Еремия 50:1—46

  • Бабыл туралы пайғамбарлық (1—46)

    • “Бабылдан қашыңдар!” (8)

    • Исраил өз еліне қайтарылады (17—19)

    • Бабылдың сулары тартылып қалады (38)

    • Бабылда ешкім тұрмайды (39, 40)

50  Ехоба Бабылға+, Халдей еліне, қатысты Еремия пайғамбарға былай деді:   “Халықтарға естіртіп, жариялаңдар,Белгі беретін бағана орнатып, бәріне хабарлаңдар,Ештеңені жасырмаңдар! —Бабыл жау қолына түсті+. Жалған тәңір Бел масқара болды+. Меродахтың* үрейі ұшты. Оның мүсіндері масқараға қалды. Жеркенішті пұттарының зәре-құты қашты,— деңдер.   Солтүстіктен оған қарсы бір халық келді+. Ол оның елін адам шошырлық күйге түсірді. Бірде-бір тұрғыны жоқ. Адам да, жануар да қашып кеткен. Олардың біреуі де қалмаған”.  “Сол күндері және сол уақытта,— дейді Ехоба,— Исраил мен Яһуда халқы бірге келеді+. Олар жол-жөнекей жылап+, Ехоба Құдайларын бірге іздейтін болады+.  Олар Сионға апаратын жолды сұрап, сол жаққа бет бұрып+: —Жүріңдер, ешқашан ұмытылмайтын, мәңгілік келісім+ арқылы Ехобамен бірігейік,— дейтін болады.  Менің халқым жоғалған қойлар іспетті болды+. Оларды бағушылары адастырып+, тау жаққа әкетті. Сөйтіп, олар тау-төбелерді кезіп жүріп, өздерінің тынығатын орындарын ұмытты.  Оларды тапқандар бас салып жалмады+. Жаулары: —Біздің кінәміз жоқ, өйткені олар Ехобаға, әділдіктің мекені әрі ата-бабалары үміт артқан Ехобаға, қарсы күнә жасады,— деді”.   “Бабылдан қашыңдар,Халдейлердің елінен шығыңдар+,Отардың алдында жүретін серке не қошқардай болыңдар.   Өйткені мен солтүстіктегі елден Бабылға қарсыҰлы халықтардың қауымын әкеле жатырмын+. Олар оған сап түзеп келеді. Сөйтіп, ол солардың қолына түседі. Жебелері мықты жауынгердің жебелеріндей,Ата-ананы балаларынан айырады+. Олар олжасыз қайтпайды. 10  Халдей елі олжаға айналады+. Оны талан-таражға салғандар әбден қарық болады+”,— дейді Ехоба. 11  “Өйткені менің меншігімді тонап жатып+,Сен мәз-мейрам болып шаттандың+. Көк майсада тайыншадай ойнақтап,Айғырлардай кісіней бердің. 12  Сенің анаң ұятқа қалды+. Сені дүниеге әкелген оның көңілі қалды. Міне, ол — халықтардың ішіндегі ең елеусізі,Ол қуаң тартқан құла түзге, шөл далаға айналды+. 13  Ехобаның ашу-ызасына тигендіктен, енді оны ешкім мекендемейді+. Ол мүлдем қаңырап бос қалады+. Өткен-кеткендер Бабылдың басына түскен бар пәлені көріп,Үрейлене қарап, таңғала ысқыратын болады+. 14  Садақ кергендердің бәрі,Бабылға жан-жақтан сап түзеп келіңдер! Оны атқылаңдар, жебелеріңді аямаңдар+,Өйткені ол Ехобаға қарсы күнә жасады+. 15  Оған жан-жақтан атой салыңдар! Ол берілді, бағаналары құлап, қабырғалары қирады+. Өйткені бұл — Ехобаның кек алуы+. Одан еселеріңді қайтарыңдар. Істегенін өз басына келтіріңдер+. 16  Бабылдан диқаншыны да,Егінге орақ салған орақшыны да құртыңдар+. Жалаңдаған семсерден қорыққандықтан,Әрқайсысы өз халқына оралады,Әркім өз еліне қашып кетеді+. 17  Исраил халқы тентіреп кеткен қойлар іспетті+. Арыстандар оларды бытыратып жіберді+. Алдымен, оларды Ассирия патшасы жалмады+, сосын, Бабыл патшасы Навуходоносор олардың сүйегін мүжіді+. 18  Сондықтан Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Ассирия патшасын қалай жазаласам+, Бабыл патшасы мен оның елін де солай жазалаймын. 19  Сосын Исраилді өз жайылымына қайтарамын+. Ол Кармил мен Башанда жайылады+, Ефрем+ мен Ғалақаттың+ таулы өңірінде тойынатын болады. 20  Сол күндері және сол уақытта,Исраилдің айыбын іздестіргенде,Ол жоқ болып шығады. Яһуданың күнәлары да табылмайды,Өйткені өзім аман алып қалғандарды кешіремін+”,— дейді Ехоба. 21  “Сен Мератаим жері мен Пеходтың+ тұрғындарына қарсы аттан. Оларды қырып-жойып, бірін де қалдырма,Бұйырғандарымның бәрін орында”,— дейді Ехоба. 22  “Осы елде шайқастың,Зор апаттың у-шуы естіледі. 23  Жер бетіндегі халықтардың бәрін қиратқан ұста балғасы сынып, қирады+! Бабыл халықтар арасында қорқынышты көрініске айналды+! 