Ефестіктерге 3:1—21
3 Сондықтан мен, Пауыл, басқа ұлттық сендердің игіліктерің үшін және Мәсіх Иса үшін тұтқында отырмын+...*
2 Өздерің естігендей, Құдайдың рақымын басқару ісі+ сендердің игіліктерің үшін маған тапсырылды
3 және алдында қысқаша жазып өткенімдей, маған қасиетті құпия ашылды.
4 Соны оқығанда, Мәсіх жайлы қасиетті құпияны+ түсінетінімді ұғасыңдар.
5 Құдай бұл құпияны өз рухы арқылы қасиетті елшілері мен пайғамбарларына қазір анық ашып отырғанындай+ өткен ұрпақтарға анық ашпаған еді.
6 Бұл құпияның мәні мынау: Мәсіх Исамен бірліктегі басқа ұлттар да Мәсіхпен мұрагер әрі бір дененің мүшесі болады+, сондай-ақ біз сияқты ізгі хабар арқылы Құдайдың уәдесінің игілігін көреді.
7 Құдай өз құдіретін көрсетіп, рақымын сый ретінде бергенінің арқасында мен осы құпияның қызметшісі болдым+.
8 Бұл рақым+ күллі қасиеттілердің арасындағы ең кішісінен де кіші маған+ басқа ұлттарға Мәсіхтің шексіз зор байлығы туралы ізгі хабарды жариялауым үшін
9 және барлығын жаратқан Құдай ерте заманнан өзінде сақтап келген қасиетті құпияның+ қалай басқарылып жатқанын жұртқа жеткізуім үшін көрсетілді.
10 Бұның себебі — қауым арқылы+ көктегі үкіметтер мен биліктерге енді Құдай даналығының әр алуан қырының ашылуы+.
11 Бұл оның Иеміз Мәсіх Исаға қатысты ойластырған мәңгілік ниетіне сай келеді+.
12 Мәсіхтің арқасында осылай еркін сөйлей аламыз, әрі оған сенгендіктен, Құдайға сенімділікпен жақындауға жол ашылды+.
13 Сондықтан өздерің үшін көріп жатқан азаптарыма бола жігерлеріңді жасытпауларыңды өтінемін, өйткені бұл сендерді мадаққа бөлейді+.
14 Сол себепті мен тізе бүгіп, Әкенің алдында,
15 ал көк пен жердегі әрбір отбасы өз есімі үшін соған борышты,
16 мынаны сұраймын: ол өзінің көл-көсір ұлылығына сай, рухы арқылы құдіретімен жан дүниелеріңді нығайтса екен+,
17 араларыңдағы сүйіспеншілікпен қатар, сенімдерің арқылы Мәсіх жүректеріңнен орын алса+ екен және сенімге терең тамыр жайып+, негіздеріңде берік тұрсаңдар екен+.
18 Сонда күллі қасиеттілермен бірге шындықтың ұзындығы мен енін, биіктігі мен тереңдігін толық ұға аласыңдар
19 және бойларыңа Құдайдың қасиеттері толықтай дару үшін, білімнен әлдеқайда жоғары Мәсіхтің сүйіспеншілігін+ танып-білесіңдер.
20 Бойымызда әрекет етіп жатқан күші+ арқылы Құдай біз сұраған не ойлаған нәрселердің бәрінен әлдеқайда көп нәрсе істей алады+.
21 Ол қауым арқылы және Мәсіх Иса арқылы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі бақи даңқтала берсін! Аумин.
Сілтемелер
^ Үзілген ой 14-тармақта жалғасатын болу керек.