Еремия 8:1—22
8 “Сол уақытта,— дейді Ехоба,— Яһуда патшаларының, әміршілерінің, діни қызметкерлерінің, пайғамбарларының және Иерусалим тұрғындарының сүйектері қабірлерінен алынып,
2 тірі кездерінде жақсы көріп, құлшылық етіп, соңынан еріп, көмегіне жүгініп, бас иіп ғибадат еткен күннің, айдың, күллі аспан денелерінің алдына шашылып тасталады+. Оларды ешкім жинамайды да, қайтып жерлемейді де. Олар жер бетінде қи іспетті жатады+”.
3 “Мына зұлым әулеттен аман қалғандар өзім бытыратып жіберген жердің бәрінде тірі жүруден гөрі өлуді қалайтын болады”,— дейді Әскербасы Ехоба.
4 “Ал сен оларға Ехоба мынаны айтады де:
—Құлаған адам қайта тұрмай ма?
Біреу алған бетінен қайтса, басқасы да қайтпай ма?
5 Неге мына халық, Иерусалим, опасыздық жасауын қоймайды?
Қулық-сұмдыққа жабысып алып,Маған қайтып келуден бас тартады+.
6 Мен ден қойып, тыңдадым, бірақ айтқандары дұрыс емес.
“Мен не істеп қойдым?” деп, зұлымдығына өкініп жатқан бірде-бір адам жоқ+.
Шайқасқа тұра ұмтылған ат сияқты, әрқайсысы көпшілік ұстанған жолға қайта оралуда.
7 Тіпті аспандағы дегелек өз мерзімін біледі.
Кептер, қарлығаш пен торғай* да көшу мезгілін ұстанады.
Бірақ менің халқым Ехобаның соттайтын уақытын ұқпайды+.
8 Қалайша сендер: —Біз данышпанбыз, бізде Ехобаның заңы бар,— дейсіңдер?
Ал, шын мәнінде, көшірмешілердің* арам қаламы*+ тек өтірікті жазады.
9 Данышпандары ұятқа қалды+.
Олардың зәрелері ұшып, торға түседі.
Міне, олар Ехобаның сөзінен бас тартты.
Онда бұл неғылған даналық?
10 Олардың әйелдерін бөтендерге беремін,Танаптарын басқалар иемденеді+.
Өйткені үлкенінен кішісіне дейін арам пайда табады+.
Пайғамбарларынан діни қызметкерлеріне дейін арамзалық жасайды+.
11 Олар халқымның қызының жарақатын жеңіл-желпі емдемек болып:
“Тыныштық! Бейбітшілік!”— дейді.
Бірақ ешқандай тыныштық жоқ+.
12 Олар жеркенішті істеріне ұяла ма?
Жоқ, еш ұялмайды!
Тіпті ұялудың не екенін білмейді+!
Сондықтан олар құлағандармен бірге құлайды.
Жазаға тартқанымда, олар сүрінеді+,— дейді Ехоба.
13 Оларды жинап болған соң, көздерін құртамын,— дейді Ехоба.
Сонда жүзім бұтасында жүзім, інжір ағашында інжір қалмайды, жапырақтары қурап қалады.
Бергендерімнің бәрінен олар құралақан қалады”.
14 “Мына отырысымыз не?
Жиналып, бекіністі қалаларға барайық та+, сонда мерт болайық.
Ехоба Құдайымыз бізді құртпақ,Ол бізге уланған су ішкізді+,Өйткені Ехобаға қарсы күнә жасадық.
15 Тыныштық орнайды деп үміттеніп едік, бірақ еш жақсылық болмады.
Сауығатын уақытты күтіп едік, бірақ қорқыныш жайлады+!
16 Дан жерінен аттардың осқырынғаны естіледі,Айғырларының кісінегенінен бүкіл жер дірілдейді.
Олар ел мен ондағының бәрін,Қалалар мен оның тұрғындарын жалмап келеді”.
17 “Міне, мен араларыңа жыландар жіберемін,Бұл улы жыландар арбауға көнбейді,Олар сендерді міндетті түрде шағатын болады”,— дейді Ехоба.
18 Мен айықпас қайғыға баттым,Жүрегім сыздап ауырады.
19 Алыстан халқымның қызының:
“Ехоба Сионда емес пе?
Оның патшасы сол жерде емес пе?”— деп,Көмек сұрап айғайлаған даусы шығады.
“Олар неге мені қашалған мүсіндерімен,Түкке тұрғысыз бөтен құдайларымен қорлайды?”
20 “Орақ кезі бітті, жаз да өтті,Бірақ біз құтқарылмадық!”
21 Халқымның қызының құлағаны мені күйретті+,Менің еңсем түсті,Бойымды үрей биледі.
22 Ғалақатта шипамай* жоқ па еді+?
Әлде сол жерде дәрігер жоқ па еді+?
Онда неге халқымның қызы айықпай-ақ қойды+?
Сілтемелер
^ Мүмкін: “тырна”.
^ Немесе “хатшы”.
^ Бұл ұшталған қамыс таяқша болса керек.
^ Немесе “бальзам”.