Еремия 49:1—39

  • Аммон туралы пайғамбарлық (1—6)

  • Едом туралы пайғамбарлық (7—22)

    • Едом халық ретінде жойылады (17, 18)

  • Дамаск туралы пайғамбарлық (23—27)

  • Кедар мен Хасор туралы пайғамбарлық (28—33)

  • Елам туралы пайғамбарлық (34—39)

49  Аммондықтар+ туралы Ехоба былай дейді: “Исраилдің ұлдары жоқ па еді? Әлде оның мұрагері жоқ па екен? Неге Малхам+ Ғадты иемденіп алды+? Неліктен оған табынушылар Исраил қалаларында тұрып жатыр?   Міне, сондықтан да аммондықтардың+ Раббасына+ қарсыСоғыс дабылы* естілетін күндер келе жатыр. Ол қаңырап бос жатқан төбеге айналады,Оған қарасты* қалалар өртке оранады,— дейді Ехоба. Исраил өз жерін иемденгендердің жерін иемденетін болады+,— дейді Ехоба.   Ей, Хешбон, зар еңіре, өйткені Гайдың тас-талқаны шықты! Ей, Раббаға қарасты қалалар, айғайлаңдар! Азалы киім киіңдер. Зар еңіреп, тас қораларды аралаңдар,Жалған тәңір Малхам жер аударылады,Ол абыздары және әміршілерімен қоса айдалады+.   О, опасыз қыз, неге аңғарларыңа мақтанасың? Неге ағын суы мол аңғарларыңа мақтанасың? Өз қазынаңа сенім артып: —Кім маған қарсы келеді?— деп айтасың.   Айналаңдағының бәріненСаған қорқынышты пәле әкеле жатырмын. Сен жан-жаққа бытырап кетесің,Қашқындарды жинайтын ешкім болмайды,— дейді Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба.   Бірақ тұтқынға кеткен аммондықтарды кейін қайта жинаймын,— дейді Ехоба”.  Әскербасы Ехоба Едом туралы былай дейді: “Теманда+ даналықтың қалмағаны ма? Данышпандарда жақсы ақыл-кеңес құрып қалды ма? Олардың даналығы жарамсыз болды ма?   Уа, Деданның+ тұрғындары, кері бұрылып, қашыңдар! Барып, төмен жерлерде жасырыныңдар! Өйткені Есаудың үрім-бұтағын* жазалайтын кез келгенде,Оның басына апат түсіремін.   Егер саған жүзім жинаушылар келсе,Артынан масақ қалдырмаушы ма еді? Егер түнде ұрылар түссе,Қалағанын ғана тонап әкетпейтін бе еді+? 10  Ал мен Есаудың дымын қалдырмай жалаңаштаймын. Жасырынатын жерлерінің бәрін ашып тастаймын,Сонда оның тығылатын жері қалмайды. Балалары, бауырлары мен көршілері түгел қырылады+,Өзі де біржола құрып, жоқ болады+. 11  Жетім балаларыңды қалдыр,Олардың өмірін сақтап қаламын,Жесірлерің маған сенім артатын болады”. 12  Ехоба мынаны айтады: “Міне, қаһарыма толы тостағаннан ішу жазасына кесілмегендер одан ішетін болса, сен қалай жазасыз қалмақсың? Сен жазадан қашып құтылмайсың, бұл тостағаннан сөзсіз ішесің+”. 13  “Өзіммен ант етемін,— дейді Ехоба,— Босра қаласы адам шошырлық күйге түсіп+, мазаққа қалып, жермен-жексен болады және қарғысқа ұшырайды. Оған қарасты қалалардың бәрі біржола қирайды+”. 14  Мен Ехобадан хабар алдым,Халықтардың арасына елші жіберілді. Ол: “Бас қосып, оған қарсы аттаныңдар,Шайқасуға дайындалыңдар”,— деп жариялайды+. 15  “Міне, мен сені халықтардың арасында маңызсыз,Адамдардың арасында жеккөрінішті еттім+. 16  Сен өзгелердің үрейін ұшырғаныңа,Жүрегіңнің менмендігіне алдандың. Ей, биік төбеге орнығып,Жартастар арасын мекендеуші! Ұяңды бүркіт сияқты қияға салсаң да,Мен сені сол жерден құлатамын”,— дейді Ехоба. 17  “Едом адам шошырлық күйге түседі+. Өткен-кеткендер оның басына түскен апаттың бәрін көргенде, жандары түршігіп, таңғала ысқыратын болады. 18  Мен Содом, Ғомора және көршілес қалаларын құртқанымдай+, оны да құртамын,— дейді Ехоба,— онда ешкім қоныстанбайды, адам баласы тұрмайды+. 