Еремия 51:1—64

  • Бабыл туралы пайғамбарлық (1—64)

    • Мидия Бабылды кенеттен құлатады (8—12)

    • Евфратқа лақтырылған шиыршық (59—64)

51  Ехоба былай дейді: “Міне, мен жойқын жел тұрғызып,Бабылға+ және Леб-Камайдың* тұрғындарына соққызамын.   Бабылға астық желпушілерді жіберемін,Олар оны желпіп, елін бос қалдырады,Басына апат түскен күні оған жан-жақтан тап береді+.   Садақшы садағын кермесін,Сауыт кигеннің ешқайсысы орнынан тұрмасын. Жас жігіттерін аямаңдар+,Әскерін оның түгел қырып-жойыңдар.   Олар халдейлер жерінде мерт болады,Көшелерінде түйреліп жатады+.   Әскербасы Ехоба Исраил мен Яһуданы жесір етіп қалдырмады+. Ал халдейлердің елі Исраилдің Киелі Құдайының көзінде күнәға батты.   Бабылдан қашыңдар,Жандарыңды аман сақтаңдар+. Оның айыбы үшін құрып кетпеңдер. Өйткені Ехобаның кек алатын уақыты келді,Оған өз істерінің есесін қайтарады+.   Бабыл Ехобаның қолындағы алтын тостаған болатын. Ол жер бетіндегілердің бәрін мас қылды. Халықтар ондағы шараптан ішіп мас болды+,Олардың есі ауысқаны да содан+.   Бабыл кенеттен құлап, тас-талқан болды+,Оны жоқтап, зар еңіреңдер+! Ауырсынуын басатын шипамай алдыртыңдар, бәлкім, сауығып кетер”.   “Біз Бабылды емдеуге тырыстық, бірақ ол айықпады. Оны тастап, әрқайсысымыз өз елімізге қайтайық+. Жазаға лайық қылмысы көкке жетті,Бұлттарға дейін көтерілді+. 10  Ехоба біз үшін әділдік орнатты+,Жүріңдер, Сионда Құдайымыз Ехобаның ісін паш етейік+”. 11  “Жебелеріңді үшкірлеп+, қолдарыңа дөңгелек қалқан алыңдар*. Ехоба Мидия патшаларының жүрегіне қозғау салды+,Себебі ол Бабылды күйретпекші. Осылай Ехоба кек қайтарады, өз ғибадатханасы үшін кек алады. 12  Бабылдың қабырғаларына шабуылдау үшін белгі орнатыңдар+. Күзетті күшейтіңдер, қарауыл қойыңдар. Торуылдап жатқандар да дайындалсын. Өйткені Ехоба шабуыл тәсілін ойластырды,Бабыл тұрғындарына қатысты айтқан уәдесін орындамақ+”. 13  “Уа, көп судың үстінде отырған+,Мол қазынаға кенелген әйел+,Өзіңнің де, арам пайдаңның да біткен жері осы+. 14  Әскербасы Ехоба өзімен ант етіп: —Мен саған шегірткедей сансыз көп адам жіберемін,Олар сені жеңіп, шаттана айқайлайды+,— деді. 15  Ол — Жаратушы, құдіретімен жерді жаратқан,Даналығымен құнарлы жерді берік етіп орнатқан+,Ақыл-парасатымен аспан кеңістігін жайған+. 16  Оның даусы естілгенде,Аспандағы сулар буырқанады. Ол жердің шет-шетінен бұлттарды* көтереді. Жаңбыр жауғызу үшін найзағай ойнатады*,Қоймаларынан желді алып шығады+. 17  Бәрі парасатсыздықпен, білімсіздікпен әрекет етеді. Темір ұстасы балқытып жасаған мүсіні үшін масқараға қалады+. Мұндай мүсін жалған, онда тіршілік лебі* жоқ+. 18  Пұттар — бос нәрсе+, әжуа-мазаққа қалатындар. Жауапқа тартылатын күн келгенде, құрып жоқ болады. 19  Жақыптың Құдайы* сол нәрселердей емес. Ол бәрінің — Жаратушысы,Тіпті өзінің меншігінің асатаяғы+. Оның есімі — Әскербасы Ехоба+”. 20  “Сен соғысқа арналған сойылымсың, қаруымсың. Сен арқылы халықтарды күл-талқан етемін,Сен арқылы патшалықтарды ойрандаймын. 21  Сен арқылы жоямын ат пен салт аттыны,Соғыс арбасы мен оның айдаушысын. 22  Сен арқылы қырамын еркек пен әйелді,Кәрі мен баланы, жас жігіт пен бойжеткенді. 23  Сен арқылы құртамын шопан мен оның отарын,Диқан мен оның жер жыртатын малын,Билеушілер мен басқарушыларды. 