Еремия 47:1—7

  • Філістірлер туралы пайғамбарлық (1—7)

47  Перғауын Газаны әлі күйретпей тұрғанда, Ехоба Еремия пайғамбарға філістірлерге+ қатысты сөзін арнады.  Ехоба былай дейді: “Міне, солтүстіктен тасқын су көтеріліп келеді. Ол топан суға айналып,Ел мен сондағының бәрін,Қала мен тұрғындарын басып қалады. Адамдар айқай салып,Елде тұратындардың бәрі зар еңірейтін болады.   Айғырлардың тұяқ дүбірін,Соғыс арбаларының дүрсілін,Дөңгелектерінің шуылын естігенде,Үрейі ұшқан әкелер балаларын құтқармай,Алды-артына қарамай қаша жөнеледі.   Філістірлер+ түгелімен жойылатын күн келеді,Сол күні Тир+ мен Сидонда+ қалған одақтастарының бәрі құриды. Өйткені Ехоба філістірлерді,Қаптор*+ аралынан аман қалғандарды, құртады.   Газа таз* болады. Ашкелон үнсіз қалады+. Уа, аңғарда қалған олардың тамтығы,Қашанғы денелеріңді тілгілейсіңдер+?   Ей, Ехобаның семсері+! Қашан тыным табасың? Қынабыңа қайта орал,Дамыл тауып, тыныштал.   Ол қалай тыным тапсын,Ехоба бұйырды ғой. Ашкелон мен теңіз жағалауына қарсы+ Ол оны бағыттады ғой”.

Сілтемелер

Яғни Крит.
Олар қайғырғаннан, масқара болғаннан шаштарын қырып тастайды.