19  Міне, Иорданның бойындағы қалың тоғайлардан қауіпсіз жайылымға шыға келген арыстандай біреу келеді+, сол сәтте-ақ мен оны өз жерінен қашуға мәжбүр етемін. Сосын сол жердің үстінен өзім таңдаған біреуді тағайындаймын. Маған тең келетін кім бар? Менімен дауласуға кімнің дәті барады? Қандай бағушы маған қарсы тұра алады+? 20  Олай болса, уа, адамдар, Ехобаның Едомға шығарған шешімін және Теманның+ тұрғындарына қарсы не ойластырғанын тыңдаңдар: Отардағы тоқтылар сүйреп әкетіледі. Істеген зұлымдықтарының кесірінен мекендері қаңырап бос қалдырылады+. 21  Олардың құлаған гүрсілінен жер сілкінді. Айқайлаған дауыстар шығуда. Ол Қызыл теңізге+ дейін жетуде. 22  Міне, ол бүркіт сияқты аспанға көтеріліп алып,Сосын төмен қарай шүйлігеді+,Қанаттарын Босра қаласының үстіне жаяды+. Сол күні Едом сарбаздарының жүрегіТолғатқан әйелдің жүрегіндей болады”. 23  Дамаск туралы хабар+. “Хамат+ пен Арпад қалалары,Суық хабар естіп, ұятқа қалды. Олардың жігері құм болды. Халық буырқанған теңіздей тынышталар емес. 24  Дамаск батылдығынан айырылды. Ол кері қашпақ еді, бірақ қатты шошып тұрып қалды. Толғатып жатқан әйелдей қиналып, азапқа түсті. 25  Салтанатты, қуанышқа толы қаланыТұрғындары неге тастап кетпеді? 26  Ендеше, жас жігіттері көпшілік алаңдарда мерт болады,Сарбаздарының бәрі сол күні қырылады,— дейді Әскербасы Ехоба. 27  —Мен Дамаскінің қабырғаларына от қоямын,Сонда ол Бен-Хададтың бекініс мұнараларын жалмайды+”. 28  Бабыл патшасы Навуходоносор күйреткен Кедар+ мен Хасор патшалығы туралы Ехоба былай дейді: “Тұрыңдар да, Кедарға өрлеп барыңдар,Шығыс ұлдарының көзін құртыңдар. 29  Олардың шатырлары мен отарлары,Шатыр жабындары мен дүние-мүлкі тартып алынады. Түйелері айдап әкетіледі,Сонда адамдар: —Айналаны қорқыныш жайлады!— деп айғайлайды”. 30  “Уа, Хасордың тұрғындары,Қашыңдар, алысқа қашыңдар! Барып, терең жерлерге жасырыныңдар! Өйткені Бабыл патшасы Навуходоносор шабуыл тәсілін жоспарлады,Сендерге қарсы айла-амал ойластырды”,— дейді Ехоба. 31  “Тұрыңдар да, бейбіт жатқан халыққа,Қауіпсіз тұрып жатқандарға аттаныңдар!”— дейді Ехоба. “Олардың есіктері де, ысырмалары да жоқ, оқшау тұрып жатыр. 32  Түйелері тоналып,Қыруар отар-табындары олжа болады. Мен самай шаштарын қыратындарды+ Жан-жаққа бытыратамын. Оларға шартараптан апат жіберемін,— дейді Ехоба. 33  —Хасор шибөрілердің мекеніне айналып,Біржола қаңырап бос қалады. Онда ешкім қоныстанбайды,Адам баласы тұрмайды”. 34  Яһуда патшасы Седекияның+ билік құруының басында Ехоба Еремия пайғамбарға сөзін арнап, Елам+ туралы айтқандары: 35  “Әскербасы Ехоба былай дейді: —Мен Еламның+ күш-қуатының көзі болған садағын сындырамын. 36  Еламға жердің төрт бұрышынан төрт жел соққызып, осы желмен оларды шашыратып жіберемін. Сонда Елам қашып бармаған ешбір ел қалмайды”. 37  “Мен жанын алғысы келіп жүрген жауларының алдында еламдықтардың үрейін ұшырамын. Олардың басына апат жіберіп, лаулап тұрған қаһарымды төгемін,— дейді Ехоба.— Олардың көзін толығымен құртпайынша, соңдарынан семсер жіберемін”. 38  “Еламға+ тағымды орнатып, сол жердегі патшаны да, әміршілерді де жоямын”,— дейді Ехоба. 39  “Бірақ соңғы күндері мен Еламның тұтқынға кеткен халқын қайта жинаймын”,— дейді Ехоба.

Сілтемелер

Мүмкін: “атой салған дауыстар”.
Немесе “айналасындағы”.
Яғни Едомды.