24  Көз алдарыңда Сионда жасаған бар зұлымдығы үшін,Бабыл мен Халдей тұрғындарына тиісті жазасын беремін+”,— дейді Ехоба. 25  “Мен саған қарсы шығамын+, о, ойрандатушы тау,Бүкіл жер бетін қырып-жоюшы+. Саған қарсы күшімді қолданып, жартастан төмен домалатамын,Сені тып-типыл боп өртеніп кеткен тауға айналдырамын”,— дейді Ехоба. 26  “Жұрт сенен не бұрышқа, не іргетасқа қоятын тас алмайтын болады,Өйткені сен мәңгілікке қаңырап бос қаласың+”,— дейді Ехоба. 27  “Елде белгі орнатыңдар+,Халықтар арасында кернейлетіңдер. Бабылмен соғысуға халықтарды тағайындаңдар*. Арарат+, Минни, Ашкеназ+ патшалықтарын жинаңдар. Оған қарсы әскер жинайтын жауынгер сайлаңдар,Аттарды құжынаған жас шегірткедей қаптатыңдар. 28  Оған қарсы шығуға халықтарды,Мидия патшаларын+, оның билеушілері мен басқарушыларын,Олардың қол астындағы барлық елдерді тағайындаңдар*. 29  Жер сілкініп, дірілдесін,Өйткені Бабыл елін қаңыратып, адам шошырлық күйге түсіру үшін,Ехобаның Бабылға қарсы ойлағандары жүзеге асырылады+. 30  Бабылдың жауынгерлері соғысуды доғарып,Өз бекіністерінде отыр. Күш-қайраттары таусылған+. Олар әйел іспетті әлсіз болып қалған+. Үйлерге от қойылған. Есік ысырмалары сындырылған+. 31  Қаласының жан-жақтан басып алынып жатқанын айту үшін,Бабыл патшасына бір шабарманнан кейін екінші шабарман,Бір хабаршыдан кейін екінші хабаршы жүгіріп келеді+. 32  Олар өзен өткелдері жау қолына түскенін+,Қамыс қайықтар өртеніп кеткенін,Сарбаздардың үрейі ұшқанын патшаға жеткізбекші”. 33  Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: “Бабыл қызы астық бастыратын қырмандай. Оны таптайтын уақыт келді. Оған орақ салатын кез таяп қалды”. 34  “Бабыл патшасы Навуходоносор мені жалмап қойды+. Әбден абыр-сабырға түсірді. Ол мені бос ыдыстай етіп тастады. Абжылан сияқты жұтып қойды+. Қарнын бағалы мүліктеріммен толтырды. Мені сумен шайып, төгіп тастады. 35  —Маған және денеме зорлық-зомбылық көрсеткеніБабылдың өз басына түссін!— дейді Сионның тұрғыны+. —Қаным Халдей тұрғындарының мойнына жүктелсін!— дейді Иерусалим”. 36  Сондықтан да Ехоба мынаны айтады: “Мен ісіңді қарастырғанда, мүддеңді қорғап+,Сен үшін кек аламын+. Оның дариясын құрғатып, құдықтарын кептіріп тастаймын+. 37  Бабыл тас үйінділеріне+,Шибөрілердің мекеніне айналады+. Адам шошитын, таңғалып ысқыратын күйге түседі. Онда ешкім тұрмайтын болады+. 38  Олардың бәрі жас арыстандай ақырып,Арыстанның күшіктеріндей ырылдайтын болады”. 39  “Олар әбден қызған шақта, той-думан жасап, мас қыламын. Осылай шат-шадыман болады+. Содан олар мәңгі ұйқыға кетіп,Ешқашан оянбайды+,— дейді Ехоба. 40  —Мен оларды тоқтылардай,Қошқарлар мен текелердей бауыздауға әкелемін”. 41  “Шешақ* қалайша жау қолына түсті+! Жер бетіндегі халықтар мадақтаған қала қалайша басып алынды+! Бабыл қалайша халықтар шошынатын күйге түсті! 42  Бабылды теңіз суы басып қалды. Ол ұшы-қиыры жоқ толқындардың астында қалды. 43  Оның қалалары қорқынышты күйге түсті, сусыз жерге, шөл далаға айналды. Онда ешкім тұрмайды, ол жермен ешкім өтпейді+. 44  Мен Бабылдың тәңірі Белді+ жазалаймын,Жұтқандарын аузынан шығарамын+. Халықтар оған енді ағылып келмейтін болады,Бабылдың қабырғасы құлайды+. 45  Уа, халқым, оның ішінен шық+! Менің, Ехобаның, лаулаған қаһарыма+ ұшырамас үшін бассауғала+! 