальзам”.
Немесе “Мемфис”.
Сөзбе-сөз “белгіленген уақытты”.
Яғни Мысырды жеңуші.
Мүмкін: “қаңырап”.
Яғни Тебес.