Ешуа 1:1—18

  • Ехобаның Ешуаны жігерлендіруі (1—9)

    • Заңды күбірлеп оқу (8)

  • Иорданнан өтуге дайындық (10—18)

1  Ехобаның* қызметшісі Мұса қайтыс болған соң, оның көмекшісі+ Нұн ұлы Ешуаға*+ Ехоба былай деді:  “Қызметшім Мұса қайтыс болды+. Енді орныңнан тұр да, өзің де, бүкіл халық та Иордан өзенінен өтіп, мен сендерге, Исраил халқына, беріп отырған жерге барыңдар+.  Мұсаға уәде еткенімдей, аяқтарың басқан жердің бәрін сендерге беремін+.  Шөл даладан Ливанға және ұлы өзен Евфратқа дейін, яғни бүкіл хеттіктердің жерін+, сондай-ақ күнбатыстағы Ұлы теңізге* дейінгі жерді сендерге беремін+.  Көзіңнің тірісінде ешкім саған қарсы тұра алмайды+. Мұсаға жар болғанымдай, саған да әрқашан жар боламын+. Сені ешқашан қалдырмаймын да, тастамаймын да+.  Батыл да берік бол+! Ата-бабаларына беремін деп ант еткен жерді+ халқым мұра ету үшін, сен оларды бастап алып жүресің.  Тек батыл да берік бол! Қызметшім Мұса өзіңе тапсырған Заңның бәрін мұқият орында. Қайда жүрсең де ақылмен әрекет ету үшін+ осы Заңнан оңға да, солға да ауытқыма+.  Осы Заң кітабындағы сөздерді аузыңнан тастама+, әрі мұқият орындау үшін күндіз-түні соларды күбірлеп оқы*+. Сонда әрқашан жемісті болып, даналықпен әрекет етесің+.  Мен саған батыл да берік бол деп тағы да бұйырамын! Еш қорықпа, шошыма да, өйткені қайда барсаң да, мен, Құдайың Ехоба, саған жар боламын+”. 10  Сонда Ешуа халық басқарушыларына былай деді: 11  “Қосты аралап шығып, жұртқа мынаны айтыңдар: —Жолға азық-түлік жинаңдар, себебі үш күннен кейін Иорданнан өтіп, Құдайларың Ехоба беріп отырған жерді иеленуге барасыңдар+”. 12  Ал рубен, ғад руларына және манаса руының жартысына Ешуа былай деді: 13  “Ехобаның қызметшісі Мұсаның мына бұйрығын ұмытпаңдар+: —Құдайларың Ехоба сендерге тыныштық сыйлап отыр, әрі мына жерді меншіктеріңе берді. 14  Әйелдерің, балаларың мен малдарың Иорданның осы бетіндегі* Мұса өздеріңе берген жерде қалсын+. Ал мықты сарбаздарың+ бауырларына көмектесу үшін, сап түзеп алдарында жүріп, өзеннің арғы бетіне өтсін+. 15  Ехоба өздеріңе тыныштық сыйлағандай, бауырларыңа да тыныштық сыйлағанша, әрі Құдайларың Ехоба беріп отырған жерді иелігіне алғанша, оларға көмектесіңдер. Содан кейін Ехобаның қызметшісі Мұса өздеріңе қоныс ретінде берген Иорданның күншығыс жағындағы жерге оралып, оны иеленіңдер+”. 16  Олар Ешуаға былай деп жауап берді: “Сен не бұйырсаң, бәрін орындаймыз, қайда бар десең, сонда барамыз+. 17  Мұсаны тыңдағанымыздай, сені де тыңдаймыз. Тек Ехоба Құдай Мұсаға жар болғанындай, саған да жар болсын+. 18  Сенің нұсқауыңа қарсы шығатын, бұйрықтарыңды орындамайтын кез келген адам өлім құшады+. Тек батыл да берік бол+!”

Сілтемелер

Немесе “Ехошуа”. Мағынасы “Ехоба — Құтқарушы”.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Яғни Жерорта теңізі.
Немесе “солар жөнінде ой жүгірт”.
Яғни Иорданның шығысындағы.