46  Ел ішінде тараған суық хабардан сескеніп, қорықпа. Бір жылы осындай хабар тараса,Келесі жылы мынадай хабар тарайды: Елде зорлық жайлап, билеуші билеушіге қарсы аттанады. 47  Міне, мен Бабылдың тәңір мүсіндеріне назар салып,Оларды жазалайтын күндер келе жатыр. Сонда Бабыл елі ұятқа қалады,Мерт болғандар ел ішінде шашылып жатады+. 48  Көк пен жер және ондағылардың бәріБабыл құлағанда, шаттанып қуанады+. Өйткені оған солтүстіктен қырып-жоюшы келеді+”,— дейді Ехоба. 49  “Бабыл Исраилді ғана қырғынға ұшыратқан жоқ+,Бабылда көптеген ұлттар да қырғынға ұшырады. 50  Семсерден құтылғандар, тоқтамаңдар, кетіңдер+. Алыс жерде Ехобаны еске алыңдар,Иерусалим жайлы ойлаңдар+”. 51  “Біз табалаған сөздер естіп, ұятқа қалдық,Масқара болып, жүзімізді көтере алмадық. Себебі бөтендер Ехобаның үйіндегі қасиетті орындарға баса-көктеп кірді+”. 52  “Міне, сондықтан мен Бабылдың тәңір мүсіндеріне назар салып,Оларды жазалайтын күндер келе жатыр. Сонда бүкіл елде жараланғандар ыңырсып жатады+”,— дейді Ехоба. 53  “Бабыл тіпті аспанға көтерілсе де+,Тіпті бекіністерін мықтап нығайтса да,Мен оған қырып-жоюшыларды жіберемін+”,— дейді Ехоба. 54  “Құлақ түріңдер! Бабылдан айқайдың+,Халдейлердің жерінен жойқын алапаттың үні естіледі+. 55  Өйткені Ехоба Бабылды қиратып жатыр,Оның зор дауысын өшіреді. Олардың толқыны тасқын судай гүрілдейді. Айғайлаған дауыстары естіледі. 56  Бабылға қырып-жоюшы келеді+,Оның сарбаздары тұтқындалып, садақтары сындырылады+. Өйткені Ехоба — тиісті жазасын беретін Құдай+. Ол міндетті түрде есесін қайтарады+. 57  Мен оның билеушілері мен данышпандарын,Әміршілерін, басқарушылары мен сарбаздарын мас қыламын+. Содан олар мәңгі ұйқыға кетіп,Ешқашан оянбайды+”,— дейді Патша,Есімі оның — Әскербасы Ехоба. 58  Әскербасы Ехоба мынаны айтады: “Бабылдың қабырғасы қанша қалың болса да, жермен-жексен болады+,Қақпалары қанша биік болса да, отқа оранады. Адамдардың еңбегі зая кетеді,Ұлттардың шаршап-шалдығып істегенін өрт жалмайды+”. 59  Яһуда патшасы Седекияның билік құруының төртінші жылы Махсеяхтың немересі, Нерияхтың ұлы+ Сераях Бабылға патшамен бірге барды. Сераях сарай басқарушысы болатын. Сонда Еремия пайғамбар оған нұсқау берді. 60  Еремия Бабылдың басына түсетін бар апатты, Бабылға қарсы айтылған осы сөздердің бәрін, бір шиыршыққа жазып қойды. 61  Сосын ол Сераяхқа былай деп тапсырды: “Бабылға келіп, қаланы көргенде, осы сөздердің бәрін дауыстап оқы. 62  Кейін: —Уа, Ехоба, осы орынның қиратылып, ешбір жан — адам да, мал да — қалмайтынын, сөйтіп, оның мәңгілікке қаңырап бос жататынын айттың+,— деп айт. 63  Осы шиыршықты оқып біткен соң, оған тас байлап, Евфраттың ортасына лақтырып жібер. 64  Бұдан соң: —Бабыл дәл осылай батып кетеді. Мен жіберген апаттан ол ешқашан бас көтермейді+, оның тұрғындары әбден қалжырап бітеді+,— деп айт”. Еремияның сөзі осы жерден аяқталады.

Сілтемелер

Мағынасы “маған қарсыласқандардың жүрегі”. Бұл Халдеяның құпия аты болса керек.
Мүмкін: “қорамсақтарыңды толтырыңдар”.
Немесе “буды”.
Мүмкін: “қақпаларды ашады”.
Немесе “рух”.
Сөзбе-сөз “Үлесі”.
Немесе “қасиетті етіңдер”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.
Немесе “қасиетті етіңдер”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.
Бабылдың құпия аты болса керек.