Еремия 48:1—47

  • Моаб туралы пайғамбарлық (1—47)

48  Моаб+ туралы Әскербасы Ехоба, Исраил Құдайы мынаны айтады: “Небоға+ қасірет, өйткені ол жойылды! Кириятайым+ масқара болып, жау қолына түсті. Берік қорғаны масқара болып, күл-талқаны шықты+.   Бұдан былай Моаб дәріптелмейді. Хешбонда+ жаулар оны құлатуды ойластырып: —Жүріңдер, оның халық деген атын өшірейік,— деуде. Уа, Мадмен, сен де үнсіз қал,Себебі соңыңа семсер түсті.   Хоронаимнен+ қатты айғай,Қиратылып, тас-талқан болып жатқан шу естілуде.   Моаб күйреді,Кішкене балалары зар еңіреуде.   Лухитке өрлеп бара жатқандар тоқтамай жылауда,Хоронаимнен түсіп келе жатқандар апаттан зар илегендердің даусын естуде+.   Бассауғалап, қашыңдар! Құла түздегі аршадай болып жасырыныңдар.   Жетістіктерің мен қазынаңа сенім артқаның үшін,Сен де тұтқынға түсесің. Діни қызметкерлері және әміршілерімен қоса,Тәңірің Хамос+ жер аударылып кетеді.   Қырып-жоюшы әрбір қалаға шабуылдап,Бірде-бір қала аман қалмайды+. Аңғар құрып кетеді,Үстірт те тып-типыл етіліп, Ехобаның айтқанындай болады.   Моаб үшін жол белгісін қойыңдар,Ол қирағанда, тұрғындары қаша жөнеледі. Қалалары адам шошырлық күйге түсіп, ел-жұртсыз қалады+. 10  Ехобаның тапсырмасын салғырт орындайтын жанды қарғыс атсын! Семсерімен қан төгуден жалтарған адамды қарғыс атсын! 11  Моабтықтар жастайынан бейқам өмір кешіп келеді,Олар тұнбасы түбіне түскен шарапқа ұқсайды. Олар бір ыдыстан басқасына құйылмаған,Ешқашан жер аударылмаған. Сондықтан да оның дәмі жақсармаған,Иісі де еш өзгермеген. 12  Міне, сондықтан оларды төңкеріп тастайтын адамдарды жіберетін күндер келе жатыр,— дейді Ехоба.— Бұлар келіп, олардың ыдыстарын төңкеріп, босатады, үлкен құмыраларының быт-шытын шығарады. 13  Исраил үйі өзі сенім артқан Бетел үшін ұятқа қалғанындай, моабтықтар да Хамос үшін ұятқа қалады+. 14  Өздеріңді “шайқасқа дайын мықты жауынгерміз”+ деуге қалай ауыздарың барады? 15  Моаб жойылды, қалалары басып алынды+,Бетке ұстар жас жігіттері қырылды+,— дейді Патша,Есімі оның — Әскербасы Ехоба+. 16  Моабтықтардың басына түсетін апат жақын қалды,Олардың күйрейтін кезі асығып келеді+. 17  Оларға айналасындағылардың барлығы,Олардың есімін білетіндердің бәрі, аянышпен қарайтын болады. Оларға: —Қалайша мықты да әсем асатаяқ сынып қалды?!— деңдер. 18  Уа, Дибонда+ тұрып жатқан қыз,Атақ-даңқыңнан бас тарт, сусап-шөлдеп отыр*! Себебі Моабты қырып-жоюшы саған келіп қалды,Ол бекіністі жерлеріңді ойран етеді+. 19  Арогердің+ тұрғыны, жол бойына шығып, қара. Қашып келе жатқан еркектен, бассауғалаған әйелден: —Не болды?— деп сұра. 20  Моаб масқара болды, оның үрейі ұшты. Зар еңіреп, жылап-сықтаңдар. Моабтың күйрегенін Арнонда+ жариялаңдар. 21  Үстіртті елдегі барлық қалаға үкім шығарылды+. Атап айтқанда, Холонға, Яхасқа+, Мефағатқа+, 22  Дибонға+, Небоға+, Бет-Диблатаимге, 23  Кириятайымға+, Бет-Ғамул мен Бет-Меонға+, 24  Кериотқа+, Босраға және Моабтың алыс-жақын басқа қалаларының бәріне үкім шығарылды. 25  Моабтың күші* күйретілді. Құдіретті қолы сындырылды,— дейді Ехоба. 