Ешуа 10:1—43

  • Исраилдің Гибеонды қорғауы (1—7)

  • Ехобаның Исраил үшін шайқасуы (8—15)

    • Қашқан жаудың үлкен бұршақ астында қалуы (11)

    • Күннің тоқтап тұруы (12—14)

  • Шабуылдаған бес патшаның өлтірілуі (16—28)

  • Оңтүстіктегі қалаларды басып алу (29—43)

10  Иерусалим патшасы Адониседек Ешуаның Гайды басып алып, жойып жібергенін, Иерихон мен оның патшасына не істесе+, Гай мен оның патшасына да соны істегенін естігенде+, сондай-ақ гибеондықтардың Исраилмен бітім жасасып+, солардың арасында тұрып жатқанын естігенде,  қатты қорықты+. Себебі Гибеон қаласы патша қалаларындай үлкен қала еді. Ол Гайдан+ да үлкен болатын, ал ер-азаматтары мықты сарбаздар еді.  Сондықтан Иерусалим патшасы Адониседек Хеброн+ патшасы Хохамға, Ярмұт патшасы Пирамға, Лахиш патшасы Япияға, Еглон патшасы Дебирге+:  “Маған көмекке келіңдер. Гибеонды жаулап алайық, өйткені олар Ешуамен және исраилдіктермен бітім жасасыпты+”,— деген хабар жіберді.  Сөйтіп, аморлықтардың+ бес патшасы, яғни Иерусалим, Хеброн, Ярмұт, Лахиш және Еглон патшасы, әскерлерін біріктіріп, бас қосты. Олар гибеондықтармен соғысуға аттанып, қалаға қарсы қос тікті.  Гибеон тұрғындары Ғылғалдағы қосқа+, Ешуаға, мынадай хабар жіберді: “Құлдарыңызды қалдыра көрмеңіз+! Тезірек жетіңіз! Бізге қол ұшын беріп, құтқара көріңіз! Өйткені таулы өңірдегі аморлықтардың күллі патшалары бірігіп, бізге қарсы аттанды”.  Мұны естіген Ешуа бар әскері мен мықты сарбаздарын ертіп, Ғылғалдан жолға шықты+.  Сонда Ехоба оған: “Қорықпа+, мен оларды сенің қолыңа бердім+. Бірде-біреуі саған төтеп бере алмайды”,— деді+.  Ғылғалдан шыққан Ешуа түнімен жүріп отырып, оларға тұтқиылдан тиді. 10  Ехоба оларды исраилдіктердің алдында әбігерге түсірді+. Сөйтіп, исраилдіктер оларға Гибеонда қатты соққы берді де, Бет-Хоронға көтерілетін жолмен қуа отырып, Әзек пен Македке дейін қырды. 11  Олар Бет-Хоронмен ылдилап қашып бара жатқанда, Ехоба аспаннан үлкен-үлкен бұршақ жауғызып, Әзекке дейін біразын қырды. Исраилдіктердің семсерінен гөрі бұршақ астында қалып өлгендер көп болды. 12  Ехоба аморлықтарды исраилдіктердің қолына берген күні Ешуа Исраилдің көз алдында Ехобаға былай деді: “Күн, Гибеонның+ үстінде кідіре тұр+!Ай, Аялон аңғарының үстінде тоқтай тұр!” 13  Сонда халық жауларынан кек алмайынша, күн тоқтап тұрды, ай да орнынан жылжымады. Бұл жайында Яшар кітабында+ жазылған емес пе? Күн ұясына кіруге асықпай, күнұзаққа аспанда тұрды. 14  Бұған дейін де, бұдан кейін де Ехоба пенденің сөзіне тап осылай құлақ асқан емес+, себебі Исраил үшін Ехобаның өзі шайқасып жатты+. 15  Содан соң Ешуа бүкіл исраилдіктермен бірге Ғылғалдағы қосқа+ оралды. 16  Ал әлгі бес патша қашып кетіп, Македтегі үңгірде жасырынып жатты+. 17  Ешуаға: “Бес патша табылды, олар Македтегі үңгірде жасырынып жатыр”,— деген хабар жетті+. 18  Сонда ол былай деп тапсырды: “Үлкен тастар домалатып апарып, үңгірдің аузын бекітіңдер де, алдына күзет қойыңдар. 19  Ал өздерің тоқтамаңдар. Жауларыңды өкшелей қуып, қырыңдар+. Қалаларына кіріп, бекініп алуларына жол бермеңдер, себебі Құдайларың Ехоба оларды қолдарыңа беріп отыр”. 20  Ешуа мен исраилдіктер жау әскеріне қатты соққы беріп, жайратып салды. Қашып кетіп, бекіністі қалаларға кіріп алған бірен-сараны ғана аман қалды. 21  Бұдан соң күллі халық аман-есен Макед қаласындағы қосқа, Ешуаға оралды. Исраилдіктерге ләм деп ауыз ашуға ешкімнің дәті бармады. 