24  Уа, Бабыл, мен саған тұзақ құрдым, сен соған түстің,Бірақ мұны өзің аңғармадың. Сен қолға түсіп, тұтқындалдың+. Өйткені Ехобаға қарсы шықтың. 25  Ехоба өзінің қоймасын ашып,Қаһарының қару-жарағын шығарды+. Өйткені Әлемнің Әміршісі Әскербасы ЕхобаныңХалдейлердің елінде бір ісі бар. 26  Оған қарсы алыс жерлерден келіп+,Оның қамбаларын ашыңдар+. Оны астық сияқты төбе-төбе етіп үйіңдер. Тып-типыл етіп жойыңдар+. Бірде-бір жан қалмасын. 27  Оның жас бұқаларын қырыңдар+. Бәрін әкетіп, бауыздаңдар. Олар қасіретке қалды, өйткені бастарына күн туды,Жауапқа тартылатын уақыты келді! 28  Бабыл елінен бассауғалағандардың,Қашқандардың даусы шығады. Олар Ехоба Құдайымыздың кек қайтарғанын,Өз ғибадатханасы үшін өш алғанын Сионда жарияламақ+. 29  Бабылға қарсы садақшыларды,Садақ керген мергендердің бәрін шақырыңдар+. Оның айналасына қос тігіңдер, ешкім қашып кетпесін. Іс-әрекетіне сай оған сазайын беріңдер+,Жасағанын өз басына келтіріңдер+. Өйткені ол Исраилдің Киелісінің алдында+,Ехобаның алдында менмендік танытты. 30  Сондықтан жас жігіттері көпшілік алаңдарда мерт болады+,Сарбаздарының бәрі сол күні қырылады”,— дейді Ехоба. 31  “Міне, мен саған қарсы шығамын+, уа, менмен Бабыл+,— дейді Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба,—Өйткені сенің күнің, жауапқа тартылатын уақытың келеді. 32  Уа, тәкаппар Бабыл, сүрініп құлайсың,Ешкім сені тұрғызбайды+. Мен қалаларыңды отқа ораймын,Ол айналаңдағының бәрін жалмайды”. 33  Әскербасы Ехоба мынаны айтады: “Исраил мен Яһуда халқы езгі көруде,Тұтқынға алғандар оларды мықтап ұстап+, жібергісі келмейді+. 34  Бірақ олардың Құнын өтеушінің құдіреті зор+. Оның есімі — Әскербасы Ехоба+. Ол міндетті түрде олардың мүддесін қорғап+,Елдеріне тыныштық орнатады+. Ал Бабылдың тұрғындарын абыржытады+”. 35  Ехоба былай дейді: “Өздеріне қарсы көтерілген семсерден халдейлер,Бабылдың тұрғындары, әміршілері мен данышпандары жойылады+. 36  Бос сөз айтатындарға* қарсы семсер көтеріледі, сонда олар ессіз әрекет етеді. Оның сарбаздарына семсер көтеріледі, сонда зәре-құттары қалмайды+. 37  Олардың аттары мен соғыс арбаларына,Арасындағы өзге жұрттарға қарсы семсер көтеріледі,Сонда олар әйел іспетті әлсіз болып қалады+. Бабыл қазынасына қарсы семсер көтеріледі, сонда ол талан-таражға түседі+. 38  Суларының айналасы қирап, сулары тартылып қалады+. Өйткені Бабыл — ойып жасалған мүсіндердің елі+,Қорқынышты аяндар көргендіктен, олар ессіз әрекет етуде. 39  Сондықтан шөл даланың аңдары ұлитын аңдармен бірге мекендеп,Ол түйеқұстардың қонысына айналады+. Енді қайтып онда ел қоныстанбайды,Ұрпақтан ұрпаққа қаңырап бос тұрады+”. 40  “Мен Содом, Ғомора+ және көршілес қалаларын+ құртқанымдай, оны да құртамын. Онда ешкім қоныстанбайды, адам баласы тұрмайды+,— дейді Ехоба. 41  —Міне, солтүстіктен бір халық келе жатыр. Жердің қиыр шеттерінен+ үлкен халық, ұлы патшалар көтеріледі+. 42  Олар садақ пен найзаны епті қолданады+. Сондай-ақ қатыгез, аяушылықты білмейді+. Атқа мініп шапқаны долданған теңіздің гүріліндей+. Уа, Бабылдың қызы, олар саған қарсы сап түзеп,Бір кісідей келе жатыр+. 43  Бабыл патшасы олар жайлы хабарды естігенде+,Қорыққаннан қолдары дірілдеді+. Толғатқан әйелдей қиналып, әбден азапқа түсті. 44  Міне, Иорданның бойындағы қалың тоғайлардан қауіпсіз жайылымға шыға келген арыстандай біреу келеді, сол сәтте-ақ мен оларды өз жерінен қашуға мәжбүр етемін. Сосын сол жердің үстінен өзім таңдаған біреуді тағайындаймын+. Маған тең келетін кім бар? Менімен дауласуға кімнің дәті барады? Қандай бағушы маған қарсы тұра алады+? 45  Олай болса, уа, адамдар, Ехобаның Бабылға шығарған шешімін+ және халдейлердің жеріне қарсы не ойластырғанын тыңдаңдар: Отардағы тоқтылар сүйреп әкетіледі. Істеген зұлымдықтарының кесірінен мекендері қаңырап бос қалдырылады+. 46  Бабыл қолға түскен кездегі у-шудан жер дірілдейді,Оның айқайы халықтар арасына жетеді+”.

Сілтемелер

Немесе “жалған пайғамбарларға”.