26  Оны мас қыл+, өйткені Ехобаның алдында кеуде көтерді+. Моаб өз құсығына аунауда. Ол күлкі-мазаққа айналды. 27  Сен Исраилді мазақ етпеп пе едің+? Басыңды шайқап, оған қарсы сөйлейтіндей,Ол ұрылардың арасынан ұсталып па еді? 28  Моабтың тұрғындары, қалалардан кетіп, жартастарды мекен етіңдер,Құздарға ұя салатын кептерлерге ұқсаңдар”. 29  “Моабтың өркөкіректігі туралы естідік, ол өте тәкаппар. Оның дандайсығаны, кеуде көтергені, тәкаппарланғаны, жүрегінің паңданғаны құлағымызға жетті+”. 30  “Мен оның ашу-ызасын білемін,— дейді Ехоба,Ол құр мақтанады, бірде-бір сөзін орындамайды. 31  Сондықтан Моаб үшін еңіреймін,Бүкіл Моабты ойлап зарлаймын. Кир-Херес адамдары үшін күңіренемін+. 32  Жазер+ үшін қайғырып жылағанымнан,Уа, Сибманың+ жүзім бұтағы, сен үшін қаттырақ жылаймын. Жайқалған сабақтарың теңіздің арғы бетіне жетті. Олар теңізге дейін, Жазерге дейін жетті. Жазғы жемістерің мен жинаған жүзімдеріңеҚырып-жоюшы бас салды+. 33  Моаб жеріндегі, бақ ішіндегіҚуаныш пен шаттық үні өшті+. Мен жүзім сығатын орыннан шырын ақпайтын еттім. Бұдан былай ешкім қуана айқайлап жүзім таптамайды,Ендігі айқай қуаныштың айқайы болмайды+”. 34  “Хешбондағы+ қатты дауыс Елалехке+ жетіп тұр,Олардың үні Яхасқа+ дейін, Сиғордан Хоронаимге+ дейін,Одан әрі Еглат-Шелишияға дейін естіледі. Тіпті Нимримнің сулары тартылып қалады+. 35  Бұдан былай Моаб жерінде,— дейді Ехоба,Ғибадат төбелерінде құрбандық шалатындар,Өз құдайына хош иісті заттар түтететіндер болмайды. 36  Сондықтан да Моаб үшін жүрегім сыбызғыдай сыңсып қайғырады+. Кир-Херестің адамдары үшін жүрегім сыбызғыдай сыңсып қайғырады. Оның жиып-терген байлығы құрып кетеді. 37  Қайғыдан бәрі шашын тақырлап+,Сақалдарын қырып тастаған. Бәрінің қолдары тілгіленген+,Белдеріне азалы киім* байланған+. 38  Моабтың әрбір үйінің төбесінде,Көпшілік алаңдардың барлығындаЗар илеген дауыстар ғана естіледі. Өйткені мен керексіз құмырадай,Моабты сындырып тастадым,— дейді Ехоба. 39  Оның зәре-құты қашқан! Өксіп жылаңдар, Моаб тұрғындары! Моаб масқара болып, теріс айналды! Ол күлкі-мазаққа қалды,Айналасындағылар шошынатын күйге түсті. 40  Сондықтан Ехоба былай дейді: —Міне, жау бүркіттей жемтігіне шүйлігіп+,Моабтың үстінен қанатын жаяды+. 41  Қалалары жау қолына өтеді,Бекіністері басып алынады. Сол күні Моаб сарбаздарының жүрегіТолғатқан әйелдің жүрегіндей болады. 42  Моаб халық болудан қалады+,Өйткені ол Ехобаның алдында кеудесін керді+. 43  Сендерді үрей, ор мен тұзақ күтіп тұр,О, Моабтың тұрғындары,— дейді Ехоба. 44  Үрейден қашқандар орға құлайды,Ал ордан шыққандар тұзаққа түседі. Өйткені мен Моабты жазалайтын жыл келеді,— дейді Ехоба. 45  Қашқындар әбден әлсіреп,Хешбонның көлеңкесінде тұрады. Өйткені Хешбоннан от,Сихонның+ ішінен жалын шығып,Моабтың маңдайын,Абыржыған ұлдарының төбесін жалмайды+. 46  Уа, Моаб, қасіретке қалдың! Хамосқа+ табынатын халық құрып кетті. Ұлдарың тұтқынға алынып,Қыздарың жер аударылды+. 47  Бірақ мен соңғы күндері Моабтың тұтқындағы халқын қайта жинаймын,— дейді Ехоба. Моабқа қатысты айтылған үкім осымен бітеді+”.

Сілтемелер

Мүмкін: “құрғақ жерге отыр”.
Сөзбе-сөз “мүйізі”.