22  Ешуа адамдарына: “Үңгірдің аузын ашып, әлгі бес патшаны маған әкеліңдер”,— деп тапсырды. 23  Содан олар бес патшаны — Иерусалим, Хеброн, Ярмұт, Лахиш және Еглон патшасын+ — үңгірден шығарып әкелді. 24  Олар алдына әкелінгенде, Ешуа исраилдіктердің бәрін шақырып, өзімен бірге жорыққа шыққан қолбасшыларға: “Бері келіп, аяқтарыңмен мына патшалардың желкелерін басыңдар”,— деді. Қолбасшылар келіп, олардың желкелерін басты+. 25  Сонда Ешуа: “Еш қорықпаңдар, үрейге де берілмеңдер+! Батыл да берік болыңдар, өйткені шайқасып жатқан жауларыңның бәріне Ехоба осылай етеді+”,— деп қосты. 26  Сосын ол әлгі патшаларды өлтіріп, бес бөренеге* іліп қойды. Олар бөренеде кешке дейін ілініп тұрды. 27  Күн батарда Ешуаның нұсқауымен мәйіттерді бөренелерден түсіріп+, өздері жасырынған үңгірге тастады да, аузына үлкен тастар үйіп қойды. Бұл тастар әлі күнге дейін сонда жатыр. 28  Ешуа Македті жаулап алып+, халқын семсермен өлтірді. Оның патшасы мен барлық тұрғындарын жойып жіберді+. Ол Иерихон патшасына не істесе, Макед патшасына да соны істеді+. 29  Бұдан соң Ешуа күллі Исраилмен бірге Макед қаласынан Либнаға аттанып, онымен шайқасты+. 30  Ехоба оны да патшасымен қоса+, Исраилдің қолына берді. Исраилдіктер қала мен күллі тұрғындарын семсермен қырып-жойды. Бірде-бір адамды қалдырмады. Олар Иерихон патшасына не істесе+, Либна патшасына да соны істеді. 31  Сосын Ешуа күллі исраилдіктермен бірге Либнадан Лахишке+ аттанды да, сонда қос тігіп, онымен шайқасты. 32  Ехоба Лахишті исраилдіктердің қолына бергендіктен, олар қаланы екінші күні жаулап алды. Сөйтіп, қала мен күллі тұрғындарын семсермен қырып-жойды+. Осылайша Либнаға не істесе, оған да соны істеді. 33  Гезер+ патшасы Хорам Лахишке көмекке келген еді. Бірақ Ешуа оның өзін өлтіріп, халқын да бірде-бірі қалмайынша қырды. 34  Бұдан кейін Ешуа күллі Исраилмен бірге Лахиштен Еглонға+ аттанды да, сонда қос тігіп, онымен шайқасты. 35  Олар қаланы сол күні жаулап алып, семсермен қырып-жойды. Сол күні қаладағылардың бірін қалдырмай қырып, Лахишке не істесе, оған да соны істеді+. 36  Бұдан кейін Ешуа күллі Исраилмен бірге Еглоннан Хебронға+ аттанып, онымен шайқасты. 37  Қаланы басып алған соң, қаланың өзін де, патшасын да, қарамағындағы қалашықтарды да жойды. Ондағылардың бірін қалдырмай семсермен өлтіріп, Еглонға не істесе, оған да соны істеді. Осылай қаланы күллі тұрғындарымен бірге жойып жіберді. 38  Ақырында Ешуа күллі Исраилмен бірге Дебирге+ аттанып, онымен шайқасты. 39  Ол қаланы да, патшасын да, қарамағындағы қалашықтарды да жаулап алды. Ондағыларды семсермен өлтіріп+, бірде-бір адам қалдырмай бәрін жойып жіберді+. Ол Хебронға және Либна мен оның патшасына не істесе, Дебир мен оның патшасына да соны істеді. 40  Осылай Ешуа таулы өңірдің бәрін — Негевті, Шефеланы+, бөктерлерді — басып алып, патшаларының бәрін өлтірді, ешкімді аман қалдырмады. Исраил Құдайы Ехоба бұйырғандай, кеудесінде жаны бардың бәрін жойып жіберді+. 41  Ешуа Қадеш-Барнидан+ Газаға+ дейін, сондай-ақ бүкіл Гөшен жері+ мен Гибеонға дейінгі күллі жерді жаулап алды+. 42  Ол бір шыққан жорығында осы патшалардың бәрін жеңіп, жерлерін басып алды, себебі Исраил үшін Құдайлары Ехоба шайқасты+. 43  Бұдан кейін Ешуа күллі Исраилмен бірге Ғылғалдағы қосқа оралды+.

Сілтемелер

Немесе “ағашқа”.